7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятие 'Мәңгілік ел'

Вне классное мероприятие 'Мәңгілік ел'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мәңгілік Ел

Мақсаты: Өз елінің тарихын білумен қатар, құрметтеуге, қазақ елін қалыптастыруда ерекше тұлғалар еңбегін жоғары бағалауға, төл тарихының құндылықтарын білуге ұлтжандылыққа, тілін құрметтеуге, елін жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: әдеби-сазды кеш

Әуен: ТӨРТ АНА Жүргізуші 1: Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайында: "Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтап қалған халық" - деп атап өткен еді.

Жүргізуші 2:

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Жүргізуші:2 «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей - берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

Жүргізуші2: Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді. НКВД түрмесінде азап шегіп, туған халқының азаттығы жолында атылып кетті. Жандары жәннатта, тәндері рахатта болып, пейіште нұры шалқығай Алаштың осы сайдың тасындай аяулы арыстарының!

1 оқушы:

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,

Елі үшін жорық жасап жан кешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.


2 оқушы:

Отыз жеті! Есік бұзар кез кірді,

"Халық жауы!"-естімедік өзге үнді.

Бірінен соң бірі атылған боздақтар,

Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.


3 оқушы:

Бастады орыс, тұрды қатар

Сапқа батыр бауырлары.

Ер грузин, кекшіл татар,

Қайсар қазақ ауылдағы.

Даңқты елдің батырлары,

Қағысқанның құртпақ бәрін.

Біз жеңеміз, біз жоямыз,

Өңшең сұмның ұрпақтарын.


4- оқушы:

Нашақор" деп, "Ұлтшыл" деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Озбырлық күштен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер-Қайрат қыршын кеткен күн.


1-жүргізуші: Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ - 1986-жылдың қаралы да жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың өрімдей қыздары мен жігіттері.

Көрініс: (Д.Досжанов. "Алаң")


Тергеуші: Ал бала ерте бастан ескертіп қояйын.Мен не айтсам соны мақұлдап қол қойып бересің.Бұл бір.Ереуілге қатысқан көз таныс,сырт таныс білетін балалардың бәрін тізіп жазып бересің.Бұл екі. Ұқтың ба?

Қ.Рысқұлбеков үндемейді.

Тергеуші:Өз елімізді өзіміз басқаратын құққа жетейік деп ұран көтеріп ,желпілдеп алаңға шыққандарың рас па?

Қайрат: Рас.

Тергеуші: Астанада пәтер іздеп қаңғып жүрген, жұмыс таба алмай ,өз жерінде қажетсіз қоқыс болып теперіш көрген қазақ жастары дедіңдер ме?

Қайрат: Дедік.

Тергеуші: Үкімет басшысы қазақ болсын деп қыр көрсеттіңдер ме?

Қайрат: көрсеттік.

Тергеуші: Мә,саған ұран көтерген.Мә,саған қыр көрсеткен.(ұрады).Үкімет басшылығына таласатын сен кім едің,басыңды алып жүре алмай,өле алмай жүріп.Қол қой мына қағазға!

Қайрат: Ол қағазға қол қоя алмаймын.

Тергеуші: Неге қол қоймайсың?


Қайрат: мені алаңға шық деп ешкім үгіттеген жоқ.Қазақ қыздарын шашынан сүйреп,таяқтап сабап жатыр деген хабарды естіген соң жатаханада шыдай алмай үкімет үйінің алдына өзім бардым.

Дауыс: Қ.Рысқұлбеков 1987 жылы 1 қаңтарда ұсталып,1987 жылы 16 маусымда ату жазасына кесілді.Кейін оған кешірім жасалып,жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.

1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелініп,21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

Қайрат: Мен нетермін,не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін. Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым
Мойныма алып жаланы
Мен болайын құрбаның.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін,не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген, қош бол таңдарым.
Көре алмай мен өтермін.


Жүргізуші 2:
- Түскі кез болатын. Есіктің алды «қызыл жағалы» адамдарға толып кетті. Қолдарында екі қағаз бар: бірінде «қыздарыңыз нашар» делінген; екіншісінде «қыздарыңыз қайтыс болды» деп жазылған.


оқушы: С.Мұқамеджанованы анасының жоқтауы:

Төгілді ме қан бекер

Қиылды ма жан бекер

Қазаққа да еркіндік

Тиетін күн бар ма екен?!

Айналайын Сәбирам

Адал жанға ары иман.

Не айтсам екен далаңа

Ылайықсыз далиған.

Айналайын Сәбирам

Адал жанға ары иман.

Не айтсам екен халқыңа

Даласындай далиған.

Көз жасым мынау парлаған

Қызыл тілім зарлаған

Жалынып медет сұрайын,

Жәрдем ет деп Алладан.

Айналайын құдайым

Тыныштық бер еліме

Ғұмыр бергін жасыма

Енді қайғы төндірме

Қартайғанда басыма!

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік сөзі

Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да

Еліме тәуелсіздік келіп жетті

Мың жылдық күрестердің арқасында.


Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.


Тәуелсіздік он бір әріп құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

Тәуелсіздік-қасиетті ұғым бұл,

Ей,келешек, жан-тәніңмен ұғын біл!

1-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

1-жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді

Орыс, қазақ, неміс, татар-бар ұлтым,

Кең аймақты, қазыналы туған жер.

Ақ көңілді ашық жарқын ел жұртым,

Құшағыңа қиыншылық алған жер.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз! Бақытты күнімен.


Қазақстан - Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.


Қазақстан - Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!


Алтай Жайық арасы -

Жарты әлемдей даласы

Ол - біздің Қазқстан!

Кенге толы койнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол - біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған

Тәтті күй мен кәусәр үн!

Ол - біздің Қазақстан!


Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!-


Әуен (Қазақстан)


Ән: Нейл

Мүғалімнің қорытынды сөзі:

Осынау тарихы бар біздің еліміздің қазіргі таңда әлем елдерімен керегесі кең, терезесі тең. Елбасымыз өзінің жолдауында айтып кеткендей, Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтатын да, ең абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер. Сондықтан да әрбір күндерініз мерекелі, әрбір істеріңіз берекелі болсын.




Астана қаласы Білім басқармасы

№25 орта мектеп












Сыныптан тыс жұмыс


Мәңгілік ел










Дайындаған:

тәрбие ісінің орынбасары: Оспанова Г.А.







2015 жыл




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал