- Учителю
- Тестовое задание по казахскому языку (6 класс)
Тестовое задание по казахскому языку (6 класс)
. Тест
-
Буын түрлері нешеге бөлінеді?
А. 5
Ә. 4
Б. 2
В. 3
-
Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар.
А. досым, құрбым
Ә. әкемін. шешемін
Б. бала, ұшқыш
В. мұғалімге, дәрігерге
-
От-ба-сы сөзіндегі буын түрін ажыратыңдар.
А. ашық буын, бітеу буын
Ә. тұйық буын, ашық буын
Б. бітеу буын, ашық буын
В. тұйық буын, бітеу буын
-
Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түседі?
А. бірінші буынға
Ә. соңғы буынға
Б. тұйық буынға
В. екпін болмайды
-
Сапалық сын есімді тап.
А. кешкі, өнерлі
Ә. ақылды, сенімді
Б. әдемі, үлкен
В. әдепті, әдет
-
Тез, ақырын, балаша үстеулері қандай үстеу түріне жатады?
А. мекен
Ә. мақсат
Б. мезгіл
В. қимыл-сын
-
Қатыстық-сын есімді тап.
А. мейірімді
Ә. адал
Б. озат
В. алыс
-
Қай сөздер тасымалдауға жатпайды?
А. адам, киім, ауыл
Ә. сапар, жолдас, қалам
Б. ана, аяқ, төрт
В. бата, жақсы, арман
-
Дос қандай болу керек?
А. сенімді
Ә. ашушаң
Б. өтірікші
В. жақсы
-
Жіңішке буынды сөзді тап.
А. есепшот
Ә. білімді
Б. аурухана
В. қарындаш
-
Мекен үстеуді тап.
А. жоғары
Ә. жазда
Б. кеше
В. бүгін
-
Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын ата.
А. -рақ, -ырақ, -лау, -леу
Ә. -ып, -іп, -н
Б. -ыншы, -інші
В. -ау, еу
-
Бата дегеніміз не?
А. жаман сөз
Ә. ақыл, кеңес
Б. игі тілек, алғыс
В. пікір, ұсыныс
-
Сыйлық алғанда неге мән беру керек?
А. ренжіп алу керек
Ә. үндемей беру керек
Б. күлімдеп беру керек
В. рақмет айтпау керек
-
Ілгерінді ықпалға жататын сөзді тап.
А. Көрікбай
Ә. кек алу
Б. әжеме
В. табиғат
-
Кейінді ықпалға жататын сөзді тап.
А. қаламы
Ә. дәптері
Б. айнасы
В. кітабы
-
Бала дәулетті болсын деп қандай ат қойған?
А. Дәулет
Ә. Мыңжасар
Б. Ақылбек
В. Жомарт
-
Буын үндестігі - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі. Дұрыс па?
А. ия
Ә. жоқ
-
Ең алғаш теңге қайда басылып шықты?
А. Англияда
Ә. Алматыда
Б. Түркістанда
В. Таразда
-
Барыс септігінің жалғауын тап.
А. - ның, -нің, -дың, -дің
Ә. - мен, -пен,-бен
Б. -ға, -ге, -қа, -ке
В. -да, -де, -та, -те
-
Жастық, жүрек сөздеріне табыс септігінің жалғауын жалға.
А. -қа, -ке
Ә. -та, -те
Б. -тан, -тен
В. -ты, -ті
-
Еңбекпен тапқан не тәтті?
А. нан
Ә. жан
Б. дос
В. кәмпит
-
Адам бойын сипаттайтын сөзді табыңдар.
А. орташа, ұзын
Ә. қыр, тіке
Б. пұшық, жазық
В. ақсары, кең
-
Білімді, еңбекқор қандай сын есімдер?
А. қатыстық
Ә. сапалық
Б. негізгі
В. салыстырмалы
-
Нұрын төккен маған
Шуағымсың - сен!
Айналайын, ана,
Туған күніңмен! Кімнің өлеңі?
А. М. Шаханов
Ә. Ә. Тәжібаев
Б. М. Мақатаев
В. Қ. Мырза Әли