7


  • Учителю
  • Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Автокранның жұмыс жабдықтары

Жұмыс жабдықтарының құрамына жебелік, мұнаралы-жебелік және жүк қармауыш түрлері (аспалы ілмек) кіреді. Жүк қармаушы құралдары оның құрамына жатпайды, олар кәсіпорындарда, құрылыс мекемелерінде дайындалады.

Автокран көлігінің болат арқандары

Автокран көлігінің болат арқандары қозғалысты жүкарбадан жүкке немесе жебеге беретін тартушы күш және әр түрлі жағдайда созылатын автокран көлігінің жұмыс жабдығы , т.б. ретінде қолданылады.

Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

1-сурет. Алты қырлы болат арқандардың құрылымы:

а) біржақты б) айқасқан в) қалыпты г) біріктірілген;

1-өрілген арқандар; 2-сым; 3-білік



1-cуретте әрқайсысы болат сымдардан тұратын өрілген болат арқандар. 2-cуретте өрілген болат сымдардан гөрі жұмсағырақ болатын өрімдерден тұрады.

1-суретте арқандар біржақты және айқасқан болып келеді. Барлық өрімдері бір бағытқа бағытталған, майысқақ болғандықтан тозуға төзімді, яғни аз желінеді. Алайда да жүк көтеру кезінде жеңіл айналады. Арқанның айқасқан түрінде сымның бағыты керісінше орналасады, ондай арқандар жүк көтеру кезінде аз айналады.

Арқан өрімдері бір (қалыпты) немесе әртүрлі (біріктірілген) диаметрлі қабаттардан тұрады. Соңғы шыққан түрі өте қатты, әрі көпке төзімді.

Арқандардың қабаттарында сымдар өзара бір-бірімен жанасып тұрады. Жансауына қарай арқандардың: нүктелі жанасу - НЖ, сызықтық жанасу - СЖ және нүктелі-сызықтық жанасу - НСЖ деген үш түрі болады.

Арқан дайындау кезінде сымдар өрімнің бөлек қабатындағы бір диаметрлі, өрімнің жоғарғы қабатындағы әртүрлі екі диаметрлі және бөлек қабатындағы әртүрлі-бір диаметрлі түрі алынады.

Автокран көлігінде сызықтық жанасудан тұратын екі қабатты болат арқан қолданылады. Көбінесе 6*37+1 о.с. ТЛК-О түріндегі арқан пайдаланылады. Ондай арқандардың тозуы аз және ЛK-P салыстырғанда, төзімділігі төмен болып келеді. ТК түріндегі арқандар тек автокран көлігінің басқару жүйесінде ғана орналасқан. Одан басқа болат арқандар айналатын және айналмайтын болып бөлінеді, соңғы уақытта ол ілмекпен жүкті жоғары көтеру кезінде қолданылады.

Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

2-сурет. Арқанды конусты төлкеде сынамен (а) және құю әдісі (б) арқылы бекіту.

1-төлке сырты, 2-сына, 3-арқан, 4-орам.



Өзіне қарағанда, арқанды бекіту жұмысына көп күш жұмсалады. Арқанды бекіту жұмыстарының жеткіліксіз орындалуы үлкен апат, тіпті адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Көбіне арқанды конусты төлкеде сынамен бекіту(104-сурет, а)әдісі кең таралған. Тесіктің кең жағынан шығатын арқанның ілмектерін болат және шойын сынамен тығындайды және оны арқанмен тартады. Арқан осы кезде сыртқы қабаты мен сынаның арасындағы жоғарғы қабатында сығылады.

Тесік ортасы арқылы арқан бұтағының жұмыс осі (104-сурет, І) өтетіндей етіп арқанды бекіту керек, әйтпесе арқан майысып үзілуі мүмкін. Арқанның екінші ұшы сыртына қарай 10-12диаметр (104-сурет, ІІ) көлеміне дейін босатылуы керек немесе 104,111-суреттерде көрсетілгендей етіп жасалуы керек. Осындай арқанды бекіту әдісі оңай бөлшектеуге септігін тигізеді. Егер де диаметрі кең көлемде болса, нашар майысады.

Үлкен диаметрлі арқандар конусты төлкеде құю әдісімен бекиді (104, б-сурет). Төлке тесігіндегі жақтары тар болып келетін бұрандалы арқанның ұшы төлкеден шығаратын жерде арқанды алдын-ала байлап отырып, бөлек-бөлек сымдарға тарайды. Сосын арқандағы кендір біліктер қиып алынып, пайда болған шашақ төлкенің ішінде созылады. Төлкенің ішкі беті тұзды қышқылмен өңделіп, төлкеге баббит немесе жапсыруға арналған қорытпа құйылады , ал ерекше жауапты жағдайларда қорғасын немесе мырыш құйылады. Сол сияқты ұзартылған жебені ұстап тұратын үлкен диаметрлі арқан-тұтастырғышты бекітеді. Бұл әдіс тиімді әрі сенімдірек болса да, кемшілігіде бар: олар байланыстың үзілуі және күрделі құрылымы болып табылады.

Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

3-сурет. Арқанның ұштарын коушқа бекіту. А - бекітудің жалпы түрі, б - коуш, в,г - қарапайым және мүйізді бұрандалы қысу; 1 - коуш, 2 - арқан, 3 - орам, 4 - қысу.



3, а-суретте арқанның коушта орамамен бекітілгені және бұрандамен қысылғаны көрсетілген. 105, б-суретте бекіту коушы арқанның ілмегін жырашақтың сыртқы жоғында болады.

Бірінші жағдайда (3, І) ұзындығында кендір білікті арқанның ұшын өрімдерге тарқатады, кендір білікті m ұзындығында қиып алады, сосын арқан ілмектерінің коушын қатты тартып байлай отырып, арқанның тарқалған ұштарын арнайы құралдарды қолдану арқылы қосақтап өреді.

Әр өрімнің соңғы тесігі өрілген сымдардың жартысын ғана іске асырады. Арқанның әр өрімдеріндегі тесік саны арқанның диаметріне (мм) байланысты: 15 - 4, 15 - 28 - 5, 28 - 60 - 6 тесікке дейін барлығында емес, тек жартысында ғана орындауға болады.

Өрімдер негізгі шеңберге дейін жетуі және ұзына бойы жұмсақ сымдардан жасалған тығыз орама болуы тиіс. Өрімнің m бөлігінің ұзындығы арқан ұзындығының 20-25 диаметрінен кем болмауы тиіс. Бұл түрінің бекіту сенімділігі өрімдер мен орамалардың орындау сапасына байланысты болады.

Екінші жағдайда (3, II) коуштың жырашығына арқанның ұшы орнатылғаннан кейін тартып қысылады. Онда мүйізді немесе қарапайым қысу (105, в-сурет) құралы қолданылады. Қысым саны арқанның диаметріне тәуелді: 16 -3, 16,5 - 27 - 4, 27,5 - 37 - 5 дейін және 37 - 6 жоғары қысым болады. Мұнда n қысым мен арқанның жұмыс істемеген жағдайдағы n1 ұшының арақашықтығы арқанның алты диаметрінен кем болмауы тиіс.

Барлық гайканы ілмектері арқанның ұшында орналасады. Қысым гайкаларын (сомындарын) созғаннан кейін қысылған арқандардың жалпы өлшемдері 0,6 көлемінде екі есе номиналдық диаметрге дейін ұлғайған кезде бекіту жұмысы қалыпты болып саналады. Ілмектің мықтылығы жүк көтеру кезінде тексеріледі. Одан кейін қосымша бекіту гайкалары (сомындары) көрсетілген өлшемге созылады. Арқанның бос ұшы міндетті түрде арқанның екі диаметрінен кем емес мөлшерде болып, жұмыс тарамдарында жұмсақ сымдармен оралады.

Автокран көлігінің болат арқандары атты баяндама

4-сурет. Арқан ұштарын жүкшығыр барабанында бір және екі сынамен (Сыналар: 1 - арқан, 2 - сыналар, 3 - барабан) бекіту.

Сыналар: 1 - арқан, 2 - сыналар, 3 - барабан.



Жүкшығыр барабанындағы (атанақ) арқан ұштары бір немесе екі сынамен (арқан диаметрі 16мм және одан көп) бекітіледі (4, а-сурет). Конусты төлкеде сынамен бекітілу сияқты арқан ұштары барабанда да орындалып, тартылған жіңішке тесікте сынамен бекітіледі. Арқан екі сынамен (4, б-сурет) бекітілу үшін барабан денесінде екі тесік жасалған. Арқан ұштары екі тесік арқылы өтіп, алдымен арқанның ұштарына жақын тесік бітеліп, сосын сынамен арқан тартылады. Ал егер керісінше, арқан тартылып, кейін тесік бекітілетін болса, онда сына аралығы әлсіреп, арқан тек қана бір сынамен ұсталып тұрады және бекіту мықтылығы екі есе төмендейді.

Арқан ұштары барабанға бұрандалар арқылы бекітіледі. Бұрандамен бекітудің қысыммен бекітуден айырмашылығы бұранданың көмегімен барабанды бағындыру кезінде байқалады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал