7


  • Учителю
  • Директор Электротехнического колледжа Сарпеков .Т.

Директор Электротехнического колледжа Сарпеков .Т.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Игі істің басына -жақсы келер қасына»

Қазақ халқының осынау даналық сөзінде терең мән жатқаны баршаға аян, осы орайда тәрбиелік мәні зор нақыл сөздің астарын толық түсінетін ұрпақ ретінде бүгінгі мақаламда Семей қаласы «Электротехникалық коледж» директоры Сарпеков Азат Толқынұлы туралы сөз қозғамақпын.

Елі мақтан тұтар азаматтың игі ісі талайдың көңілінен шығып, атқарып жатқан жұмысы әріптестерінің абыройын арттырып келеді. Бүгінде Азат Тоқанұлы басқарып отырған оқу орнында біліп алып жатқан оқушылардың болашақта білікті маман иесі болып қалыптасуы жолында жасалып жатқан еңбектің зор екенін айтып өткен артық болмас. Алғаш басшылыққа келгеннен бастап-ақ, оқу орнын көркейтуге ат салысып, студенттердің теориялық білімдерін колледждің әр мамандықтарға арналған тәжірибелік шеберханасында сынақтан өткізіп , шыңдалған мамандарды өнеркәсіптерге ұсыну әдісін жолға қойған.

Аталған оқу орнында дәнекерлеу, электромонтаждау, токарьлық, ядролық, слесарлық және сантехникалық шеберханалар жаңа стендтер, құрылғылармен және дәнекерлеудің бес түрлі аппараттарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта Азат Толқынұлының көреген басшылығының нәтижесінде біздің колледж Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік орта білім мекемелерінің қатарынан көрінуіне ұжымдастары да мақтанып жүреміз.

Сонымен қатар, басшымыздың ұйымдастыруымен студенттер арасында өткізілетін техникалық мамандар олимпиадасы жыл сайын өткізіліп отырады. Ал спорттық іс-шаралар, атап айтсақ, қазақ күресінен өткен колледждер арасындағы сайыс көпшілік көңілінен шыққан шара болғаны сөзсіз. Колледж студенттері арасында жасыл ел бағдарламасы бойынша көгалдандыру жұмыстары, яғни, ағаш отырғызу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу сынды шаралар басшылық тарапынан тыңғылықты ұйымдастырылып келеді.

Жарқын болашаққа нық қадам басуы үшін жастар білім алатын осындай оқу орнын басқарып отырған қазақ зиялыларының жолын жалғастырушы әрі білімді де білікті басшы Азат Толқынұлы сынды ел ағаларының үлгі болар игі ісі көп екені сөзсіз. Жас мамандарға ақылын айтып, үйретуден жалықпайтын ұстазға қашанда білім көгінде кеңінен қалықтайтын, қадамы қарымды, ойы ұшқыр алғыр шәкірттеріңіздің қатары мол болсын дегіміз келеді.

Архат Қажиақпаров, «Электротехника колледжі» энергетика саласы бойынша өндірістік оқыту шебері.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал