- Учителю
- 9 Сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
9 Сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Ағза дегеніміз не?
2. Қандай тірлік жүйені ағзаға дейінгі деп атайды?
3. Қандай деңгейді ең жоғары деп есептейді?
І деңгей
1. Плазмалық жарғақшаның құрылысы қандай?
2. Өсімдік жасушасында пластидтер қай типтерге бөлінеді?
ІІ деңгей
1. Тіршіліктің негізгі жаратылым деңгейлерін атаңдар.
2.Тірі ағзалардың даму бірліктері қандай?
3. Тірі материя жаратылымының барлық деңгейлеріне қандай қасиеттер тән?
ІІІ деңгей
-
Биологиялық жүйелердің өлі табиғат зерзаттарынан айырмашылығы неде?
-
Жасушаның негізгі құрылымдық бірлігін атаңдар.
-
Тіршілік жаратылысынан әр түрлі деңгейлерге бөлу нышандары қандай?
ІІ деңгей
-
Карл Линнейдің еңбегі неде? Оның шығармашылығын сипатта.\
-
Трансформизм деген не?
ІІ деңгей
1. Қай үрдістер фагоцитоз және пиноцитоз деп аталады?
2. Лизосомалар мен Гольджи жиынтығы арасында қандай байланыс бар?
ІІІ деңгей
-
Эндоплазмалық тор және рибосомалар қандай қызмет атқарады?
-
Митохондриялар неге энергетикалық станса деп аталады?
І деңгей
-
Саған эволюциялық ұғым анықтамасының қайсысы дұрысырақ болып көрінеді, неге?
-
Биология ғылымында екінші тарихи кезеңде бірінші кезеңдегіден онша дұрыс емес түсініктердің басым болуы неліктен?
ІІІ деңгей
-
Сары түсті ата-енелерде жасыл ұрпақтар неге және неше пайыз пайда болады?
-
Пэннет торкөзі нені білдіреді? Өз ойларыңды тұжырымдап түсіндіріңдер.
ІІІ деңгей
1. Бірінші эволюциялық теорияның авторы кім деп есептеледі?
2. Оның құндылығы және кемшілігі неде?
І деңгей
-
Сынақ тәжірибелерде айқын қорытынды жасауға мүмкіндік беретін нәтижелерге Мендельдің дегеніне жету сәті қалай түсті?
-
Мендельдің пікірі бойынша «будандар» және «таза тармақ» деген не? Бұл ағзаларды қалай атайтын болар едіңдер?
ІІ деңгей
1. Басымдылық теориясын қалай түсіндіңдер?
2. Гаметалар тазалығы заңының мәні неде?
І деңгей
1. Барлық үшқабатты жануарларда қандай ұрық жапырақшалары түзіледі?
2. Бұл жапырақшалар қандай жүйеде түзіледі және олар қайда орналасады?
І деңгей
1. Экология нені зерттейді? Бұл сөзді латыншадан қазақшаға аударғандағы мәні қандай?
2.Экология терминін кім, қай еңбегінде, қашан ғылымға енгізді?
ІІ деңгей
1. Жүйелеу атауларына кейбір экологиялық сипаттамаларды қай ғалым енгізді?
2. Ж.Б.Ламарк және Ч.Дарвин тірлік экологиясына қоршаған жағдайлардың қандай рөлін бөліп көрсетті?
ІІІ деңгей
-
Экологияның қандай бөлімдері бар?
-
Қазіргі уақытта экологияға неліктен көп көңіл бөледі?
ІІ деңгей
-
Қазақстанның Қызыл кітабының бірінші басылымына кім кірді?
-
Жануарлардың қандай тобы қорғалмаған?
ІІ деңгей
-
Энтотермадан қандай мүшелер жүйесі пайда болады?
-
Ұрық жапырақшаларының әрқайсысынан қандай мүшелер жүйесі түзіледі?
ІІІ деңгей
-
Ұрықтың дамуына қандай факторлар әсер ете алады?
-
Ұрықты зақымдандырып алмау үшін неден қашқақтау керек?
-
Мезодермадан қандай мүшелер түзіледі?
-
Эндодермадан қандай мүшелер түзіледі?
І деңгей
-
Халықаралық Қызыл кітап қашан ұйымдастырылды?
-
Қазақстанның Қызыл кітабы қашан жарияланды?
ІІІ деңгей
-
Л.Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді?
-
Л.Пастер тәжірибелерінің Л.Спалланцани тәжірибелерінен айырмашылығы неде?
ІІІ деңгей
-
Қызыл кітаптың соңғы басылымына қандай құстар кірді?
-
Жыртқыштар санының азаюының негізгі себептері қандай?
І деңгей
1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас болды?
2. Өзің дұрыс деп есептейтін көзқарас пайдасына дәлелдер келтіріңдер.
ІІ деңгей
-
Л.Спалланцани қандай тәжірибелер жасады? Ол қалай дәлелденді?
-
Л. Спалланцани қорытындысына тойтарыс жасау үшін витализм жақтаушылары қандай дәлелдерді пайдаланды?
І деңгей
-
Ағзаның қай қасиеті тұрақтылық деп аталады?
-
Қан мен жасушааралық сұйықтықтағы заттар концентрациясының тұрақтылығын сақтауды қай тетіктер қамтамасыз етеді?
І деңгей
1.Өзіңнің дербес тәжірибеңнің негізінде тірі ағзалардың табиғи популяцияларына мысалдар келтіріңдер.
2. Бұл ағзалар таралу аймағына неге мүлтіксіз біркелкі орналаса алмайды?
ІІ деңгей
-
Ағзадағы су-тұз алмасуын ішкі секреция бездерінің қайсысы реттейді?
-
Денеге күш түскен кезде ағзада қандай өзгерістер болады?
ІІІ деңгей
-
Денеге күш көбірек түскен кезде ағзаның қалыпты физиологиялық күйін мүшелер жүйесінің қайсысы реттейді?
-
Гомеостазды реттеу тетігіне мысалдар келтіріңдер.
ІІ деңгей
-
Дарақтар қандай негізгі қағидат бойынша бір популяцияға бірігеді?
-
Түр немесе түрше емес, атап айтқанда популяцияның қарапайым эволюциялық өлшем бірлігі деп есептелетіні неліктен?
ІІ деңгей
-
Медицинада, табиғат қорғау, ауыл шаруашылығында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
-
Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар.
ІІІ деңгей
-
Микроэволюция ұғымы қандай үдерістерді қамтиды? Оның нәтижелері қандай?
-
Географиялық және экологиялық түр түзілу арасында қандай айырмашылық бар? Қай жағдайлар жиі ұшырысады? Бір түр түзген кезде олар бірін-бірі алмастыра ала ма?
І деңгей
-
Адам генетикасының қанша әдістері бар?
-
Сол әдістердің жағымды және жағымсыздарын қысқаша сипаттаңдар?
ІІІ деңгей
-
Биосфера өнімділігі деген не? Қандай өлшем бірліктермен өлшенеді және өлшем нәтижесі қанша болады?
-
Биосфера деген не? Бұл ұғымның экожүйе ұғымына қатысы қандай?
ІІІ деңгей
-
Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?
І деңгей
-
Биосфера терминін тұңғыш ұсынған кім? Биосфера туралы ілімді кім жасады?
-
Биосфераның қандай шекаралары бар?
ІІ деңгей
-
Биосферада қандай қабықтар орын алды және басып өтеді?
-
Биомассадағы тірі ағзалардың әр түрлі типтерінің пайызы қандай?
І деңгей
-
Адамның приматтардан пайда болын дәлелдеңдер. Қысқаша сипаттаңдар.
-
Адамның маймылдардан дамығаны жөніндегі дәлелдердің қайсысы шындыққа жақынырақ? Неліктен?
І деңгей
-
Мутацияның себептері қандай?
-
Комбинативтік өзгергіштік деген не?
ІІ деңгей
-
Осы заманғы маймылдардың қайсысы адамға жақынырақ?
-
Туыстық жағынан біз қандай дәрежедеміз?
ІІІ деңгей
-
Понгид және гоминидке бөліну қашан өтті?
-
Олардың қайсысы ортақ ата тек болды?
ІІІ деңгей
-
Сәйкес қатарлардың авторы кім?
-
Оның анықтамасы қалай және қалай дәлелденеді?
ІІ деңгей
-
Мутагендердің қандай заттары мен факторларын атай аласыңдар?
-
Ағзалар үшін «реакция нормасы» деген не? Оның шегі немен анықталады және график арқылы қалай өрнектеуге болады?