7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: 1 сабақ «Көкірек көзін ашалық» (7-сынып)

Сабақ тақырыбы: 1 сабақ «Көкірек көзін ашалық» (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Тақырып: 1 сабақ «Көкірек көзін ашалық»

Құндылық: дұрыс әрекет жасау

Қасиеттер: жақсы әдеп әр нәрсені өз уақытында істеу, зиянды әрекеттердің қалпын түсіну.

Мұғалiм: Бакитжанова Альбина Галымжановна

Класс: 7

Оқушылар саны:20

Сабақ мақсаты: - оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік бере отырып дұрыс әрекет

құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

- адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

- оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене білуге тәрюиелеу.


Ресурстар:

(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына саяхат»(баяу әуен,көзімізді жұмамыз)

  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

Сағыныш дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

Өздеріңмен бір жасқа есейгендеріңді қалай түсіндірер едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.

Абай


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адам өзі армандаған жетістіктеріне қол жеткізу үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?

Әңгiмелеу.

Ертегі

«Бір үзім нан»

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

  • Ертегінің мәні неде?

  • Қандай құндылықтар бар?

  • Кімнің әрекете дұрыс?


http://www.zharar.com/kz/ertegi/4655-nan.html

Шығармашылық, топтық жұмыс.

Балаларды қарточка арқылы төрт топқа бөлемін

К.Сегізбаевтың «Өсіп-өнсін ағаштар» мәтінін бөліп оқып топ-топпен негізгі ойды жеткізу.

Топпен өлең оқу.

Ойлан, балам

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Ойлан, балам, алда үміт, арманың,


Үй тапсырмасы.

2 сабақ

«Адам өз өмірінің суретшісі»

Б.Бұлқышев

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал