7


  • Учителю
  • Вне классная работа по казахскому языку на тему 'Бозбала мен бойжеткен' (10 класс)

Вне классная работа по казахскому языку на тему 'Бозбала мен бойжеткен' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен.

Мақсаты: Ата қасиетімен,ана әлдиінен нәр алған ұлттық үрдісімізді оқушуылырдың бойына сіңіру.Ұл бала мен қыз баланың бір-біріне шынайы құрметпен,қастерлей білуге баулу,өзара сыйласымдылықты достық қарым-қатынасты тәрбиелеу,қалыптастыру.

Кіріспе сөз: Біздің елімізде, алқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері оңды салттары аз емес.Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», «Ата көрген оқ жонар,Ана көрген тон пішер», «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол,Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген мақалдар осының дәлелі.

Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,кішіпейілдіктің,бауырмалдылықтың,иманжүзділіктің көрінісі.Осындай халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру негізгі мақсатымыз.

Екі бастаушы ұл мен қыз ортаға шығып, кезекпен оқиды.

Ұл:

Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір-терең

Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып.

Күн болмаған сазды күй төгілмеген.

Қыз:

Ғажап жандар тарихта жырланатын,

Қырандай серпе тұғын қос қанатын.

Біз бүгін дәріптейік мақтанышпен,

Қасиетті,қадірлі ұлдар атын.

Ұл: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын дегендей,біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің,жан жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз:

Нағыз жігіт қорған болар халқына,

Нағыз жігіт берік болар антына

Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрін

Адал болар ата баба салтына.

Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала ертеңгі жігіт ер азамат. Ал,азаматтың жүгі ауыр. Себебі, «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін,кесіп,кір жуған ата жұртын қастерлеп,жеті атасын жадында түтуы қажет. «Жеті атасын білмеген,жеті рулы елді біледі.»деп қазақ бекер айтпаған

Сондықтан құрметті оқушылар, мұғалімдер бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» атты байқауын ашық деп жариялаймыз.

Сайыс шарттарын таныстырып өтейік:

1)«Сәлем сөздің анасы» таныстыру

2) «Ал,жауабын тауып көр»Сұрақтар

3) «Өнерлігі өрісі кең» 6А, 6Ә «Қыз өссе елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз»көрініс

7А «Ақсүйек»ойынынан үзінді,көрініс көрсету

7Ә «Қыз қуу» дәстүрінен үзінді,көрініс.

10А «Қыз Жіібек пен Төлеген»лиро эпостық жырынан үзінді,көрініс.

4)Караоке ойыны.

5)Қорытынды.

Ұл: Бірлесіп көрермен қауымдармен

Ән салайық ару таңмен

Қазағымның ежелгі әдетімен

Танысайық өнерлі бозбала мен бойжеткен жұптарымен

Ал енді сахна төріне «Бозбала мен бойжеткен» байқауына қатысатын жұптарымызды шақырайық.

Байқауымыздың бірінші ережесі бойынша жұптар бір-бірін таныстырып өтеді.

Қыз:Шуақ сыйлар адамға ән кешінде

Бұл ғажайып бағалар сән кешіне

Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын

Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне.

Ұл:

Қой жігіттер,күн болды ойланарлық

Білім,әдет ақылды ойға аларлық

Ойынымыз аз болсын,ойымыз көп

Оймен талап етпеген іс қоймалық

Ар қайда? Рахым қайда?Әдеп қайда?

Быт шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? дей отырып келесі тапсырмамызға кезек берейік «Бозбала мен бойжеткен» жұптары сахнаға шақырылады.

Қыз: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын дей отырып сөзіміздің жалғасын «Қыз өссе елдің көркі» «Жігітке жеті өнерде аз» тақырыбындағы көрініс көрсетейік.

Ұл: Қайырлы күн құртетті көрермен

Ағытайық әнменен өнер легін

Осынау шуақ сыйлар мерекеде

Жасайық таңғажайып гүл өрнегін

Әр байқауда жұптарға баға беріп

Өнерінде қошеметтеп саралағын

Сахнаға «Ақсүйек» ойынынан үзінді және көрініс көрсету үшін 9А сынып жұптарын шақырамыз.Қошеметтеп қол соғып қойыңыздар.

Қыз:

Өріледі таңғажайып әсем саздар

Тербеледі ән мен жырға аққу қаздар

Тағы да ду қол соғып қарсы алайық

«Қыз қуу» ойынынан үзінді,көрініс көрсететін 6Ә сынып жұптарын шақырамыз.Ду қол шапалақ.

Ұл:

Салады қазағымыз Гәкку әнін

Желбіретер бақыттың ақ туларын

Қарсы алайық кәнекей ду көтере «Қыз Жібек пен Төлеген» жұптарын. Сахнаға 6А сыныбының Бозбала Бойжеткені шақырылады. «Қыз Жібек пен Төлеген » лиро эпосынан үзінді және көрініс.

Қорытынды:

Бастаушы қыз бала;

Әзілімізді ұға алатын,

Қиындықта сыналатын,

Қыздарды сыйлай білетін,

Жөн сөзді тыңдай білетін:

Қыраңдай алғыр,

Сұңқадай өр,

Достыққа адал ұлдарымызға арналған бір аз ғана сыйымыз бар,соны тапсыруға рұқсат етіңіздер!

Қыздар өздері арнайы дайындаған кестелі орамалдарын ұсынады.

Бастаушы ұл бала:

Қыздар деген қызыл гүл ғой,

Өсіп тұрған бақтағы.

Қыздар деген жігіттердің,

Асыл арман,ақ таңы.

Қыздар деген әсем ән ғой,

Әлі айылып болмаған,

Қыздар деген бақыт құсы-

Қолға оңай қонбаған,-деп ақын ағамыз жырлағандай,біздіңде қыздарға арналған мына әдемі гүлімізді тапсыруға рұқсат етіңіздер!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал