7


  • Учителю
  • Ақсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба

Ақсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ .......................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтарының бірі -

Ақсу-Жабағылы .............................................................................................6

2. 2 Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу тарихы ......................................8



2. 3 Ақсу-Жабағылы - «қызғалдақтар патшасы» .......................................9

2. 4 Ақсу-Жабағылының өзіне ғана тән аршасы.......................................12

2. 5 Ақсу-Жабағылы - «суреттер галереясы» ...........................................14

2. 6 Ақсу-Жабағылы - таңғажайыптар әлемі ............................................15



ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................17



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................18



























Аңдатпа

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің, іргетасының бірі - оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы.

Ақсу-Жабағылы - елімізде ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі.

Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Бұл қорықтың басқа қорықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер - ондағы өсімдіктері мен жануарлар дүниесінің көптүрлі, басқа жерде кездеспейтін грейг қызғалдағы, иісі аңқыған аршасы, тасқа басылған суреттері.

























№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейдің 4 «Б» сынып оқушысы Нұрғалиқызы

Еркемайдың «Ақсуым - арымдай,

Жабағылым -жанымдай...»

атты ғылыми жобасына

Пікір





Оқушы Нұрғалиқызы Еркемайдың «Ақсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай» атты ғылыми жұмысы Республикамыздың табиғатты қорғау мақсатында дүниеге келген қорықтардың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығын жан-жақты зерттеп, тануға арналған.

Ғылыми жұмыста 1926 жылы Қазақстан аймағында Т.Рысқұловтың бастамасымен алғаш рет ашылған Ақсу-Жабағылы қорығының тарихы терең зерттелініп, оның басқа қорықтарға қарағандағы өзіндік ерекшеліктері айқындалған.

Қорықтың өзін ерекшелендіріп тұратын таңғажайып дүниелері: «қызғалдақтар королі» атанған грейг қызғалдағы, адам жанын жадыратар иісі аңқыған аршасы, ерте замандардан естелік болып қалған тасқа басылған «суреттер галереясы» туралы қызықты деректері ғылыми жұмыстың құндылығын арттыра түскен.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Қалыбекова Нағима





Кіріспе

"Парижде болдым - Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым - Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым - олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым - оны да түсімде көрмедім … Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін". Шерхан МҰРТАЗА

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

  2. жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, мабиғи ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар жер шарының шамамен 1,6 - 2,0 % -тын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн, га; Вуд-Баффало (Канада) - 4,5 млн. га; Үлкен Гоби қорығы (Монғолстан) - 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыққа пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі- қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориалардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады.Олардың негізгі міндеті- халықты реакциалық қамтамасыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формалардың ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ ХХ ғасырдын екінші жартысында «қорық- өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы, біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табалып, одан әрі жермен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте бірте оның қоры таусыла бастағаны адам баласы сезіне бастайды. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км.2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35%-ті кесілген екен. Кейін адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оларды тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

Табиғат қорғау дегеніміз - тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) және өлі (топырақ, су, атмосфера, жер қойнауы, климат т.б.) табиғатты қорғау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыдан бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат - оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғи қорларын жете білуіміз қажет.

Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілде де «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Елімізде ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалық мәні бар табиғат ескерткіштер, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бақтар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени және тарихи құнды табиғат нысандары жатады.



















Негізгі бөлім



2. 1 Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтарының бірі - Ақсу-Жабағылы



Қорықтар - бұл табиғат объектірлерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық аймағынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салады. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттар шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл жердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуысыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кездегі ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабараториясы» деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына Табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтар тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтанда болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.

Шындығында да, кең байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болсын ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу-Жабағалы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барса-келмес» (1939), «Қорғалжын» (1968) және «Марқакөл» (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1992), Алакөл (1998) қорықтары

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!



10



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал