7


  • Учителю
  • Қуаныш жан шуағы сабақ жоспары өзін өзі тану (4 сынып)

Қуаныш жан шуағы сабақ жоспары өзін өзі тану (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: №2 орта мектеп КММ

Мұғалім: Сыздыкова Б.Б. Мерзімі: 24.11.15.

Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны: 17

Тақырып: Қуаныш - жан шуағы Сабақ № 12

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, адалдық, мейірімділік



Сабақ мақсаты: сүйіспеншілік құндылығын негізге ала отырып, сыйластық, адалдық, мейірімділік туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін ұғындыру;

Міндеттері:

  1. оқушыларға сыйластықтың адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  2. оқушылардың өзара адал, мейірімді қарым-қатынас жасау ізгілігін дамыту;

  3. оқушыларды сыйластыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;



Ресурстар:(АКТ, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,оқулық, дәптер,ватман,маркер,

сөздер жазылған қима қағаздар,суреттер,желім, қайшы)





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»





Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 39 сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. 39 сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

- Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1. Сабақ №11, 60 бет «Сырғанақта» әңгімені оқып, жалғастыру.

2.2. Данышпан атаның кеңестерін есте сақта және қолдана біл.



  1. Дәйексөз.

Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емеc.

В.А.Сухомлинский

Сұрақтар:

3.1. Дәйексөзді оқу

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу

- Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес деген сөзді мағанасын қалай түсінесіңдер?

- Тән сұлулығы мен жан сұлулығының айырмашылығы қандай?

3.3. Оқушыларға дәйексөзді 3-4 рет қайталату және дәптерге жазу, жаттау.

Қорытындылау: күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді.



  1. Әңгімелеу/Мұғалім сыйлығы.

«Отбасы ошағы» аңыз әңгіме

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.

Сұрақтар:

4.1.Оқиғаның мағынасы неде?

4.2. «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.3. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

4.4. Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?

4.4. Сен өз отбасыңды қалай жылытар едің?

Қорытындылау: қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.



5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1.Топқа бөлу (достық, адалдық, мейірімділік сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді)

5.2.Тапсырма

«Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.

5.3.Тапсырманы талдау

5.4.Тапсырманы қортындылау

  • Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)

Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де өзгенің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулықты жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет. Бізде көңілді, қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

















6.Топпен ән айту. Ақ көгершін

Сөзі: А. Жұбановтікі

Әні: Н. Баймұханбетовтікі





Ақ көгершін , көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бахыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.



Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы

</<font color="#404040"> Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына (3рет)

Сұрақ: Өлеңде қандай қасиеттер мен құндылықтар туралы айтылған?

Қорытынды: отбасында сыйластық болған адамдардың жүрегі мейірімге толы, сүйіспеншілігі мол болады және отбасының, қуанышты, бақытты болуына мақсатына жетуіне көмектеседі. Сондықтан балалар дұрыс әрекет жасап, ақиқатты тани жүрейік.















7.Үй тапсырмасы

7.1. Сабақ №12,64-66 беттегі суреттерге қарап әңгіме құрастыру.

7.2 Сабақ №13, 67-70 беттегтегі ертегіні оқып келу.











8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті





Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік, қандай әсер алдық, осының барлығын жүрегімізде сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақта отбасында бақытты болудың бір қыры- сүйіспеншілік арқылы, сыйластықты, бір біріне мейірімділікті, адал болу екенін таниды.

Енді жайлап көздеріңізді ашайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін көп рахмет!





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал