7


  • Учителю
  • Разработка сценария по казахскому языку на тему 'І. Есенберлин'

Разработка сценария по казахскому языку на тему 'І. Есенберлин'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№11 Модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі





І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналған әдеби кеш











2015-2016 оқу жылы


Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты дамыту, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын кеңейту.


1.4. Міндеттері:


- ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету;

- Оқушыларды оқу мәселесіне тарту;


1-оқушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер мен біздер І.Есенберлиннің шығармашылығына арналған әдеби кешті өткізбекбіз.

2-оқушы: І. Есенберлин дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас».

Нұрсұлтан Назарбаев

1-оқушы: Өмірбаянына тоқталсақ: Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі.

І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

1-оқушы: Өмір жолына шолу жасайық

1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.

1940 жылы Тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы , «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі.

1967-71 жылдары "Жазушы" баспасының директоры

1971 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары

1983 жылы Алматыда 68 жасында қайтыс болды.

І.Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия

2-оқушы: Шығармаларының жарық көруі

1940 жыл Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма" сынды шығармалары жарық көрді.

1945 жылы "Айша", "Сұлтан" поэмалары жарық көрді.

1949 жылы "Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.

1959 жылы «Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды

"Адам туралы жыр" повесі жарық көрді.

1960 жылы «Өзен жағасында» повесі жарық көрді.

1965 жылы "Толқиды Есіл" повесі жарық көрді.

1966 жылы "Айқас" романы жарық көрді. "Айқас" романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.

1968 жылы «Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1967 жылы «Қатерлі өткел» прозасы

1968 жылы "Ғашықтар" романы

1969 жылы «Қаһар»

1971 жылы «Алмас қылыш»

1972 жылы "Алтын құс" романы

1973 жылы «Жанталас»

1974 жылы "Көлеңкеңмен қорғай жүр"

1978 жылы "Маңғыстау майданы", "Аманат" романдары жарық көрді

І.Есенберлиннің1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы1958 жылы қытай тіліне «Ғашықтар романы өзбек тіліне аударылды.Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылды.

«Көшпенділер» тарихи романы

Оқырмандардың жауабы:

1. Тарихи роман дегеніміз не?

Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады

1-оқушы: І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихынынң аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

2-оқушы: «Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.

Оқушылар кесте құрастырады.

Трилогияның қамтитын уақыты Трилогияның романдары Трилогиядағы тарихи тұлғалар

ХУ - ХІ ғасырлар "Алмас қылыш" Әбілқайыр хан

ХІІ - ХУІІІ ғасырлар "Жанталас" Жәнібек хан, Керей хан

ХІХ ғасыр "Қаһар" Асан қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр

1-оқушы: Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі

Оқушылар:1) "Алмас қылыш" романында ХУ -ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі

2) "Жанталас" романында ХУІІ -ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері

3) "Қаһар" романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері.

Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері

«Көшпенділер» киносынан үзінді көрсету.

«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.

Кейіпкерлерін талдау

Әбілқайыр

Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысы өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол

Романнан үзінділер оқып танысу.

1. Шыңғысханның балаларына өсиеті

2.Абылай мен Бұқар жырау

4. Уали сұлтанның баласы Абылай

3. Батыр Баян мен Ноян

4. Абылайдың ақ бурасы

5. Абылайдың түсі

6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші

7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы

Қорытындылау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал