7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану сабағы Өмір шексіз керуен (11 сынып)

Өзін-өзі тану сабағы Өмір шексіз керуен (11 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

</ Мектеп№1-2 сабақ

Тақырып: Өмір- шексіз керуен

Құндылық: Дұрыс әрекет ету

Қасиеттер: Адалдық, адамгершілік, әділ болу.

Мұғалім: Сынып- 11 сынып

Сабақтың мақсаты:

-"Өмір" құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

.Өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру.

.Өмірден өзіндік орнын , өмірлік бағдарын айқындап алуға баулу.

.Өзіндік ойлау,пайымдау,шешім қабылдай білу,тәрбиелеу.





Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



1.Үй тапсырмасын тексеру.



" Өмір шексіз керуен" тақырыбына берілген ой- толғауларды басшылыққа ала отырып, өхмір туралы өз түйгеніңізді ортаға салу.







2.Дәйексөз

Жеңген адам мін мінезін өзінің,

Танытады өз қайратын , өз үнін.

Ж.Молдағалиев

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.







3.Әңгімелесу

Отау үй

Біртіндеп қараңғылық түсе бастады.Ұзақ та , Тана да тырс етіп үйден шыққын жоқ.Тамақтан соң екеуі бір біріне қарсы қарап отырған күйде , асықпай үзік сөйлеп екеуіне де ортақ, таусылмас әңгімеге көшті.

-Не ойлап отырсың?

-Өмірді де.. неліктен бұлай екен? Адам өскен сайын қайғы қасіреті, мұңы көбейе беретін сияқты ғой.Мен бұрын кішкене күнімде біреу ренжітсе "Шіркін, қашан тезірек үлкен болам екен, осыдан құтылатын", деп ойлайтынмын.Кейін өсе келе бірдеңеге ренжіп, мұңайған кезімде үй болуды , сүйікті жарымның болуын бақытты отбасын құруды армандайтынмын.Ал қазір, сенің көңіліңе келмесін ,үй болғанын бері көріп келе жатқаным- көбіне қиындық.

- Уақытша болатын қиындықтар ғой, несіне таусыласың.

-Жоқ, таусылып жатқаным жоқ.Өзім соңғы кезде жиі ойлайтын ойым болған соң айтып жатырмын.Жалғыз біз емес, байқап отырсам , жұрттың бәрі біз қарайлас.Рас, тату- тәтті тұратын кездері де болады, бір күн, екі күн.. он күн.. бір ай.. бірақ бәрібір ұрсысады, қабақтарына кірбің түседі. Неге бұлай?

- Өмір болғасын солай да..

"Тананың сөзінің жаны бар , шының да неге солай болады екен?" деп ойлады Ұзақ.

- Ал өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?

- Өмір деген кең, жарық дүниедегі қызық тіршілік емес пе?!

- Ал сол тіршілік , сол тұрмысты жасап жүрген өзіміз ғой. Ендеше өмір сүру деген өзіміз емеспіз бе?!

- Олай болса өмір сүру неге қиын? Менің бас қатыратыным: неге адамдар бір біріне эәбір көрсетеді? Неге осы бақытты , қайғысыз өмір сүру деген қиын?

- Мен қайдан білейін...

Мұнан әрі екеуі де үндеген жоқ, әрқайсысы өз ойымен өзі боп кетті.



Оқылған әңгіме бойынша сұрақ - жауап:

  • "Өмір", "өмір сүру " деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің күнделікті іс әрекетіне есеп беру керек пе? Неліктен?

  • Өз өміріңізді өзгерткіңіз келе ме, ол үшін не істер едіңіз?









Шығармащылық жұмыс, топтық жұмыс

Орыстың ұлы педагогы В.А Сухомлинскийдің «Ұлыма хат» атты еңбегінен алынған үзіндіні басшылыққа ала отырып,

«Менің бір күнім »тақырыбына эссе жазыңдар.

«Ертең »- өмірдің аса қауіпті жауы. Бүгін істелетін істі, тіпті оның кішкене бір бөлшегін де ертеңге қалдырма. Ісім оңға бассын десең , ертең істелетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен.Бұл ертеңгі күніңе ерекше дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш.









5. Топпен ән айту





6. Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптерінде берілген ой- толғауларды басшылыққа ала отырып, өмір туралы өз түйгендерін жазып келу.



7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал