7


  • Учителю
  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүйелік

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүйелік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Мен өзімнің еш нәрсе білмейтінімді білемін»

грек ойшылы

«Мен химияны, тарих пен әдебиетті жақсы білемін»,- деген сөздерді мектеп түлегі аузынан естіп жатамыз, бірақ бұл өкінішті. Өкініштісі сол мектеп бітірген оқушының ең басты білмейтіні:ол нені білмейтінін өз де білмейді. Қазіргі уақытта оқушы өзінің ақпараттану аймағын білмейді, ал ғылымды меңгеру шеңберін тіпті де түсінбейді. Олай болса, оқуға деген қызығушылық қайдан пайда болсын?!

Тағы да бір жайт. Мектепте қандай міндеттер шешіледі? Атап айтқанда «жабық» міндеттер. Ал өмір адамның алдына қандай міндеттер қояды? «Ашық» міндеттер! Осы екі аралықта, мектептің «жабық» міндеттері мен өмірдің «ашық» міндеттері аралығына, оқушылардың қызығушылығы мен біздің білім берудегі барлық еңбегіміз жоғалып кетеді.

Бернард Шоудың айтуы бойынша «Білім алудың бірден-бір жолы - әрекет, қызмет ету". Шындығында алған білімді күшті қару ретінде қолдану үшін оқушы пайдаланудың шектері мен шарттарын іздеп, түрлендіріп, кеңейтіп, толықтырып, өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа байланыс көзін табуы керек. Бірақ бәрінен де оқушыны жаңа білімді өздігінен алуға үйрету керек.

Жүйелік-қызметтік қатынасты сабақ барысында қалай жүзеге асыру керек екендігін мұғалім нақты айқындай алмайды. Жүйелік-қызметтік қатынастың өзектілігі оқушыға белгілі бір әрекеттерді орындауға, ол әрекеттің оқушыға нақты білім нәтижесін беруінде болып отыр. Мұнда ең бастысы оқушының жеке ынта-жігері, оқытудың әр жақты, танымдық, тұлғалық, реттеушілік, коммуникативтік қырларын меңгеруі. Сабақта «басты рөлді атқарушы» болып табылатын оқушы екенін ескерсек, олардың іс-әрекеттері ойланарлықтай, назар аударарлықтай болу керек. Олар «Менің не істегім келеді?», «Не үшін жасаймын?» «Қалай жасаймын?», «Қалай жасадым?» деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары бірінші жалпымәдениеттік, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудан басталады. Осыдан кейін жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асырудың өзектілігі туындайды.

Мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарында мәтінді пайдалану тек тіл дамыту жұмыстары үшін ғана пайдалы емес, ол оқушының көру зейінін дамытады, оқу мәнерін жақсартады, сауатты жазу дағдыларында қалыптастырады.

Тіл дамыту жұмысының сапалы болуы таңдалған мәтінге байланысты. Мәтіндегі мәліметтің жаңа, қайталанбаған болуы оқушының қызығушылығы мен ойлау қабілетін арттырып, сөздік қорының баюына жол ашады. Сондықтан мәтін таңдауға мазмұнының қызғылықты, оқушы түсінігіне сай болуын ойластырумен қатар, танымдық, тәрбиелік мәнін естен шығармаған жөн.

Мәтін бойынша жұмыс істеу барысында оқушының тілі баюмен қатар, грамматикалық формаларды түсініп меңгереді, синтаксистік конструкцияларды ажырататын болады, мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдыларды қалыптастырады, ол үшін тапсырмалар белгілі бір жүйеде жүргізілуі қажет.

Мәтін бойынша берілетін тапсырманы мәтінмен танысқанға дейін анализ - талдау барысында немесе мәтінмен танысқан соң беру тиімді.

Сонымен, мәтін бойынша берілетін тапсырманы үш топқа бөліп қарастырамыз:

1) қабылдау қиындықтарын жою мақсатындағы мәтінмен танысқанға дейінгі тапсырма;

2) мазмұнын түсіндіруге, түсінуге көмектесетін мәтін ішілік тапсырма;

3)мәтінмен танысқаннан кейінгі тапсырма;

Мысалы, мәтінмен танысқаннан кейінгі тапсырма:

1)Мәтінді оқыңыз. Мысалда қанша кейіпкер бар?

2)Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.

3) Мәтін мазмұнына сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Мәтін - сөйлеудің ең ірі бөлшегі десек, оның мазмұнын түсіну - заманауи оқушының алдында тұрған күрделі де басты міндет болып табылады.

Жүйелік-қызметтік қатынасты сабақтың әр кезеңінде жүзеге асырудың тиімді жолдары меңгерілетін ақпаратты модельдеу /мысалы орфографиялық немесе пунктуациялық ережелер бойынша/, сабақтың әр кезеңінде көрнекілік пен сөздің үйлесімділігі / кесте, сызба, тірек сызба, суреттер/ болып табылады.

Жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асырудың негізінде -заманауи /инновациялық/ әдістер, АКТ технологиялары, жобалау әдісі, зерттеу әдісі, сын тұрғысынан ойлау, т.б әдістері жатыр.

Жүйелік-қызметтік қатынаста мұғалімнің рөлі өзгереді. Ол сабақтың әр кезеңінде ауысып отырады, бірде ақпараттар әлемінің жолсерігі болса, енді бір кезеңде оқушының танымдық қабілетін арттырушы ұйымдастырушы және үйлестіруші де бола алады.Кәсіби шеберлігі жоғары маман ретінде мұғалім оқушылардың алған білімдеріне бақылау сынағын жасап, оларға кеңес беріп, түзету жұмыстарын жүргізіп, әр оқушы өмірлік тәжірибеде қолдана алуына жағдай туғызады.Бұл кезде мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық және дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады.

Жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асырудың тиімділігі: оқыту үдерісінде оқыту әрекеті бар , сондықтан оқушыны оқуға қызықтыру үшін жан-жақты әрекет ету керек. Атап айтқанда, оқушының уәждемелік, эмоциялық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға баса назар аудару керек.

1.Оқыту үдерісі үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу болып табылады. Оқушы өзі жаңалықтарды ашып қана қоймай, оны ары қарай дамытады. Көркем шығармада адам, адамгершілік, табиғат, атамекен, махаббат мәселелері сипатталады. Яғни, әдебиет - заманның рухани, адамгершілік, моральдық жағын ашып, көркем бейнелейді. Көркем мәтіннің осындай ерекшеліктері әдебиет сабақтарында игертіледі. Көркем шығарманы оқушы жан дүниесімен ұғып, одан алған әсерін, көркем танымын одан әрі қолдана алуы керек. Яғни, көркем дүние оқушы жанына эстетикалық жарасымды ықпал тудырып, таным көкжиегін кеңітуге, мінез қасиетін қалыптастыруға жәрдем етуі, ойға шақыруға тиіс.

Көп ретте көркем шығарма, оның ішінде көлемді туынды үстірт қана өтіледі. Оған себеп біріншіден, шығарманың ауқымдылығы, мазмұнының көпқырлылығы, мәтіннің психологиялық жағының күрделілігі; екіншіден, шығарманы оқыпүйренудегі уақыттың аздығы, бір сарынды әдістәсілдердің қолданылуы. Көркем мәтінге барудағы жол - мазмұнды игеруден басталады. Көркем мәтіннің мазмұнын меңгертудің бірнеше жолдары бар:

1) Шығарманың таңдап алынған тұстарын, яғни мейілінше әсерлі тұстарын мазмұндау. Бұл мәтінді үстірт оқу дегендік емес. Оқушы шығарманы толық оқығаннан соң, оның ең қызықты тұстарын есіне көбірек сақтайды. Осы дағдыны пайдаланып, мұғалім оқушыларға шығарманың маңызды сәттері бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауабын тыңдайды. Сол тұстардың мазмұнын ашуды сұрайды. Оқушы әңгімелеу барысында, өзінің мазмұндайтын бөлігін неғұрлым қызықтыра, өз сөзімен беруге талпынады. Мұның өзі оқушының мәтіннен алатын әсерін қалыптастырады. Осындай әсерлі тұстарды басқа шығармалардан табуға ұмтылады. Соның арқасында көркем мәтін оқуға деген ықыласы қалыптасады.

2) Логикалық тізбекті мазмұндау. Бұған шығарманың мазмұнын қуалай отырып, жүйелі мазмұндауды жатқызамыз. Бұл оқиғаларды ретімен, ішкі байланыстарын сақтай отырып, мазмұндауға да жол салады. Екінші бір тиімді жағы көркем шығарманы сыныпта мазмұндатқанда, тек бір оқушыдан ұзақсонар сұрай алмайсыз. Осы кезде сөйлеп тұрған оқушының жауабын тиянақтатып, әрі қарай екінші оқушының жалғастыруын сұрағанда, ол сол тоқтаған жерден әрі іліп әкету керек. Бұл сабақ үстінде оқушының ықыласты отыруына, бірбірін тыңдауына, ой қосуына дағдыландырады. Бір жағынан бірінің мүдірмей бастап, соны екіншісінің кідіріп қалмай, жалғастырып әкетуі жарыс секілді әсер етеді.

3)Бүкіл мазмұнын емес жекелеген эпизодты шығармашылық түрде мазмұндау. Мұнда ең маңыздысы оқушының өз көзқарасын, ойын айта білуі. Оқушы мәтін мазмұнын сақтай отырып, оны өз атынан немесе кейіпкердің біреуінің атынан жеткізеді. Бұл тәсіл оқушының ойөрісін ұштайды, шығарма мазмұнын жақын қабылдауға, кейіпкерді айқын елестете алуға шақырады.

Егер оқытуда жүйелік-қызметтік қатынасты ұйымдастырудың технологиялық тәсілдерін тиімді қолдану туралы п.ғ.д А.В.Хуторскийдің ұсынымын басшылыққа алсақ, оқушы оқып ізденеді, ізденгені бойынша білім қоржынын толтырады, толтырып қана қоймай мұғалім көмегімен сәйкестік жасап, қайта ойланып, өзін-өзі бағалайды, рефлексия жасайды. Аталған құрылымды бүкіл сабақ барысында немесе жекелеген кезеңдерде қолдануға болады. 7-сыныпта «Етістік» тақырыбында өткен сабақта жүйелік-қызметтік қатынастың жүзеге асырылуы туралы айтып өтсем.

Сабақ жеке-дара оқыту технологиясы бойынша өтілді. Сабақтың мақсат қою кезеңінде оқушыларға тақырыпты анықтау мен міндеттер қоюға, ал жаңа сабақты түсіндіруде жұмыстарына түзету енгізуге мүмкіндік берілді.

Жоспарды жүзеге асыру барысында «Етістік» тақырыбы бойынша әртүрлі сұрақтар туындап жатты. Етістіктің түрлері жан-жақты талқыланып, сұрақтар бойынша «Етістік және Абай», «Етістік және Мағжан», «Етістік және Мұқағали» тақырыптарында шағын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, оқушылар әр ақын шығармашылығында кездесетін етістік түрлерін анықтады.

Сабақ барысында оқушылар шығармашылық тапсырмаларды да орындады, үй тапсырмасын талқылауға да ат салысты, келесі сабақ тақырыбы қандай болатынына да болжам жасады, өз жұмыстарына кейбіреулері жалпы баға беріп, кейбіреулері рейтинг жүйесі бойынша бағалады. «Бұл сабақ бізге не үшін керек?» деген сұрақ төңірегінде рефлексия жасады.

</ «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту - тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.











































































Гуманистік психологиядан келген «Өзіндік даму» ұғымы қазіргі кезде педагогикалық еңбектер мен зерттеулерде жиі кездеседі. Алайда бұл терминге түсінік беруде пікір алшақтықтары кездеседі. Канттың пікірінше, өзіндік даму - бұл «өз күш - қуатын өсіру». Мамардашвили бойынша бұл ұғым « өз санасын біртұтас етіп ұйымдастыру түрінде өз өмірін тұтастай жинақтау». Б. Мастеров «өзіндік даму - өз тұлғасына бағытталған шығармашылық» деп көрсетеді. Г. Цукерман өзіндік дамуды анағұрлым айқын сипаттай келе, «өз МЕН-ін саналы түрде өзгерту мен саналы түрде сақтап қалуға анағұрлым ұмтылу. Бұл өзгерістердің мақсатын, міндетін, құралдарын тұлғаның өзі анықтайды»,- дейді. А.А. Ухтомский - Г.К. Селевконың тұлғаның өзіндік даму технологиясының негізінде Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту идеялары жатыр, атап айтқанда:

  • Оқытудағы баланың субъектілік позициясы туралы қағида;

  • Оқыту мен тәрбиенің сәйкестігі жайлы қағида; оқыту дамудың жетекші факторы ретіндегі қағида;

  • Тұлғаның дамуындағы теориялық ойлауының ролі туралы қағида.

Тұлғаның өзіндік дамуы технологиясында бұл қағидалар біршама тереңдей түседі. Яғни баланың әрекеті танымдық қажеттілікті қанағаттандыру ретінде ғана емес, сонымен қатар тұлғаның өзіндік дамуының бірқатар қажеттіліктерімен ұйымдастырылады:

  • Өзін - өзі таныту (өзіндік тәрбие, өзіндік білім жетілдіру, өзіндік анықтау, таңдау еркіндігі);

  • Өз ойын білдіру ( қарым - қатынас, шығармашылық пен өзіндік шығармашылық, ізденіс, өз қабілеті мен күшін анықтау);

  • Қорғалу (өз орнын белгілеу, кәсіби бағдар, өзін-өзі реттеу, ұжымдық әрекет);

  • Өзіндік қажетсіну (жеке және әлеуметтік мақсаттарға жету, өзін әлеуетте бейімделуге дайындау, әлеуметтік сынама).

Педагогикалық үдерісте мақсат пен амал өзіндік білім жетілдіру, өзіндік тәрбие, өзін-өзі таныту, өзін - өзі анықтау, өзін - өзі реттеу мен өзіндік қажетсінуден құралған тұлғаның өзіндік дамуы басым идея болады.

Технологияның ерекшелігі:

Басты мотивация (қызығушылық) - адамгершілік - еріктік + танымдық.

Мұғалім ұстанымы - іскер серіктес, анағұрлым биік шындықты білетін ересек дос.

Оқушы ұстанымы - таңдау еркіндігі, өзін -өзі анықтау.

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.

Осы бағытта оқушының өзіндік дамуының мәні зор. Өзіндік дамуды жүзеге асыру мақсатында біз неге сүйене аламыз? Біз қазіргі өзіміз пайдаланып жүрген таныс технологияларымыз арқылы да тұлғаның өзіндік дамуына қол жеткізе аламыз. Соның бірі бүгінде көп айтылатын технологияның бірі - сын тұрғысынан ойлау.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың бойында жағымды ахуал қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жол ашамыз.Сын тұрғысынан ойлау тақырып бойынша білетін ақпараттарын еске түсіріп, жинақтай отырып, жаңа ақпаратпен танысу барысында алынған білімнің не үшін қажеттілігіне баға беруге негізделеді.Сыни ойлауға негізделген сабақ үш кезеңнен тұрады. Мұндағы үшінші кезең-білім алудың қорытынды кезеңі. Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз білімінің толығуын тексереді. Ойды мұқият таразылауға, бағалауға, талдауға, болжай білуге үйренеді. Бұдан шығатын негізгі түйін: оқушы жаңа білімге өзінде бар білім арқылы келеді. Ол өз бетінше әрекет ете отырып, өзін - өзі дамытады.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің негізгі көздерінің бірі-ашық сұрақтар қоя білу. Ашық сұрақтар Не? Қашан? Кім? Қанша? Қалай? Неге? дегеннен басталады.Ашық сұрақтар қою арқылы креативті ойлар туындайды.

Мәселен, 5-сыныптың әдебиет сабағында «Ер Төстік» ертегісінен төмендегі мәтінді оқу барысында сыни ойлауға жетелейтін сұрақ қойылды:

…Төстікөзгеше бала болыпөседі. Бір айда біржастағыбаладай, екі айда екіжастағыбаладай, үш айда үшжастағыбаладай, біржылда он бестегіжаңаөспірімдейболып, екіжасындаалысқанкісілеріналыпұратыналып бала болады.

-Халықбаланыңбұлай тез өсуін неге армандады?

-Төстікті екі жасында алып бала етіп бейнелеуіне не себеп болды?

Оқушыларға нақты ақпаратты ұсынбай, екіұдай ойлануға жетелейтін әдістерді қолдану барысында оларды өз бетінше жауап іздеуге, ойлануға дағдыландырамыз.

Осы тәрізді 7-сыныпта Қазыбек биге қатысты мәтінді талдау барысында бидің қалай төрелік ететініне болжам жасау ұсынылды:

Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдің бірі:

-Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам, «өз балам» деп бермейді,- дейді.

Екінші әйел тұрып:

-Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр,-дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады…

Қазыбек би екі әйелдің дауын қалай шешеді? Қандай болжам айтар едің?

5-сыныпта Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, фильмнің үзіндісін көріп оқушыларға мынадай сұрақтар берілді:

1. 15 минут ішінде киініп, жуынып, мектепке жету мүмкін бе? Неліктен?

2. Сен мектепке дайындалуға неше уақыт жұмсайсың?

3. Сабақта отырғанда сенің арманың қандай болуы мүмкін?

4. Сен Қожаның орнында болсаң, анаңа қандай көмек берер едің?

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту және қадағалау мақсатында бағалау және рефлексияны пайдалану да өз нәтижесін береді. «Бүгінгі сабақта сіз үшін не аса маңызды болды?» немесе « Бүгінгі алған біліміңіздің басқа сабақтармен және мектеппен қандай байланысы бар?» деген сауал қоя отырып, баланы мәліметтерді іріктей алуға баулимыз.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.

Әр сабақ барысында оқушы шығармашылығына үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарды атап өтер едім:

*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріп, шығарма немесе ойтолғау жаздыру;

*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;

*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;

*Шығармаларға композициялық талдау жасау;

*Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.

*Ертегі құрастырту;

*Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту;

*Диалог құрастырту;

*Әңгіме, ойтолғау, шығарма кейіпкерлеріне хат жаздыру;

* шығарманы өз бетінше аяқтау;

Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясы қолданыла бастады.Жобалау әдісі ХХ ғасырдың технологиясына кіріп басқа елдерде бұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда.

Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жоба әдісінің басты мақсаты - тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау.Бұл технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу әрекеттері жүзеге асырылады.

Қорыта айтқанда, өздігінен даму бір нәрсені елестетуге, болжам жасауға, ақпаратты нақты ұғынуға, бағалай және талдай білуге дағдыландырады. Мен өз ойымды ұлы хакім Абайдың мына нақыл сөзімен қорытындылағым келеді: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.» Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен, шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, сонда ғана көздеген мақсатқа жете білгеніміз.

Келешекте өзіндік даму технологиясын толығымен қолдана білсек:

  • Еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін;

  • Ынталы;

  • Өзінесенімді;

  • сынипікір-көзқарастарыжүйелідамыған,

  • қазақ,орыс,ағылшынтілдерінөздеңгейіндемеңгерген,

  • сандықтехнологиялардақұзырлылықтанытатыноқушынытәрбиелеугеболады



































Топтық жұмыс барысында құрылған топ ережелері топ ішінде оқушылардың өздік реттелуіне көп септігін тигізді. Топпен жұмыс барысында ынтымақтастық атмосферасының құрылғаны да байқалды. Мұндай жұмыстар барысында «Автор орындығы», РАФТ, ИНСЕРТ, дискуссиялық карта, Венн диаграммасы, Блум өлшемдері, Жигсо әдісі, т.б. әдістерін бұрын да қолданушы едім. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша өтілген сабақтарымда қалған модульдерді де еркін енгізуге болатынына көз жеткіздім.

Білім алушының өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу қаншалықты қиын болса, мұғалім тарапынан дұрыс бағыт-бағар бере отырып, жетелеп отырудың өзі маңызы зор. Тәжірибе көрсеткендей, оқушының өзіндік «мені» дамиды, өзін ортада еркін сезініп, ойы дамып жекеден жалпыға параметр көрсеткіші өседі.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру арқылы да көп нәрсеге басқаша қарауға үйренеді. Өзін-өзі бағалау жұмысының бастапқы кезеңінде оқушылардың қиналғанын байқадым. Бірақ бұл тәсіл нәтижелі болды. Оқушылар өзінің кемшілігін білу арқылы келесі сабақтарға бағыт, жоспар құра алды. Яғни, олар өз-өздеріне есеп бере отырып реттелді.

Бірлесу нәтижесінде оқушылар өз бетінше білім алуға талпынды, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өз көзқарастарын қорғауға дағдыланды. Өз құрдастарымен еркін араласып, бір - бірімен кеңесті, бұрын - соңды сабаққа араласпайтын үнсіз оқушылар белсенділік танытты. Өз құрдастармен диалог жүргізіп, бір - біріне сұрақтар тастап, өз ойларын еркін жеткізе алды; ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуіне талпынып, өзіндік ойлау қабілеттері арта түсті.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал