7


  • Учителю
  • Доклад Шығармашылықпен жұмыс жүргізу тәжірибем

Доклад Шығармашылықпен жұмыс жүргізу тәжірибем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығармашылық жұмыс жүргізу тәжірибем



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан ұлы державалардың бірі болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр - қайраты мол, ақылды да ойлы дарынды тұлғалар керек» деген көрегендікпен айтылған сөзі бар. Расында да, дарындылық баланың шығармашылық қабілетінен көрінеді.Ал шығармашылық дегеніміздің өзі қандай жағдайда болмасын шешім таба білу, жаңалық табу болып табылады.Менің негізгі ұстанымым-оқушыларды қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыта отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы мақсат жолында Қараевтың деңгейлеп саралай оқыту технологиясымен жұмыс жасап келемін.Мұғалімнің алдында отырған әр бала - өзінше бір әлем. Бір сыныпта отырған оқушылардың қабылдау ерекшелігі, қабілеті, зейіні, есте сақтауы, сөз байлығы алуан түрлі болатыны белгілі. Сондықтан өзімнің алдыма әр оқушыны зерттей келе, олардың қабілеті мен мүмкіндігіне қарай берілетін тапсырмаларды анықтап, өз бетінше ізденуге, өзіне деген сенімнің орнығуына, шығармашылық ізденістерінің қалыптасуына жағдай жасауды мақсат етіп қойдым.

Мен бірнеше жылдан бері қазақ мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытамын. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқытудың өте тиімді әдіс екеніне көз жеткізіп келемін.

Синтаксис тарауын өткенде, оқушы ұғымына қиындау тиетін «Сөз тіркесі», «Күрделі сөздер » және «Тұрақты тіркестер» тақырыбы бар.Олардың негізгі белгілеріне қарай отырып, әрқайсысына мысал ойлап жазу, тұрақты тіркестердің баламаларын табу, сөздерді кірістіріп шағын мәтін құрау сияқты деңгейлік тапсырмалар беру арқылы танытуға болады. Бұл әдістің тиімділігі сонда, әр баланың бойындағы қабілетін тануға болады.

Шығармашылық диктант жаздыру жолымен де оқушы қабілетін шыңдауға, өз бетінше әрекет етуге үйретуге , өзіне деген сенімділікті қалыпастыруға болады. Мысалы:

1.Берілген өлең жолдарын көркем мәтін түрінде жаз.

2.Мәтіннен сөз тіркестерінің қабыса байланысқан түрін тап.

3.Сөз тіркестерінің лексика - грамматикалық мағынасын анықта.

Шығармашылық бағыттағы жүргізілген жұмыстардың қай - қайсысы да оқушының тіл байлығының артуына ,сөздік қорының молаюына ,өзіне деген сенімнің артуына пәнге деген қызығушылығының оянуына ықпалын тигізеді.

Мысалы 8-сыныпта « Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбын өткенде интерактивті тақтадан төмендегідей тапсырма көрсетіледі:

-Аңсаған менің арманым,

Жеттің бе бүгін шегіңе?!

Айжан былайша орындапты:

Көсіліп біз де қалалық,

Өрлет, қане, әніңді!

-Тамылжыған әсем ән,

Толқытсын барша көңілді!

Ал ақынжанды Темірлан деген оқушым былайша жалғастырыпты:

-Жеттің, жеттің, білемін,

Орындалды тілегің! - деп жұбатты ол өзін.

Сондай-ақ, 5-сынып оқушыларына берілген ұйқасқа өлең құрастыру тапсырмасы беріледі:

---------------------- баламыз,

----------------------жанамыз.

---------------------------------,

----------------------барамыз.

Оқушылар орындаған жұмыстардың кейбіреуінен мысал келтірсек:

Біз бақытты баламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Тәрбие, білім аламыз,

Болашаққа барамыз.

Әрбір тарауды немесе тақырыпты қорытындылағанда, шығармашылық жұмыс түрлері беріледі.Мысалы, еліктеу сөз тақырыбын қорытындылағанда:

Көктем мезгілі. Жаңбыр. Далада.

Ішіне еліктеу сөздің түрлерін кірістіріп, мәтін құрауға тапсырма беріледі.Оқушы жұмысынан мысал:

Міне, сағындырған көктем де келді.Көктемнің сәні қиқулаған







құстарымен,жасыл желегімен емес пе?! Бүгін де жаңбыр жауды. Терезенің әйнегін тырс-тырс еткен тамшылар ұрып тұр.Бұтақта отырған балапан торғай дір-дір етеді.Сірә, тоңса керек.

5-сыныпта «Зат есім» тақырыбына берілген шығармашылық жұмыс :

Күнделікпен бәріміз де бірге өстік,

Сыныптардан сыныптарға бір көштік.

Ал Әлидің күнделігі жылайды,

Өмір бойы көрмедім деп бір «бестік.»

1.Өлеңді қара сөзге айналдырып жаз.

2.Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.

3.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.

Сол сияқты оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әдебиет пәнінің де көмегі көп.Солардың кейбіріне тоқталып өтсек:

7-сыныпта Шерхан Мұртазаның «Жүзжылдық жара» деген әңгімесі бар.Соңғы қорытынды сабақта Байшынар болып сөйлеу яғни монолог жазу тапсырмасы берілді.Сынып оқушыларының ішінен ең үздік деп танылған Айболдың жұмысы.

Байшынардың монологы

Ей, адамзат!

Бір сәт менің үніме құлақ сал. Мен де табиғаттың сен сияқты перзентімін.Өстім, өндім,айналама қайырым жасадым.Сен менің көлеңкеме саяладың,ық жағыма паналадың.Ауылыңа көрік бердім,Бау-бақшаңа сән бердім. Осы ауылдың бүкіл тыныс-тіршілігі менің көз алдымда өтті.Мен барлығының көзі тірі куәгерімін.Мен-бәріңнің тілеуіңді тілеп тұрар кәрі тарихпын. Ал сендер ше?

.Сендер неге сонша қаталсыңдар?Жазықсыз жаныма жара салдыңдар,денемді кескілеп қор еттіңдер.Менің қандай кінәм бар еді?Бұл дүниеде мейірім деген болмаушы ма еді?

Табиғатты сүю, аялау, мейіріміне бөлеу сияқты адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үшін септігі тиюімен қатар, сөз қолданыстарын, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін, өзіндік көзқарас білдіру шеберлігін шыңдау үшін көмегі зор болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар әр түрлі тақырыптағы суреттерді экраннан көрсету арқылы да жұмыс жүргізуге болады: суретке ат қой, тақырып ойлап тап, сурет бойынша мәтін құра т.б.

Мысалы, Астана қаласының суреті бойынша мәтін құрауға тапсырма берілгенде, оқушылар мынадай тақырыптар қойған.

1.Ажарымен асқақтаған Астана

2.Сән түзеген Астана

3.Ғаламның ғажайып қаласы

4.Сымбатымен сұқтандырған Астана

5.Сарыарқа төріндегі сұлу қала

6.Сарыарқаның саңлағы

7.Асқақтаған Ақорда Астанада.

8.Еңсесі биік Елорда

9.Есілдің еркесіндей Елордам бар

10Жанарымда-жайнаған жасыл қала

Мәтін құрауға немесе тақырып табуға табиғат көріністері, іс-әрекет үстіндегі кейіпкерлер, ғажайып ғимараттар т.б. беруге болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың түрліше әдіс-тәсілдерін жүйелі және тиімді қолдана білгенде ғана мақсатқа жетуге болады.































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал