7


  • Учителю
  • Нормы контрольных работ по казахскому языку

Нормы контрольных работ по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант) (16-кесте).

16-кесте. Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі



Жазба жұмыстар

түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

5

Диктант

3

3

3

3

12

6

Диктант

3

3

3

3

12

7

Диктант

3

3

3

3

12

8

Диктант

3

3

3

3

12

9

Диктант

1

1

1

1

4



Барлығы

13

13

13

13

52



Диктант - оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.

Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады (17-кесте).

17-кесте. Диктанттар нормасы

Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.

Диктанттың мәтінінде:

- 5- сыныпта - 5 сөзден артық емес,

- 6-7- сыныптарда - 7 сөзден артық емес,

- 8-9- сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.

Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;

- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;

- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;

- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:

1) сөзді тасымалдау;

2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

3) әлі меңгерілмеген ережелер;

4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.

Жеңіл қатеге жатады:

1) ережеге бағынбайтын сөздер;

2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;

Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

- «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;

- «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

- «3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;

- «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.

Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.

Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.

Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескертін жағдайлар:

1) мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;

2) орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;

3) түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;

4) емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;

5) сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.

6) оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.



«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:

Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады

(18-кесте).

Дәптер тексеру тәртібі:

1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;

2) 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;

3) 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;

4) 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).

«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:

- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет:

«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады);

«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері;

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.

- үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

- жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

- мәтін азат жолдан басталады;

- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.

Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.

Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет

Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:

- орфографиялық қате - /.

- тыныс белгілер қатесі - ۷





















Қазақ әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары (19-кесте).3

3

3

3

12

6

Мазмұндама

2

2

-

-

4

Шығарма

-

-

2

2

4

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы:

3

3

3

3

12

7

Мазмұндама

2

2

-

-

4

Шығарма

-

-

2

2

4

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы:

3

3

3

3

12

8

Шығарма

2

2

2

2

8



Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4



Барлығы:

3

3

3

3

12

9

Шығарма

2

2

2

2

8



Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4



Барлығы:

3

3

3

3

12



Мазмұндама - оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (20, 21-кесте).



20-кесте. Мазмұндама мәтінінің көлемі



21-кесте. Мазмұндама мәтінінің шартты белгілеріМазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:

- дайын мәтін бойынша мазмұндама;

- сурет бойынша мазмұндама;

- аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:

- мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;

- мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;

- өз жанынан қосымша оқиға қосу;

- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

- қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;

- кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

- берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:

1) мазмұндылығы мен идеялылығы;

2) ой-пікірдің жүйелілігі;

3) стилі;

4) грамматикалық сауаттылығы;

5) әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.

Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

Бірінші баға - мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға - сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру.

Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (22-кесте).





«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:

- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

- көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.

- қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);

- «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;

- сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

- мәтін азат жолдан басталады;

- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;

- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал