- Учителю
- Сәтті жағдай
Сәтті жағдай
БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы Жаңақала ЖОББМ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Искарина Аксана Абдулхамитовна
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Біз достықты қалай түсінеміз?»
Мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; оқушыларды әдебитілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқаратарының қалыптасуына өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу; оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Түрі: тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы: Ұйымдастыру
Төрт түсті гүлдер арқылы топқа бөлу.
Негізгі бөлім
Кім достық туралы мақал-мәтел біледі.
Оқушылар кезекпен білетін мақалдарын айтады.
Мұғалім: Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Біз достықты қалай түсінеміз?»
Оқушылар достық туралы өз ойларын айтады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Достық - аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың- ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір -бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде сөзге шешен Әйтімбет деген кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
-
Достық нешеу? - деп сұрапты.
Әйтімбет:
-
Достықтың екі түрі бар. Бірі адал, екіншісі амал достық,-дейді.
-
Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
-
Адал достық -өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа, - деп жауап беріпті.
Тапсырма № 1 Жағдаяттар шешу.
Бұл сұрақтар үрулі шардың ішінде болады. Оның жауабын айту үшін шарды дротиктермен жарулары керек. Әр топтан үш оқушыдан шығады.
-
Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. Екі күн болды, сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
-
Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?
-
Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр. Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
-
Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
-
Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
-
Досың сенің қимас ағаң сиылаған сыйкәдеңді ұнатып қалды. Қайта-қайта оны қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?
-
Сенің досың сенен көмек сұрады. Бірақ дәл сол уақытта сенің қолың бос емес, оның да қолын қайтарғың келмейді. Бұл жағдайда не істейсің?
Тапсырма № 3 «Сөйлемді аяқта» тренингі
-
Әрбір адамға дос керек, өйткені...
-
Сыйластық бар жерде...
-
Достық адамдар арасындағы ...
-
Жақсы дос, жаман дос қандай ...
Мұғалім: Сонымен, балалар! Дос қандай болу керек?
Сергіту сәті. Достық туралы слайд-шоу көру.
Тапсырма № 2 Топтастыру, бес жолды өлең
Мұғалім: осымен біздің «Біз достықты қалай түсінеміз » атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қолдарыңыздағы гүлдеріңізді бір-біріңе сыйлаңыздар!