7


  • Учителю
  • Ақпараттық коммуникативтік технологияларды тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде қолданудың тиімділігі

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде қолданудың тиімділігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ақпараттық коммуникативтік технологияларды тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде қолданудың тиімділігі-Оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз етубойынша ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;-жаңа ақпар
предварительный просмотр материала

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде қолданудың тиімділігі

-Оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету
бойынша ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
-жаңа ақпараттық технология құралдарын(жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық базасын жетілдіру.
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет"деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Президентіміздің Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде "ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлемдік әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады"деген болатын. Өйткені, қазіргі біз өмір сүріп отырған ХХI-ғасыр -"ақпаратандыру ғасыры" деп аталған. [1]



Қазіргі кезде толғандыратын мәселелердің ең негізгісі -еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша -келешек ел басқарар,жер суына иелік етер,ел -халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя."Ауылына қарап, азаматын таны" дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иман жүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен ата-анасы, одан соң білім алар алатын ұясы және қоршаған ортасына байланысты.

Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары мыналар:
-танымдық дидактикалық ойындар;
-әңгімелеу,қызықты математика
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштин тәрізді ғалымдардың еңбектерінде "тұлғаның қалыптасуы мен оның шығармашылық танымдық қабілетінің негізгі даму факторы іс -і-әрекет, қызмет барысында жүзеге асады" деп атап көрсетіледі. Іс -әрекет -балалардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны,ішкі жан дүниенің көрсеткіші,дамуының,өздігінен жетіліуінің шешуші белгісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Жаңа заман баласын қалыптастырып ,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жан-жақты білім алуына белсенді,шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып еңгізілуде.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық модельіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.[2]
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі заман инновациялық қызметі-балабақша балаларымен жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялар,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуді педагогтарға нақты бір жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы,сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.[3]
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі жеке тұлғаға бағдарланған инновациялық оқыту технологиясының кең қолданысқа енуі. Қазірігі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеген күш жұмсалады. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.ХХI ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында "біз білім -ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.
Э.Роджерс "Иновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея" десе, Мейлс"Иновация-арнайы жаңа өзгеріс.Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,шешімдерін күтеміз"дейді. Яғни иновацияны жаңаны көру,жаңаға ену,жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет.[4]
Кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде электрондық оқулықты пайдалану балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесінде жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Сондықтан инновациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіне енгізуді кезеңдерге бөліп қарастыру қажет.
Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич "Жаңа технологиялық сабақ педагогтың өз әдісін жаңартуға арналған емес, баланың пайдасына , қажеттіліне арналу қажет, сонда ғана сапа болады" -дейді. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық, педагогикалық диагоностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірбиелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға,икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойышыл педагог болуын қажет етеді. Ұлы ойшыл ғұлама Әл-Фараби "....адам бойындағы ең үлкен қасиет-қабілет, өмірді түсіну, қанағат тұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық" деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Академик Т.Тәжібаев "Адамның жеке қасиеті-қабілет,қабілет-іс әрекеттің түпкі нәтижесі" деп жазады. Ендеше жеке тұлғаға бағыттталған оқыту технологиясының мәні -нәтижеге бағытталған білім үлгісі.[5]
Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта,ұмтылыс)тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.[6]
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. [7]
Қорыта айтқанда, мультимедиялық технологияны оқу іс-әрекетінде қолдану -балалардың Қазақстан республикасының мектепке дейінгі жалпыға міндетті білім беру стандары бойынша базалық білімін бекітіп,әрі қарай жетілдіріп,олардың танымдық дамуын арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіншілік тудырады.Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Демек, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл

3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4. «математика және физика » журналы №4, 2007 жыл

5. . Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал