- Учителю
- Конспект по начальная военная подготовку на тему 'Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді – шеш!», «Бас киімді – ки!» пәрмендерін орындау. '
Конспект по начальная военная подготовку на тему 'Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді – шеш!», «Бас киімді – ки!» пәрмендерін орындау. '
«Жаңақала мектеп - гимназиясы» КММ
ТАҚЫРЫБЫ: Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді - шеш!», «Бас киімді - ки!» пәрмендерін орындау.
10 - сынып
Өткізген: АӘД пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушысы Молдағалиев М.Е
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді - шеш!», «Бас киімді - ки!» пәрмендерін орындау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді - шеш!», «Бас киімді - ки!» пәрмендерінің дұрыс орындау іс-әрекеттерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушыларды әскери өмірге, іске деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: елін, жерін, сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, ҚР ҚК-не деген құрметті, батылдыққа және бастамашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрсету баяндау
Уақыты: 45 мин
Өтетін орны: оқу бөлмесі, саптық алаң
Өтетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери іс, АӘД респуб. Журналы. Саптық жарғы
Күтілетін нәтижесі: Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді - шеш!», «Бас киімді - ки!» пәрмендерін меңгеріп шығады.
а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
-
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады;
-
оқытушыға рапорт береді;
-
амандасу, түгендеу, оқушылардың оқу-құралдарын, сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.
-
Сап элеметтерін атаңдар.
-
Сапты басқару қалай орындалады?
-
Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?
-
Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?
б) Негізгі бөлім - 25 мин.
Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,
«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.
Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.
«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.
«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.
«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.
Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға - саптал». Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.
Сергіту сәті - 4 минут: «Егемен Қазақстан» әнін орындау.
в) Қорытынды бөлім - 6 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
-
саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
-
«Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендердің орындалуы туралы айтып беріңіз.
-
«Бас киімді - шеш!» пәрмені қарусыз және қарумен болғанда оның орындалу тәртібі қалай?
-
Үйге тапсырма: Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Бас киімді - шеш!», «Бас киімді - ки!» пәрмендерін орындау.
-
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
-
Бағаларын жариялау.
-
Әскери қоштасып, сабақты аяқтау.
«Алғашқы әскери дайындық»
пәнінің оқытушы -ұйымдастырушысы: М.Е. Молдағалиев