- Учителю
- Ашық сабақ 'менің сүйікті ісім-гүл өсіру
Ашық сабақ 'менің сүйікті ісім-гүл өсіру
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - гүл өсіру
Мақсаты:
-
Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру;
-
Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану;
-
Оқушыларды табиғатты сүюге баулу, үй өсімдіктерін баптап күту туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу.
-
Тақырып бойынша саналы түрде байланыстырып сөйлеу дағдыланын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ТҚЖ, карточка, кесте, гүлдер.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І ұйымдстыру кезеңі
ІІ психологиялық кезең. Тренинг «Гүл ұсыну»
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап
Жаңа сабақ
Біз өткен сабақта компьютер және оның құрылғылары жайлы өткен болатынбыз. Егер де адам компьютердің алдында ұзақ отырса көзі ауырады. Сол үшін компьютердің қасына қандай өсімдікті немесе гүлді қоямыз? (кактус)
Бұл кактус гүлі адамның денсаулығын сақтайды. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы гүлдерге байланысты болғандықтан «Менің сүйікті ісім - гүл өсіру».
Сабақтың мақсатын, барысын айту. Бүгін біз сабақта «Гүлдер әлеміне» аяхат жасаймыз.
І «Қызғалдақ» әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл қызғалдақ әлемінде бізге тапсырмалар беріледі. Кітаптағы сөздікпен 1- тапсырманы орындаймыз. Біз бүгін сабақта гүлдер әлеміне саяхат жасай отырып, ос ыәлемдегі берілген тапсырмаларды орындау арқылы гүлдер тереміз. Сосын сабағымыздың соңында сол терген гүлдер арқылы бағалаймыз.
І Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Мұғалім сабақ бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады. Оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
1-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқып, аудару.
Гүл, әдемі гүл, көп гүл, менің гүлім, гүл өсіру, гүл суғару.
Гүл арқылы 1-тапсырманы бағалау.
Енді екінші «Раушан гүл әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемде біз 2-тапсырманы орындаймыз. Берілген гүлдердің атауларымен таныстыру, орысша баламасын слайдтан көрсетіп түсіндіру. Осы гүлдердің ішіндегі өзіне ұнаған бір гүлдің суретін салып , сол жайлы түсінік береді.
Қызғалдақ - тюльпан
Раушан- роза
Қалампыр- гвоздика
Түймедақ- ромашка
Гүл арқылы 2-тапсырманы бағалау.
Енді «қалампыр әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемде біз кеспе карточкасымен жұмыс жасаймыз. Тақтамен жұмыс. 3- тапсырманы орындаймыз. Мәтінмен жұмыс.
Гүл арқылы 3-тапсырманы бағалау.
Енді төртінші «түймедақ әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемді біз 5 -тапсырманы және берілген сызбамен жұмыс жасаймыз. Сұрақ жауапты оқып, сөйлеп үйрену.
ҚЫЗҒАЛДАҚ
РАУШАН
ҚАЛАМПЫР
ТҮЙМЕДАҚ
САЯТ
БОЛАТ
ӘЛИЯ
ҚАНАТ
Гүл арқылы тапсырманы бағалау.
«Қоңырау гүл әлеміне» саяхат. Бұл әлемде 6-тапсырманы орындаймыз. Сөйлем құрап үйрену. Гүл сөзінің орнына бүгінгі сабақта өткен гүл атауларының атын қойып, сөйлем құрау.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ- жауап
Үйге тапсырма: 4-тапсырма (өлеңді жаттау)
Бағалау.