7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Тіл мәдениеті' (7 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Тіл мәдениеті' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7 сынып

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Сабақтың түрі:

1) Дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

1. Топтау стратегиясы.
2. Деңгейлік тапсырмалар
4. РАФТ стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!». Н.Назарбаев

Интер белсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

Сабақ жоспары:

  1. Психологиялық дайындық.
    2) Үй тапсырмасын тексеру.
    3) Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Оқушылар назарын сабаққа аудару.
    2) Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, өткен сабақта біз сіздермен қандай тақырыппен танысып едік? Әрине, дүние жүзінде қай тіл ең көп тараған? (қытай тілі)

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!


3. Жаңа сабаққа көшу.


І. Қызығушылығын ояту

Мұғалімнің сөзі: Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.


ІІ. Мағынаны тану

«Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру


Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарттары - дұрыс сөйлей білу.Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген - түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күлдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп келтіреді, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ: «Аталы сөз - баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.

Сөздікпен жұмыс.
Күлдіру - смешить
Күйдіру - огорчать
Сүйсіндіру - влюблять
Сүріндіру - спотыкаться
Бүлдіру - испортить
Жұбату - утешать


ІІІ. Ой толғаныс. Тілші ойыны арқылы


Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.

  • Тілді қадірлеу неден басталады?
    Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады

  • Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
    Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу болып табылады

  • Тілін білмеген нені білмейді?
    Тілін білмеген - түбін білмейді.

  • Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
    «Аталы сөз - баталы сөз» деген екен.

  • «Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.

Топпен жұмыс:

І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септеу
ІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазу
ІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрау

Тілге келмеу - қарсыласып, ұрысып сөйлемеу
Тілді байлау - сөз бермеген адамды айтады
тілі қышыды - айтқысы келген адамды айтады
тілсіз қалу - сөйлемей қалған адам



ІV. Өзіндік жұмыс

Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.

Рөлім - оқушы

Аудитория - сынып

Формасы - мәдениетті сөйлеу

Тақырып - Тіл мәдениеті

Мен мәдениетті сөйлеймін.

Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.

Мен қызықты кітап оқимын.

Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал