- Учителю
- Өзін-өзі тану Сөйлесе білу де өнер 5 сынып
Өзін-өзі тану Сөйлесе білу де өнер 5 сынып
Бекітемін
_______________
«12» желтоқсан 2015 жыл
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын материалдар
үлестірмелі кеспелер, оқулық,
маркерлер, тақта, стикерлер, үнтаспа
Оқыту әдістері
Сұрақ - жауап, тусіндіру , пікір алмасу
7 модульдің қолданылуы
"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".
Дереккөздер
Интернет материалдары
Тапсырмалар
топтық жұмыс, жеке жұмыс, өздік жұмыс
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс - әрекетіІ. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
оқушылармен бірге үлкен шеңберге тұрып, оқушылардың қалауы бойынша бір ән орындау
Топқа бөлу
Оқушылар шеңберге тұрып
Ә. Сүлейменовтың «Әкем - әнім» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.
Қағаз қиындылары бойынша топқа бөлінеді.
л 3
мин
Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрайды
Жазба жұмысы арқылы өзіндік ой- пікірлерін анықтайды
5 мин
«Мағынаны ажырату» кезеңі
Жаңа тақырып
«Жаңа ақпарат» айдарымен таныстыру
Оқушылар жаңа ақпаратты оқи отырып сөйлесе білу үшін түсінісе білу, сөзді тыңдай білу, шындықты айта білудің қажет екенін ұғынады
5 мин
Түсінік тексеру
Оқулықпен жұмыс
«Не айтатыныңды ойлап ал» атты үнді аңызын оқу
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып , сұрақтар төңірегінде ой бөліседі
-Данышпан әйелге қандай тәлім берді?
-Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
-Неліктен біреу туралы ғайбат сөз айтуға болмайды?
7 мин
Жаттығу жұмыстары
Топтық жұмыс:
Сахналау
Сахналау
1-топ: Көшеде достарымен сөйлесу әдебі
2-топ: Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі
3-топ: Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі
7 мин
«Ой - толғаныс» кезеңі
Қорытындылау
«Сөз қадірін білмеген , өз қадірін білмейді» халық мақалының мағынасын түсіндіру
Оқушылар өз ойларын төмендегі бірізділікті сақтай отырып айтып ішығады
Көзқарас. Оқушы өз көзқарасын айтады.
Себебі.Өзінің былай ойлау себеін көрсетеді
Мысал. Мысал келтіреді.
10 мин
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып дұрыс сөйлеу ережесін құрастыру
Күнделікке жазып алады
2 мин
Бағалау
Смайликтермен бағалау
Бүгінгі сабақта алған білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.
3 мин
Рефлексия
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
3 мин