- Учителю
- ҚАзақ тіліндегі стильдер туралы
ҚАзақ тіліндегі стильдер туралы
№4 сабақ
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі стильдер туралы
Білімділік. Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен де хабардар ету. Сөз қолдау аясын кеңейту.
Тәрбиелік. Сөздік қорларын нығайта отырып, сөз мәдениеттерін жетілдіру. Көп алдында сөз сөйлеуге баулу.
Дамытушылық. Сөз саптауды, орынды, шешен сөйлеуді дамыту.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, топтық жұмыс, пікірталас, проблемалық әдіс, жаттығу жұмыстарын орындау.
Қолданылатын әдебиеттер:
А.А.Қасымбек Қазақ тілі 9 сынып Астана «Арман-ПВ» баспасы 2009
Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев Қазақ әдебиеті
9 сынып Алматы «Мектеп».
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
қазақ әдебиеті
Сабақ барысы: тарих
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сабаққа дайындық.
Үй жұмысын тексеру. Берілген жаттығуларды және жазған шығармаларын тексеру.
Сабақ мазмұны:
-
Кіріспе сөз
Өздерің күнде араласып журген ортада немесе оқыған әдеби шығармада, көркем әдебиетте, газет, журналдарда келтірілген мәтіндердің өзіндік
ерекшеліктері бар екенін байқайсыңдар. Бұл - біздің тілімізде әр түрлі стильдердің бар екенінің куәсі.
Қазіргі біз қолданып жүрген қазақ әдеби тілі - стильдік, жанрлық тармақтары анық, ауызша және жазбаша қызмет ететін тіл.
Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары
Ауызекі сөйлеу стилі Кітаби тіл стилі
Көркем әдебиет Ресми стиль, іс-қағаздар Ғылыми Публицистикалық
Стилі стилі стиль стиль
Проблемалық сұрақ
Стиль дегеніміз не? Оған қанда анықтама бересіңдер?
Берілген ауызекі мәтіндерді кітаби тілге айналдырып, айырмашылығын саралап көріңдер.
Жаттығу жұмыстарын орындау
17-18 жаттығуларды ауызша түрде орындау. Мәтіндерді салыстыра отырып, стиль түрлерін анықтау.
19-жаттығу. Шағын топтарға бөлініп, әр топ кесте бойынша, келтірілген тақырып бойынша материал дайындап, ойталқы ұйымдастыру.
Сабақты бекіту
Рефлексия жасау
Бүгінгі сабақта білгенім
Білгім келеді
Сабақ мен үшін қалай өтті?
Сабақты қорытындылау, бағалау
Оқушылардың сауалдары бойынша жаңа сабақты қорытындылай отырып,
Бағаларын қою.
Үйге тапсырма
32 бет 20-21 жаттығу