7


  • Учителю
  • Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту. Тақырып: Етістіктің түрленуі

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту. Тақырып: Етістіктің түрленуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту.

Тақырып: Етістіктің түрленуі


1- жаттығу.Мына етістіктермен сөйлем құрастыр.
Орналасты,еңбектен,біледі,ақылдас ,жазылды,кеңесу,билеу.


2- жаттығу. Берілген етістіктерді үш жақта жаз.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна.


3- жаттығу. Семантикалық кестені толтыр.


Р/с

Мысалдар

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

1

Ол жазды


2

Сіз жазып отырсыз


3

Сұрақ қиын болды


4

Ол сонда оқымаған


5

Қар жауып тұр


6

Қыс суық болды


7

Ол келе жатыр


8

Кітап оқып отырмын

4- жаттығу.Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жікте.
Алып келді, келе жатыр,оқытты, күледі, жылайды, тыңдайсың.

5- жаттығу.Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жікте. Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт.


Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.


6- жаттығу.Етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айтып, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Үлгі: Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын. (Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі).

Алдымызда үлкен адыр көрінеді. Сол адырдың төбесіне немістер бекінген. Биік адырды немістер толық пайдаланды. Олар біздің бекінісімізді бақылап отыратын болды. Қимылдасақ, атқылап дамыл бермеді. Немістер жатқан адырға біз де бет қойдық. Айғай - шусыз жылдамдата басып келеміз. Осы кезде біздің артиллерия жауды гүрсілдетіп атқылай бастады. Жер солқылдап, ауа жаңғырып жатты. Жаудың тікен сымды шебінен өттік. Оның әр жерінен есік ашылыпты. Пулеметтен оқты қарша бораттық.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал