7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді сабақ жоспары Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер (6-сынып)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:27.04.2016

Пән мұғалімі

Махмуова Индира

Оқушының

саны - 21

Жаңақорған ауданы

№224 орта мектеп



Сыныбы

5-сынып



Сабақтың тақырыбы

Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

Сілтеме

Жоспар, 5 -сынып, Қазақ тілі оқулығы,

Б.Б.Жахина «Сөзжасамды оқытуға қосымша»

Жалпы мақсаты



Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер жайлы түсінік беру, бірігу арқылы әртүрлі ұғым атаулары жасалатынын меңгерту, басқа туынды сөздер түрлерінен ажырата алуға үйрету

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жаңа сөз, жаңа ұғым атаулары бірігу жолымен жасалатынын түсінеді, басқа туынды сөздер түрлерінен ажырата алатын болады.

Негізгі идеялар

Жаңа сөз, жаңа ұғым атаулары сөздердің бірігуі арқылы да жасалатынын ұғындыру

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Сөздер банкісі», «Нақ сұрақ, дәл жауап» , «Тендер» әдісі, полиглот, кері байланыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру (3 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Шаттық шеңберіне жиналу

Достар, шеңбер құрайық!

Қол ұстасып тұрайық.

Сабағымыз сәтті өтіп,

Қуанышты болайық!

Туынды сөздер жазылған стикерлер арқылы 3 топқа бөліну

Оқушылардың қызығушылығы оянып, назары сабаққа ауады. Оқушылар өздеріне тиісті орынға барып отырады.

Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

«Нақты сұрақ, дәл жауап» әдісі 1.Сөзжасам дегеніміз не?

2. Түбір сөз деген не? 3.Қандай сөздерді туынды сөздер деп атаймыз? 4.Лексикалық жолмен туынды сөздер қалай жасалады?

5.Лексикалық жолмен қандай сөздер жасалады? 6.Жұрнақ жалғану арқылы туынды сөздер қалай жасалады?

7.Жаңа сөз жасауға қандай жұрнақтар қатысады?

Оқушылар сұрақтарға тез, әрі нақты жауап береді.

Жаңа сабақ

(2 мин)

Ой қозғау

Тақтаға бірнеше мысалддар жазу

Еңбекақы, Қызылорда, тұсаукесер, Гүлжан, тасбақа,

Сөздерді оқытып, мағынасын анықтау,

-Қызылорда-жердің аты, -Қандай сөздерден құрылған -Сонда бұл сөздер қалай жасалған туынды сөздер? -Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер,

Оқушылыр өз білгендерін ортаға салады. Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабаққа енеді.

Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер, Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жаңа лексикалық мағына беретін сөздерді біріккен сөздер дейміз, (Ережені өздері шығарады,)

Мәтінмен жұмыс

(12 мин)

Мәтінді оқып танысуға 5 минут уақыт беремін.

«Тендер» әдісі

Жаңа тақырыпқа қатысты 3 топқа ортақ тапсырма беремін

«Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер»

Оқушылар өз білгендерін ортаға салады, ойласа отырып және топ болып постер дайындайды, кезекпен тендерлік комиссия алдында жұмысты таныстырады. Комиссия қай топтың жұмысын "үздік" деп тапса, сол топ "жеңімпаз" деп танылады.

Сергіту сәті

( 3 мин)

Мұнда бірнеше мақал-мәтелдер берілген. Көп нүктенің орнына туынды сөз тауып қойыңдар. Ол сөздерді орыс тілі және ағылшын тілі мен баламалау қажет.

  1. ... - зор байлық

  2. ... - айдынын аңсайды

  3. ... - жұлқынса жонынан от шығады



Оқушылар ойын ойнайды әрі сергиді. Жеңімпаздарға қол соғу арқылы қошемет көрсетеді.

1. (денсаулық, здоровье, health)

2. (аққу, лебедь, swah)

3. (жолбарыс, тигр, tiger)

Сабақты бекіту

(13 мин)

1."Артық білім кітапта" оқулықпен жұмыс Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар? Демалыс, көкжиек,еңбекақы, Ұлтуған, Қайыпқожа,Әзімхан, жалақы, Жезқазған, Алшағыр, Бұланбай, әркім, ашудас. 2.Жеке жұмыс Берілген сөздерді жасалу жолына қарай топтап жаз Көкшетау, тамсанып-таңырқанып, жұмысшы, Бурабай, күзгі, тау-тасты, күндіз-түні, балалық, Оқжетпес, ертелі-кеш, Қажымұқан, көрме 3.Кім жылдам? (ойын) (топтық жұмыс) бірігу жолымен жасалған менің сыныптастарымның есімі. ә) бірігу жолымен жасалған ауылымыздағы жер, су аттары. 3.Жұптық жұмыс "Сөздер банкісі" (378-жаттығу) Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңдар Сырдария бойындағы Көккесене, Бикеш мұнара, Сырлы там, Сарысу бойындағы Белең-ана, Жұбан-ана, Арал түбіндегі Бегім-ана күмбездері, мұнаралары ғажайып сырлы сымбатымен күні бүгінге дейін қайран қалдырады. Бұл ретте қазақ даласында Қырыққызқала, Баршынкент сияқты Қалалардың болғаны терең ойға жетелейді.

Оқушылар 1 тапсырманы ауызша орындайды, 2-тапсырманы әрқайсысы өз беттерінше орындайды, 3-тапсырманы жұптаса орындайды, дұрыс жауаппен тексереді.

Кері байланыс (3 мин)

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен............................................................................ таныстым..;

.......................................................... .............. маған оңай болған жоқ.

Ерекше ұнағаны................................................................... ...........................

Келер күнге тілегім...................................................................................................

Бағалау

Әр топтың топ басшысы әр оқушының алған ұпайларын бағалау парағына түсіреді

Аты-жөні

Топтық жұмысқа араласуы

Сұраққа жауап беруі

1-тапсырма



2-тапсырма жеке жұмыс

3-тапсырма жұптық жұмыс

4-тапсырма Кім жылдам?

Барлы

ғы



1

















2

















3

















4

















3- өте жақсы, 2 - жақсы, 1 - орташа

Кейінгі оқу

(2 мин)

1.376-жаттығу Біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрау 2. Жолаушының қойын дәптері ("Көктемдегі қызықтар" тақырыбында бастан кешкен немесе көрген көрінісін қызықты етіп жазу)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал