7


  • Учителю
  • Халықтың жаны да , сәні де - Тіл 5-6 сыныптарға арналған сайыс Әдебиет

Халықтың жаны да , сәні де - Тіл 5-6 сыныптарға арналған сайыс Әдебиет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№142 орта мектеп





































(5-6 сыныптар)













































</<font face="Times New Roman, serif">2015-2016 оқу жылы





Тақырыбы: Халықтың жаны да, сәні де - Тіл

Мақсаты: 1. Оқушыларды ата- бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке ,ойын нақты дұрыс жеткізуге ,тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, сөздік қорын молайту

2. Оқушылардың ой- өрісін ,дүниетанымын кеңейту,жұрт алдында еркін ауызекі сөйлеуге баулу

3. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру ,қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, қосымша материалдар, слайдтар

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз :

-Құрметті оқушылар, бүгін сендермен «Халықтың жаны да, сәні де - Тіл»

деген тақырыпта мақал- мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз. Мақал- мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал- мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіңдер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы ,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап, атадан балаға қалдырып келе жатқан өмірлік ,өшпес мұрасы.

«Сөзді көркі - мақал »деген аталы сөз бар. Мақал- мәтелді көп біліп ,көп қолданған адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал- мәтел сайысымызды бастайық.

І бөлім: «Жалғасын тап » деп аталады.

1.Сөздің көркі -мақал (жүздің көркі- сақал)

2.Өз елім ... (өлең төсегім)

3. Балапан ұядан не көрсе ...(ұшқанда соны іледі)

4. Сөзің тәтті болсын... (ашуың қатты болсын)

5. Жақсы кісі байқап сөйлер....( жаман кісі шайқап сөйлер)

6.Ананың көңілі балада ...( баланың көңілі далада)

7. Батыр туса ел ырысы .. (жаңбыр жауса жер ырысы)

8.Балалы үйдің.....( ұрлығы жатпас)

9.Оқу - білім бұлағы... (білім- өмір шырағы)

10.Тіл тас жарады ...( тас жармаса, бас жарады)

11. Ашу - дұшпан, ақыл дос ...(ақылыңа ақыл қос)

12. Тіліңмен жүгірме ... (біліммен жүгір)

ІІ бөлім: Үй тапсырмасы

Алдын - ала дайындалып келген оқушылар ,әр тақырып төңірегінде шағын мақалды әңгіме құрау керек. Қойылатын шарт әңгіменің ішінде мақал- мәтелдер болу керек. 5-6 сөйлем .

  1. Тақырып Тіл- асыл қазына

  2. Тақырып. Отан - елдің анасы

ІІІ бөлім : «Кім тапқыр» деп аталады .

Екінші қатардағы сөзге қатысты сөзді бірінші қатардан тауып, мақал- мәтел құрастыру.

1. Ой

Ана - жүйрік

Тіл Жауабы: Тіл жүйрік емес ,ой жүйрік

2.Білім

Оқу

Ақыл- кен Жауабы: Ақыл - тозбайтын тон ,

Білім - таусылмайтын кен





  1. Оқу

Тоқу

Жазу - ине Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.

  1. Жұмыс

Еңбек - береке

Ақша Жауабы: Еңбек түбі - береке

Көптің түбі - мереке

Келесі бөлімде ақын жазушылардың ана тіліне арнаған өлеңдері мәнерлеп оқылады.

Мұқағали Мақатаев

  • Үш бақытым

Ең бірінші бақытым - Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса , мен бармын,қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел - дағы от ал менен...

Әбдібай Табылдиев





Ана тілі

Ақыл - ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой , білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров





Асыл сөз

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.

Сөз мәнісін білмесең,

Өлең оқып не керек?

Не айтқанын сезбесең,

Жарапазан не беред?

Туған тіл

Сүйем туған тілді - анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

"Ана " деген сүйгендік сөз әм менен.





IV бөлім "Ойлы болсаң, тауып көр"

Ойын. Сұрақ-жауап.

1.Білгенің қанша, білмегенің қанша? (білгенің 9, білмегенім 99)

2.Адамда арқау бола ма? (Ас - адамның арқауы)

3.Түкіріктен көл бола ма? (Көп түкірсе көл болар )

4.Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

5.Көпке не шаш па? (топырақ)

6.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (Дұшпан аяққа қарайды)

7.Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

8.Сиырдың сүті қай жерде? (Сиырдың сүті тілінде)

9.Бейнет түбі не? (Зейнет)

10.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не? (бұлақ), жола анасы не? (тұяқ)

11.Не қылыштан өткір? (тіл қылыштан өткір)

12.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (мақал сөздің дәмін келтірер)





V бөлім

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру:

Бармақ шайнап қалу-өкіну

Тайға таңба басқандай - анық

Жүрегі тас төбесіне шықты - қорықты

Ат құлағында ойнайды - атқа жақсы отырады

Бармағынан бал тамған - шебер

Төбесі көкке жетті - қуанды





VI бөлім

Тіл өнері: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Жауабы екі тілде айтылуы керек.

1.Үндемес серік, ақылы берік (кітап-книга)

2.Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон)

3.Толып келіп бос кетеді. (қасық, ложка)

4.Жемге ауыз салса - ұтылғаны, айналып өтсе-құтылғаны.

(балық, рыба)

5.Екі бала үстінде, орын бермес ешкімге, бара жатыр ерні жырық қояндай. (түйе, верблюд)

6.Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бол, мел)





Қорытынды:

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Тіл- сарқылмас қазына, ата - бабамыздың көзі, мұрасы, ал мақал-сөздің азығы, тәрбие көзі, - деп сайысымызды қорытындылаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал