7


  • Учителю
  • Тақырыбы «Елбасы – кемеңгер көшбасшы»

Тақырыбы «Елбасы – кемеңгер көшбасшы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы «Елбасы – кемеңгер көшбасшы»Мақсаты: Оқырмандарды Елбасымыздаң өмірі мен жазылған кітаптарымен таныстыра отырып, Отанымызға , елге, ата – анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тәуелсіз мемлекеттеріміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.Түрі: кон
предварительный просмотр материала

Тақырыбы «Елбасы - кемеңгер көшбасшы»

Мақсаты: Оқырмандарды Елбасымыздаң өмірі мен жазылған кітаптарымен таныстыра отырып, Отанымызға , елге, ата - анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тәуелсіз мемлекеттеріміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.

Түрі: конференция.

Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру

2.Кіріспе

3.Баяндамалар

4.Қорытынды

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар, кітап сүйер оқушы қауым! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбегіне арналған « Елбасы - кемеңгер көшбасшы» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер .

2- жүргізуші: Оқырмандар конференциясының алғашқы кіріспе сөзін мектеп кітапханашысы Мария Данабатшақызы Ботаеваға сөз береміз.

Кіріспе: кітапханашы сөзі

Тәуелсіздігі туы желбірегеннен бері бүгін мектеп кітапханасына әдеби кітаптар мен бірге Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары да екі тілде бірдей түсуде.Елбасымыздың кітаптарыда өз оқырмандарын табуда.Кітапханаға түскен әр кітапты насихаттауды кітапханашы өзінің міндеті деп санайды. Әрбір кітабымыз оқырман жүрегінен орын тауып, оқырмандарымыз ізденіп, қорымыздағы кітаптарымыз сұранысқа ие болып жатса, біз кітапханашылар еңбегіміздің бос кетпегендігін түсінеміз. Біз сіздермен бірге Елбасымыз Н.Әбішұлының өмірі мен жазған еңбектерінің болашаққа қадам бастар, ел сенімін ақтар , саналы тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарына арналған кітаптардың бірнешеуіне өздеріңізбен бірге шолу жасамақпыз.

Қазақтың аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай:

«Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей, қатарға енбек.

Білімге ел болып аңсап құмарланса,

Жетілмек аз - ақ жылда жоғары өрлеп» - дегендей, Елбасы еңбектерінің қанадай да болмасын тақырыптарын оқысаңыз ел эконоикасын, ел тарихын , ел рухын, халықтың жағдайын, тәрбиелік салт - санасын оятар маңызды ойларды қазғайды, білімге ел болып ұмтылсақ , мемлекетіміздің болашағы тек білімді ұрпақтың қолында болатындығын " Болашақ" бағдарламасына деген көзқарынан - ақ білеміз .Сондықтан да біз бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымызбен бірге үндесіп, болашағымызға жол тауып отыруымыз қажет,ел тарихы, жер тарихы, халықтың болашақтағы жарқын өмірін саралап беретін Н.Әбішұлының өмірі мен еңбектері туралы ой бөлісеміз.

1 - жүргізуші: Елбасының қысқаша өмірі мен еңбек жолының өсуіне арналған Президент пайымы немесе «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сөз кезегін баяндамашы 7 сынып оқушысы береміз.

2 - жүргізуші:

«Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла,

Игі мақсатқа тура жүрген жетеді» - деп шығыс ғұламасы Фирдауси айтқандай

Тәуелсіз Қазақстанның 2030-шы жылға дейінгі стратегиялық дамуының жария етілгеніне 13 жыл болды. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы бойынша барыс бейнесі болашаққа бет алған қазақ елінің рәмізіне айналғанын жақсы білеміз. Бұл жақсы жолға қойылған стратегиялық бағдарлама ел өміріндегі орын алған өзгерістердің бәрін қамтыды.

« Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарлама кітабы туралы ой айтуға сөз кезегін 7 сынып оқушысы береміз

  1. жүргізуші:Жаһандық қоғамды серпілту, өзін толғандырып жүрген түйінді мәселелер туралы ойын «Сындарлы он жыл» кітабында паш етті. Осы кітап жайлы пікір айту 7 сынып оқушысы береміз.

2 - жүргізуші: Тарихқа бар ынта - жігермен ден қоюы, бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың « табын» сезінгендігінде шығар, «Елбасы» кітабында көкірек көзі ояу, зерделі жанның көңіліне жететіндей етіп берген шығармасына шолу жасау 7 сынып оқушысы беріледі.

  1. жүргізуші: 1997 жылғы 10-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің бірлескен мәжіліс кезінде Қ.Р.Президенті резиденциясының Күмбезі залында, Елбасы Ақмола қаласын ел астанасы етіп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. 1997 жылдан Алматыдан - Астанаға кезең-кезеңмен қоныс аударылғанына бүкіл әлем куә.

Астана-еліміздің айнасы. Елдің күш-қуатының, өсіп-өркендеуі мен кемелденуінің басты белгілерінің бірі болуы тиіс. «Астананың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама әлі күнге жалғасуда.

Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабына өз ой-пікірін айтуға сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы мемлекеттің таяу жылдарда атқаруға тиісті міндеттерін саралау мен елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталатындығы белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет басшысы саяси тұрақтылықты, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды, бір сөзбен айтқанда, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін қалың халықтың мақсат-мүдделерін ескере отырып шешеді. Мұның айғағы Елбасының Қазақстан халқына арналған әр жылғы Жолдауы - әр қазақстандық үшін ең маңызды әрі мазмұнды құжат бола алады.

Халқым күткен - Елбасының Жолдауын

Елбасымыз күткен Елдің қолдауын.

Елбасының ойлайтыны - Ел қамы

Өз қолында Елдің ел боп орнауы,

Елдің қамы- Елбасының Жолдауы!...


Елбасының әр жылғы жолдауына арналған сөз кезегін 7 сынып оқушысы

беріледі.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 20 жыл ішінде әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет - бейнесі: мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт - дәстүрлері бар, бастан кешкен қасірет қатпарлары да қалың халқымыздың өміріндегі аса маңызды, ал біткен істермен бағампдар болсақ, тұтас бір ғасырға бергісіз жылдар өткенін сезінер едік. Қазақстан мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ортасынан лайықты орнын иеленіп, өркениетті қарым-қатынасқа көшті. Халқымыз осы 20 жылда талай қауіп-қатерден аман өтіп, етек-жеңін жиып, еңсесін тіктей алды. Ел басқару ешқашан да оңай болған емес. Н.Ә.Назарбаев сынды өз жұртының арман-мұңын сезіне білетін тәжірибелі саясаткер, биік парасат иесінің қолында болуы да бүгінгші биігімізге толымды табыстармен жетуімізге бүгінде өз халқымыз ғана емес, көзі ашық, көңілі ояу әлем жұртшылығы да жақсы хабардар.

Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабына арналған шолуды 7 сынып оқушысы береміз.

2 - жүргізуші: ХХІ ғасыр : әлем саясеткерлері Нұрсұлтан Назарбаев туралы» атты кітаптағы Елбасымыздың төрткүл әлем алдындағы зор беделі мен абройын жүрекжарды жақсы пікірлер ,тілектер, іскерлігін кең тұрғыда ойлана білетін жаңашылдығын ашып көрсеткен. Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық наградалары мен сыйлықтары, академиялық және құрметті атақтары мен түрлі марапаттары берілгендігін мына бейне көріністерден көрдіңіздер

1- жүргізуші: Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқығын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету, еліміздің экономикасын көтеріп , халқымыздың әл- ауқатын арттыру бағыттарында қомақты жұмыс атқарды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Қазақстанның дербес мемлекет құрудағы жолдарының жас ұрпаққа берер тарихи сабағы туралы «Қазақстан жолы кітабында айтып өтті. Осы кітапжайында пікірімізді 7 сынып оқушысы

  1. жүргізуші: Еліміздің еңсесі жоғарылап жатса, халқымыздың мерейі көтеріліп өмірге деген құштарлығы бұрынғыдан да артса, бұл ең алдымен тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың кемел ойы, сарабдал саясаты, кемел ісінің арқасы, ізденіске толы , маңдай тер мың төгілген жылдардың жемісі. Ең баянды бақыт - елімнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де - мемлекеттің мәртебесі» - деп өзі айтқандай , «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығар» деп данагөй халқымыз айтпақшы, Елбасының жанымызға жақын , жарқын қырларын, жасампаз істерін насихаттауды парызымыз деп санаймыз.



Қортынды бөлім

Кітапханашы сөзі. Шаңырағы биік көтерілген қабырғалы қазақ елінің атақ даңқы шығандап шықты дәл қазір Қазақ деген халықты танып біле бастаған әлемдік қауымдастық тұлпардың тұяғы кетіліп, құстың қанаты талар, үсті де асты да байлыққа толы байтақ даламыздың қадір қасиетіне жете түсті.

1- жүрізуші : конференция жұмысына белсене қатысып, ой бөлісіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал