7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Тақырыбы: 'Әсемпаз болма әрнеге'

Ашық сабақ Тақырыбы: 'Әсемпаз болма әрнеге'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



3-апта

3-күн

3-сабақ 22.10.14ж

Сыныбы

6 «Ә»

Пәні

Әдебиет

Пән мұғалімі

Мұқанбетова Айнаш

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Жалпы мақсаты

1.Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы жан-жақты мәлімет бере отырып білімін кеңейту;

2. Өлеңге тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасау;

3. Оқушыны адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелей отырып,сыни тұрғыда өз ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру;

Сілтеме

6-сыныптың әдебиет оқулығы, Абай Құанбаевтың өлеңдер жинағы, 1-2 том, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, «Мұғалімге арналған Нұсқаулық», тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.

Оқыту нәтижеле-рі

1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет алады.

2. Өлеңнің басты тақырыбы мен идеясын талдай алады.

3.Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, шығармашылық қабілетін дамытады;

Негізгі идеялар

Өлеңге мазмұндық талдау жүргізу арқылы оқушы бойында адамершілік қасиеттерді қалыптастыру, деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер

СТО стратеиялары:кубизм, эссе, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс,


Тапсырма-лар

1\Блум таксономиясы арқылы оқушыларға өлең мәтінімен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, өлең мазмұны мен идеясына, өлең құрылысына талдау;

2\Оқулықпен жұмыс жасау, әдеби теориялық ұғымдардың мәнін ашу;

3\Шығармашылық жұмыстар


Дереккөз-дер

Қима қағаздар, АКТ, слайдтар, плакат, түрлі маркерлер, стикер, тілек ағашы


Мұғалім жазбалары

Уақыты


4 минут


5 минут


5 минут

5 минут


10 минут


3 минут


10 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сыныппен сәлемдесу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Тренингпен бастау.Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, ойлауға, назар аудара білуге жаттықтыру. Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Әркім өз атына сәйкес дүкеннен жеміс сатып алады.1 оқушы бастайды. 2-оқушы айтқанын қайталап өзін айтады.3-оқушы алдыңғылардың айтқанын қайталап барып өзін айтады.Солай жалғаса береді.

Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу.

Рөлдерді бөлу (топ лидерін сайлау)

Блум таксономиясы

Білу.

Үй тапсырмасы бойынша өлеңді мәнеріне келтіріп жатқа оқиды.

Түсіну. Жұптық жұмыс

Жаңа сабақты бастамас бұрын қызығушылығын ояту үшін ой тастайтын сауал береді.

-Сендердің өмірдегі басты мақсаттарың не деп ойлайсыңдар?

Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

  1. 1.Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. 2.Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

  3. 3."Алдың-жалын, артың - мұз" деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  4. Қолдану.

  5. 1.Пайда, мақтан, мінін ұрлап жасырып сөздерінің мағынасын ашыңдар? Синонимдерін жазыңдар.

  6. 2.Осы өлеңде нақылға, қанатты сөзге айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

  7. Талдау

Сатылай кешенді талдау

1.Авторы

2.Тақырыбы

3.Идеясы

4.Жанр түрі

5.Шумақ саны

6.Тармақ саны

7.Бунақ саны

8.Буын саны

9.Ұйқас түрі

10.Әдеби-теориялық ұғымдар

11.Түсіндірме сөздік

12.Өлеңнің тәрбиелік мәні

Сергіту сәті «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. Оқушыларға әр түрлі жануарлардың аттары жазылған текшелерді таратып беремін.Атаулар екі текшеде қайталанған.Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Өз сыңарыңызды табыңыз.Сөйлесуге, дыбыс шығаруға болмайды. Тек қимыл арқылы ғана көрсетеді.Жұптардан қандай жануар екендігі сұралады.

Жинақтау. Топтық жұмыс

Осы өлеңді түсіне отырып, «Нағыз адам» бейнесін жасайды.

Оқушының іс-әрекеті Мұғаліммен сәлемдесу.Тренингке қатысу. Топтарға бөлінеді. Лидер тобындағы мүшелердің бағаларын қойып отырады.

Оқушылар өзара сұрақ қояды.

Жұпта пікірлесіп, әркім өз жұбының мақсатын айтады.

Оқушылар оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқып танысады.


Пікірлерін айтып, ой бөліседі.



Оқушылар сатылай кешенді талдау жасайды.Ережелерін айтады.



Тренингке қатысып, өз жұптарын іздейді.

Нағыз адамның киім үлгісін дайындайды.Оны киіп көрсетіп, жіпке жайып қояды. Топтар бірін-бірі бағалайды.

1 минут

Бағалау. Формативті -Гүл, жүрек жапсырмаларын ұсыну.

.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

1 минут

Рефлексия

«Тілек ағашына» өз тілектерін, сабақтан алған әсерлерін, ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып жапсырады.

Стикерге жазып жапсырады.

1 минут

Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау. Абайдың қарасөздерін оқу.

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!


Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға, оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу.

Міндеті: білімділік-өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; тәрбиелік- адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.

Көрнекілігі: Абай суреті, сабақ кезеңдері (слайд).

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту "Кім жылдам?"

1. Абай кім? 2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген? 3. Абайдың шын есімі кім? 4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 5. Қандай әндерін білесіңдер? 6. Қанша қара сөзі бар?

7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады? 8. Оның авторы кім? 9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар? 10. 31 қара сөзі не туралы?

Топтастыру әдісі

Мағынаны тану.

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты - мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

"Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

3. "Алдың-жалын, артың - мұз" деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

4. "Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру," сөздерінің мағынасын ашыңдар?

5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

V. Дәптермен жұмыс. "Пайда, мақтан, бәйге, жасыру" сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу.

Ақыннң нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу.

Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.

Шалыс ұйқаспен жазылған.

Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге 8 буын а)

Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан, // - // б)

Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - // а)

Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан! // - // б)

VІ. Сөздікпен жұмыс.

Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.

Ез (езбе) - мезі етуші, мыжыма.

VІІ. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау; осы тақырыпқа ой толғау жазу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал