7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен сабақ жоспары Жаман жолдас. Сын-қимыл үстеу.

Қазақ тілінен сабақ жоспары Жаман жолдас. Сын-қимыл үстеу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жаман жолдас. Сын-қимыл үстеу.

Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, сын-қимыл үстеуі туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен ажырата білуге үйрету.

ә/ Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.

б/ Оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілдікке жақсы дос болуға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: -

-оқушыларға қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға және дұрыс жазуға баулу

- үстеу түрлерін дұрыс ажыратуға және сөйлемде дұрыс қолдана білуге баулу

- жаңа сөздер арқылы сөздік қорын молайту

- өз ойларын қазақ тілінде жеткізе алуға баулу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың көнекілігі: суреттер (слайд шоу ), кестелер, карточкалар

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, аудару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен жарқын, өлең жолдары арқылы сәлемдесу

- Күн шығады әнімен.

- Қайырлы күн!

- Теңізде толқын толқиды.

- Қайырлы күн!

- Көтерілді ақ бидай.

- Құстар самғап ән салды.

- Балаларым, айтыңдаршы?

- Қайырлы күн!

- Қайырлы күн көк аспан!

- Қайырлы күн жер ана!

- Қайырлы күн достарым!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ереже, сурет салу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1. Мәтінмен жұмыс орындау: іштей оқу; дауыстап оқу; мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ құрап, бір біріне қойып жауап алу.

Жаман жолдас

Екі дос келе жатты. Достардың бірі әлсіз, екіншісі ауру еді. Екіншісі дені сау жас жігіт болатын. Кенет алдарынан аю шықты. Дені сау жігіт бірден ағаштың басына шығып кетті. Ауру жігіттің ағашқа шығуға күші жоқ еді. Ол жерге құлады да, өлген кісі болып жатты. Аю жатқан кісінің қасына келіп, иіскелеп тұрды да, кетіп қалды. Біраздан кейін ағаштың басынан түсіп, жолдасы қасына келеді.

-Достым, аю құлағыңа не сыбырлады? - деп сұрады.

Ауру жолдасы:- Аю құлағыма мынадай ақыл айтты: екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен жлдас болма, - дейді.

2. Грамматикалық тақырып.

Үстеулердің мағынасына қарай түрлері:Түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл үстеуі

(наречия времени)

Қашан? қашаннан?

Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке, қазір

Мекен үстеуі

(наречия места)

Қайда? қайдан?

Ілгері, кейін, мұнда, әрі, бәрі, төмен

Сын -қимыл үстеуі

(наречия образа и

способа действия)

Қалай? қайтіп? қалайша?

Әрең, ақырын, бірден, сөйтіп, бірге

ІІІ Сабақты қорыту. Бағалау. Венн диаграммасын толтыру.

V. Үйге тапсырма. Әңгімелеу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал