7


5 класс сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Айы, күні, жылы.

Сыныбы. 5 Б

Сабақтың тақырыбы. Достықтың түрлері

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.


ІІІ. Бекіту.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, мысал келтіріңдер.

1. Сан есім деген не?

2. Реттік сан есімнің есептік сан есімнен айырмашылығы қандай?

3. Ілік септігінің сұрақтары мен жалғаулары қандай?

4. Жатыс септігінің ерекшеліктері қандай?

5. Етістіктің осы шағы туралы не білесіңдер?

Бұл тапсырманы орындағанда сыныпты екіге бөлуге болады. Төмендегі сұрақтар алдын ала интерактивті тақтаға жазылады және жасырылып қойылады. Әр топтан бір оқушы шығып, санды таңдап, сұрақты ашады. Егер жауап бере алса, бірден жауабын айтуға болады (топ мүшелері толықтыра алады) немесе тобына барып, көмек сұрауына болады.

1. Сан есім деген не? →1

2. Ілік септігінің сұрақтары мен жалғаулары қандай? →2

3. Реттік сан есімнің есептік сан есімнен айырмашылығы қандай? →3

4. Жатыс септігінің ерекшелігі қандай? →4

5. Етістіктің осы шағы туралы не білесіңдер? → 5


2-тапсырма. Тірек сызба бойынша «Досыма хат» тақырыбында бірнеше сөйлем құрау.

Үлгі: Мен досыма хат жазамын. Ол маған жауап береді.

кім?

есімдік (зат есім) + қайда? кімге? + не істеді?

Жауап үлгісі:

1) Арман досына сурет жіберді.

2) Досы да Арманға Астанада түскен суретін жіберді.

3) Олар Атырауда болған жарысқа Интернет арқылы қатысты.


Оқылым

3-тапсырма. Мәтінмен танысып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді.

Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң, өзін-өзі солай тағы тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» - деген сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық.

  • Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз?-дегендерге.

  • Адал достық-өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, -деп жауап берген Әйтімбет.


ІІІ деңгей. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Әйтімбет деген кім болған?

  2. Замандастары оған қандай сұрақ қойған?

  3. Достықтың неше түрі бар екен?

  4. Олар қалай аталады?

  5. Олардың қандай айырмашылықтары бар?


ІІ деңгей

Мәтінді рөлге бөліп, өзара сөйлесіңдер.


І деңгей

Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемнің мағынасын ашыңдар. Өз пікірлеріңді білдіріңдер.


V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал