7


  • Учителю
  • Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен' Етістіктің райларын қайталау ' 7-сынып

Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен' Етістіктің райларын қайталау ' 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау .

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың етістіктің райларынан алған білімдерін

бекіту, тұжырымдау,теориялық білімін практикамен

ұштастыру.

2) Оқушыларды адамгершілікке , ұлтжандылыққа , ана тілін

қастерлеуге баулу.

3) Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын,

шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы,Блум жүйесі бойынша мақсат қою технологиясы,сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карталар, оқулық,аудио,бейнетаспа, слайд.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі,өзін-өзі-тану.

Сабақтың барысы:

«Қайталау -оқу анасы» деп бекерге айтылмаған . Ендеші, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар?( етістіктің райларын қайталау)

-Балалар, біз сендермен етістіктің райларын қайталаймыз. Сендердің білімдерінді тексеремін. Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар.

І.Білім -«Аукцион әдісі» сұрақ-жауап.

1.Етістіктің райлары дегеніміз не?

2.Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

3.Етістіктің райларының қандай түрлері бар?

4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?

5.Бұйрық рай дегеніміз не, қалай жасалады?

6. Шартты рай дегеніміз не, қалай жасалады?

7.Қалау рай дегеніміз не?

8. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

ІІ.Түсіну. Берілген сөйлемдерден етістіктің райлар тауып , жасалу жолын түсіндіру.

Ғ.Мүсірепов: «Тілін білмеген ,түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді,сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді,қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады».

Білмеген-ІІІ жақ, білмейді,күйдіреді,сүріндіреді,бүлдіреді,қуартады,кетіреді,жылатады-ашық райлы етістік,жедел өткен шақ.

Сүйсіндіремін,білдіремін,қуантамын,келтіремін-ашық райлы етіс, жед өтк шақ.

ІІІ .Қолдану. Семантикалық карталарды толтыру.

Етістік

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

оқыды

жазғай

тыңда

барса

секірші

күрессе игі еді.

тоқта

сұраған

айтпаса


ІҮ. Салыстыру . Венн диаграммасы .

Бұйрық раймен шартты рай.

Бұйрық рай ( іс әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіреді. Көбінесе ІІ ж қаратылып айтылады.

Шартты рай ( Қимылдың іс әрекеттің болу-болмау мүмкіндігін шартын білдіреді.

Са-се жұрнақтары арқылы жасалады.


Қалау рай мен ашық рай.

Қалау рай ( Негізгі не туынды, етістік тұлғасына -ғы-гі , шартты рай тұлғасы-са-се

игі еді, -ғай,гей)

Ашық рай ( Үш шақтың бірінде қолданып,сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы.)

Ү. Жинақтау Кітаппен жұмыс . 182-жаттығу «Бақытты болу деген не?» эссе

ҮІ. Елестеу . Поэзия минуты.

ҮІІ.Талқылау. Сәйкестік тест

Ойнады түйық етістік

Бара жатыр есімше

Сұраған өткен шақ

Кесіп осы шақ

Байлау көсемше

Қатыспақ келер шақ

ҮІІІ. Суреттеу. ( Сурет бойынша мәтін құрау)


ІХ. Зерттеу. ( Мен кіммін? ойыны өз аттарына байланысты шағын әңгіме жазу.)


Х. Қорытындылау. Рефлексия Бұгін сабақта маған не ұнады?


ХІ. Бағалау. ( бірін-бірі бағалау)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал