7


  • Учителю
  • Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)

Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Түгендеу.Балалар бүгін біздің сабаққа Қызылтелпекте келіпті. Сондықтан оған өзіміздің білімімізді көрсетейік. Сендерге деген сыйлығы бар.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, қандай азық-түліктерді білесіңдер? Нан деп атын айтқан бала үстел үстіндегі суреттерден нанның суретін алып тақтаға іледі. Осылай оқушылар азық-түліктердің атын атап тақтаға іледі. Осылардың барлығын не деп атаймыз балалар? Бұлардың барлығын азық-түліктер деп атаған оқушы азық-түліктердің ортасына іледі.

Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)

Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)























III.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі. Тақырып бойынша толық мәлімет бере отырып, жемістер мен көкөністердің атауларын дұрысатай білуге баулу.

Тәрбиелік. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Дамытушылық. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөз қорын молайту.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай сюжетті суреттер,сөзжұмбақ «Жемістер», Қызыл телпек, алма ағашы.

Сабақтың барысы:

IV. Жаңа сабақ.

  1. Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Жемістер мен көкөністерге алма, алмұрт, анар, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, жүзім жатады. Бұлардың барлығын жемістер мен көкөністер деп атаймыз. Жеміс ағаштарын қорғап, сындырмай, оларға су құйып күтуіміз керек.

V. Тапсырмалармен жұмыс.

Сурет бойынша жұмыс. Бұл мақсатта 13-беттегі 1-тапсырма бойынша жұмыс жасаймыз.

1.Сурет бойынша жемістер мен көкөністерді айтамын, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды.

2.Жемістер мен көкөністерді суреттен көрсетіп атайды, оқушылар қайталайды.

3.Оқушылар сурет бойынша жемістер мен көкөністерді тізбектеп айтып шығады.

2-тапсырма.

1.Жемістер мен көкөністерді суреттен көрсете отырып атап шығамын.

Мынау -алма.т.б Бұлар -жемістер мен көкөністер.

2.Сөздерді оқимын,оқушылар қайталайды.

3.Жемістер мен көкөністерді суреттен көрсете отырып атаймын, оқушылар қайталайды. Мынау -алма. Мынау -қызанақ.

Топтық жұмыс.

1.Оқушыларды екі топқа бөлу.

1 -топ. Жемістерді көрсет, аиа.

2 -топ . Көкөністерді көрсет, ата.

Оқушылар тақтадағы көрнекілік бойынша жемістерді, көкөністерді атайды. Дұрыс атап көрсеткен топ жеңімпаз топ атанады.

Кітаппен жұмыс. Бұл мақсатта 14-беттегі 3 -тапсырма бойынша жұмыс жасаймыз.

1.Көрнекілік бойынша түстерді атаймын.

2.Түстерді атаймын, оқушылар қайталайды.

3. Кітап бойынша жұмыс жүргізіледі. Балалар! Мыналар -доптар. Доптардың түстерін айтайық.

а) Түстерді атаймын, оқушылар қайталайды.Түстер: қызыл, жасыл, қоңыр, ақ, көк, сары, қара.

ә) Сурет бойынша сөз тіркесін жасап айтамын, оқушылар қайталайды.Қызыл доп. Қара доп. Жасыл доп. Көк доп. Сары доп.

Жеке топтық жұмыс.

1.Оқушыларға түрлі түсті кеспе қағаздарын таратамын.

2.Түстерді айтамын, оқушылар кеспе қағаздарынан сол түсті тауып көрсетіп, қайталайды.Дұрыс жауап берген оқушылар белсінді оқушы атанады.

4-тапсырма.

Сөйлеп үйрен.

  1. Алманың суретін көрсетіп, алма туралы айтады. Оқушылар тыңдап отырады.

Алма.

Мынау -алма.

Мынау -қызыл алма.

  1. Оқушылар осылай кезекпен айтып шығады.

Сергіту сәті.

Оң қолымда, бес саусақ.

Сол қолымда, бес саусақ.

Екі қолда барлығы.

Бар екен ғой он саусақ.

VI.Сабақты бекіту.

а)жемістер мен көкөністерді ата;( алма, алмұрт, анар, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, жүзім)

ә)жемістер мен көкөністерге нелер жатады? (оқушы атаған жемістер мен көкөністердің суреттерін тақтадан көрсетеді.)

в)бұлардың барлығын нелер деп атаймыз? ( жемістер мен көкөністер деп атаймыз)

Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)

Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)Жемістер мен көкөністер (ашық сабақ)







г) кеспе қағаздар арқылы аталған түстерді дұрыс көрсетеу.

VII.Сабақты қорытындылау.

Балалар сендерге бүгін Қызылтелпектің өтініші бар екен. Оған алма ағашындағы алмаларды алып, сұраққа жауап беру арқылы алманы себетке жинапуға көмектесулеріңді сұрайды. Балалар кезекпен шығып Қызылтелпектің өтінішін орындайды. Қызылтелпек оқушыларға рахметін айтты. Оларға жақсы оқуды тілейді.Өзінің әкелген сыйлығын береді.

VIII.Үйге тапсырма.

1.Жемістер мен көкөністерді білу.

2.Түстерді ажырата білу.

Сабақ бітті. Сау болыңдар!

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал