7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану 2 сынып Менің ұстаздарым

Өзін-өзі тану 2 сынып Менің ұстаздарым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп :«№2 Қашар орта мектебі»КММ

Сабақ: № 8

Тақырыбы: Менің ұстаздарым.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: құрмет көрсету, ізеттілік, адами қарым-қатынас.

Мұғалiм: Муратова А.Б

Сынып: 2а-2ә

Күні: 20.10.2016Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

- мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

- ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

Ресурстар(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.Интерактивті тақта

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ:Қандай сезімде болдыңдар?

Мұғалім қорытынды жасайды: Үнемі жақсы көңіл -күйде болыңдар,ешкімді ренжітпеңдер

Сабақ барысын талдау:



Үй тапсырмасы: Уй жұмысын сұрау



Дәйек сөз

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,

өйткені мұғалім-мектептің жүрегі

Ы.Алтынсарин

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

Оқушыларға 2 - 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.

Сұрақ: 1) Дәйек сөз мағынасын ?

Мұғалім қорытынды жасайды: Мектепте бізге жақсы тәлім-тәрбие беретін -Ұстаз.Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылыктарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздарға үнемі құрмет көрсете білейіек.









Оқиға айту (мұғалім сыйы)

«Ұстаз жақсылығы » туралы бейнебаян көрсету.

«Бақша ағаштары» Ы.Алтынсарин

(бейнебаян түрінде балаларға көрсету)

Сұрақ: 1. Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде?

2.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?



Мұғалім қорытынды жасайды:

Мұғалім ата-ана үнемі сендерге қамқоршы болып, қателеріңді түзетіп, ақыл айтып отырады. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.



Сергіту сәті: «Көңілді жануарлар»

Балаларға интерактивті тақтада ертегі көрсету





Шығармашылық жұмыс және топпен жұмыс

Әңгімелеу: Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

Мұғалім мен анамыз бізге үнемі қамқор.

Венн диаграммасы: «Мұғалім» және «Ана» сөздеріне интерактивті тақтада (айырмашылықтары мен ұқсастықтары) венн диаграммасын құру.

Балалар дәптерге түсіреді.

«Мұғалім» « Ана»































Топпен ән айту

Ұстазым» А. Керімбекова

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз кетер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!





Сұрақ: 1) Өлең не туралы?

2) Ұстаз бізге не береді?

Мұғалім қорытынды жасайды. Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы

қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі.

Сол үшін аянбай еңбек етеді.Сондықтан мұғалімнің жақсылығын бағалап, ұстаздарға құрмет көрсету.





Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті ұстазым»тақырыбына сурет салу.







Соңғы тыныштық сәтi. Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.





Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Өзгелерді ренжітпей, жануарларға қамқорлық көрсетіп, киянат жасамауға үйренейік

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Ертеңгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

Сұрақ:

- Балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

- Қорытынды: -Иә,шәкірттеріңнің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі,үлкен жетістіктерге жетуі-ұстаз үшін үлкен қуаныш.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал