7


  • Учителю
  • Статья по казахскому языку С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕТІСТІҢ КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУІНДЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Статья по казахскому языку С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕТІСТІҢ КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУІНДЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ӘОЖ 811.512.122

Магистрант: Кусманова Батжамал Муслимовна

Инновациялық Еуразия университеті,Павлодар қ, Қазақстан



С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕТІСТІҢ

КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУІНДЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ



Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әртүрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы жасалады. Етіс категориясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.

Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған. Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқталып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар»,-дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс - деген түрлері барын келтіреді. Етіс түрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып келді.

Қазақ тіл білімінде етіс жайлы бірсыпыра ғылыми зерттеулерді сөз етсек,бұл көне категория төңірегінде әртүрлі пікірлердің болғандығын аңғарамыз.

Етіс категориясын ғылыми тұрғыда лексика-грамматикалық сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясы мен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас қарау қажет» - деген құнды тұжырым жасайды.

Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне тән тұлғалық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшалар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Салт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса, сабақты етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.

Қазақ тіліндегі етіс категориясының грамматикалық ерекшеліктерін көрсету барысында, бұл категорияға қатысты «Қазақ тілі грамматикасындағы» анықтамасын келтіргенді жөн көрдік. «Етіс - етістіктің ерекше категориясы». Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады [1, 507]. Келтірілген етіс жайлы теориялық түсініктемеге қосатынымыз: сондай-ақ етіс етістіктің басты категориясы бола тұра, өзіндік тұлғасымен бірнеше тілдік салалармен, оның ішінде: сөзжасам, морфология, лексика, синтаксис, әрқайсысының тиісті ерекшелігіне сай, тығыз байланыста болатындығы сөзсіз.



Өзіндік көрсеткіштерімен етіс қимыл-әрекет үстінде субъект пен объектіні белгілеу барысында сабақты мен салт етістіктер жасалу бағытына да тікелей қатысып, етістіктің есімше, көсемше формаларында да орын алып, күрделі етістіктер құрамын айқындауға әсерін тигізіп, етістіктің болымдылық және болымсыздық категорияларымен де ұштасып отырады. Бастысы - етістіктің семантикасы, формасы, қызметі өзара, бір-бірімен тығыз байланысты екендігін ескере келе, ал етіс етістіктің қазақ тілі грамматикасында «етістік негізі», «қимыл атауы», «салттық және сабақтылық» категорияларынан кейін төртінші етістік формалар жүйесінің етістікке тән грамматикалық категория болғандықтан, қазақ тіліндегі етістің грамматикалық ерекшеліктерін ашуда, жоғарыда айтылған тілдік факторлармен байланыстыра зерттеу керек деп білеміз.

Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалық я лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» - деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.



Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде:А.Байтұрсынов,С.Аманжолов,

А.Қалыбаева-Хасенова,С.Исаев,Ә ысқақов,М.Б.Балақаев,А.С.Аманжолов,Б.Қ. Қасым осыған қоса,белгілі орыс түркітанушы ғалымдардың :П.М. Мелиоранский,Н.А. Баскаков,Н.П.Дыренкова,А.Н. Кононов,Н.К. Дмитриев,

С.В. Севортян,С.В. Шкуридин еңбектеріндегі қажетті теориялық негіздер басшылыққа алынды.

Аталмыш ғылыми пікірлерді меңгере келе,ғалым А.С.Аманжоловтың етіс жайлы ғылыми көзқарасына тоқтауды жөн көрдік,Бастысы ғалым етісті көне категория екендігін нақтылай отырып,қазіргі тіл білімі грамматикасында қалыптасқан етістің төрт түрін (ырықсыз,ортақ,өзгеоік,өздік)Орхон-Енисей көне жазбаларында болғандығын дәлелдей келе,олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.Осыған орай,біз етісті етістікке тән категория екендігін баса айта отырып,оны етістіктің негізгі категориясы есебінде қарастыруымыз қажет.Тілші ғалымдардың етіс жайлы пікірлерімен таныса отырып,бұл тақырыптың толық ащылмаған жақтарымен қатар,қандай да тіл болсын,әр тілде өзіндік ерекшкліктері бар екендігін мойындауға келеді.



А.С.Аманжоловтың ғылыми ерекшеліктерінің құнарлығы,ғалым етісті тарихи тұрғыдан қарастыруында жатыр,ғалымның ойынша,етіс ескерткіш тілдерінде мағыналық жағынан қазіргі күйіндегі етіс мағынасымен сәйкес бола тұра,морфологиялық тұрғыдан қарағанда,етіс жұрнақтарының өзгешеліктері мен ерекшеліктерінің болғандағын баршамызға паш етіп,зерттеу аясын кеңейте қарастырған ғалым. Бұл жерде тілдің тарихи тұрғыдан дамуына байланысты көптеген жұрнақтар түсіп қалып,

сақталғандары қазіргі тіл грамматикасында орнығып,көрініс тапты.Осындай өзгерістерді ғалым А.С. Аманжолов өзінің «Көне түркі ескерткіштер тіліндегі етістіктің меңгеруі»атты еңбегінде нақты көрсетуге тырысып,етістің қазіргікездегі даму жолында екендігін баса айтады.Сайып келгенде ,тіл грамматикасында бұл категоия тиісті орын алып,өзіндік ерекшеліктерімен белгілене шектеліп тұрғанына қарағанда, етістікке тән етіс категориясы нақты зерттеуді талап етеді деген ойдамыз.

Қазақ ттіліндегі етіс категориясының қалыптасу тарихын сөз еткенде,бұл категорияның түрік тілдерде,соның ішінде ,қазақ тілінде,терең зерттелу тарихы бар екендігі айқын көрінеді.

Олар сөйлемде атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай тұлғалық ерекшеліктері бар қалыптасқан грамматикалық категорияға жатады.

1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан объектісіз сөйлем болады.

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнағы тек қимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне қарай бағыттала алатын сабақты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс қосымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырып қана қоймайды, ол жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьектісі екенінде білдіреді. Өздік етістің бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықтан, оның қимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.



2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып тұрады да, ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады. Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелік те жерлері барын былай көрсетеді: «¥қсастығы: 1)қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект - грамматикалық субьекг (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект болады».

3. Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» -деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, яғни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.





Пайдаланған әдебиеттер

1.Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. - Алматы: Білім, 1994. - 224 б.

2.Аманжолов А.С. Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктің меңгеруі. - Алматы: Ғылым, 1969. - 101 б.

3. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы //Тілтанымдық зерттеулер (2003-

2005жж.). - Алматы, 2007. 94-135-бб.



4.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы А,. 1940.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал