7


  • Учителю
  • Урок казахского языка на тему Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау (8 сынып)

Урок казахского языка на тему Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!



Ой қозғау сатысы (Мотивация)

«Кішіпейіл болсаң, кішірейіп кетпейсің»

(Бұл сөйлемді, яғни мақалды бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде аламыз, кәне, бәріміз бірге оқиық! Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?....)

Біздерге әр уақытта кішіпейіл болыңыздар, үлкенге құрмет, кішіге ізетпен қарауды, қайырымды болуды үйретеді.



Бұл сөйлемнің, бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?

Сөйлемнің құрылысына назар аударайық, сөйлемнің түрін анықтайық.

Сабақтың мақсаты: а) Құрмалас сөйлемнің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білу, салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығын меңгерту және бұрыннан бар ұғымдарын топтастырып кеңейту, нақтылау, тереңдете түсу.

ә)Оқушылардың талдай салыстыра білу машығын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту және әлеуметтік- психологиялық танымын, ынтасын, есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Ана тілінің сөз байлығын оқушыларға жеткізу арқылы өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу және жаттығу мазмұнына қарай оқушыларды адами қасиеттерге баулу, яғни өз бетімен оқи алатын, белсенді, білімді, адамгершілігі мол, бауырмал тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, топтастыру, интерактивті әдіс.

Байланысы: Әдебиет.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

(Сыныпты екі топқа бөлу)



Бірінші топ: «Салаластар»

Екінші топ: «Сабақтастар»



(Екі топты жұлдызшалар арқылы бағалаймыз)

І тапсырма. «Тез тауып, бөгелмей

айтыңдар!»

(Жұптық жұмыс, яғни екі топ бір- біріне тұспалдап сұрақ қояды)



ІІ тапсырма. «Тез ойланып, шапшаң

жауап бер!»

(Құрмалас сөйлемдер оқылады, ол салалас болса бір, сабақтас болса екі, аралас болса үш шапалақтау керек)

  1. Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

  2. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауыр тұр.

  3. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.

  4. Амантай Серғазыларға ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады.

  5. Қыс келсе де, қар жаумады.

  6. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

  7. Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

  8. Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұралы әлі жоқ.

  9. Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды.

  10. Кеген ауданына келгнеінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

ІІІ тапсырма. «Ойлан, ізден, тап!»

1.2.

1. Кімнің шығармасы?

2. Не туралы?

3. Құрмалас сөйлем құрастыру, талдау (синтаксистік)

ІV тапсырма. «Сәйкестендіру» тесті.

  1. Қорыққаны сонша- орнынан тұра алмады.

  2. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр.

  3. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп қалды.

  4. Күн жылы болмай, біз серуенге шықпадық.

  5. Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді.

  6. Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады.

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

2. Қимыл -сын бағыныңқы сабақтас қ.с.

3. Себеп бағыныңқы сабақтас қ.с.



4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйем.

V тапсырма. Баламалы тест.

(Иә, жоқ жауабы беріледі.)

  1. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір, қос нүкте, сызықша және үтір мен сызықша қойылады.

  2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінбейді.

  3. Жалғаулықсыз себеп- салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса, соңынан үтір қойылмайды.

  4. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша қойылады.

  1. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына, негізінен, үтір қойылады.

  2. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса, оның екі жағынан үтір қойылмайды.

  3. Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса, ол басқаларынан үтір және сызықша арқылы ажыратылады.

  4. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса, бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылмайды.

VІ тапсырма. Шатасып кеткен

сөйлемдерді тап.

1. Бітеді, тасқа, қына, бітеді, басқа, білім.

  1. Айтады, тауып, адам, білген, айтады, қауіп, адам, білмеген.

  2. Сонда, тоқтық, көптік, болса, қайда.

  3. Қағазда, қалар, аты, өлсе, білімді, өлсе, істеген, ұста, қалар, заты.



  1. Табар, мал, тапса, иесін, жүйесін, сөз.

  2. Күймес, болса, қол, ұзын, көсеу.

  3. Тоқтайды, шөпке, адам, мал, тоқтайды,сөзге.

  4. Шақырады, сөзі, жаманның, ақыл, сөзі. жақсының, шақырады, ашу.

VІІ тапсырма. Тапқыр болсаң, тауып көр.

  1. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың.

а) Шартты б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Мезгіл б.с.қ.с.

2. Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

а) Ыңғайлас с.қ.с в) Қарсылықты с.қ.с. с) Кезектес с.қ.с.

3. Бірлік болмай, тірлік болмас.

а) Шартты б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Мезгіл б.с.қ.с.

4. Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.

а) Ыңғайлас с.қ.с в) Қарсылықты с.қ.с. с) Кезектес с.қ.с.

5. Іші- бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.

а) Шартты б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Қимыл -сын б.с.қ.с.

6. Мен біресе сағатқа қараймын, біресе сыртқа шығып жол қараймын.

а) Ыңғайлас с.қ.с в) Қарсылықты с.қ.с. с) Кезектес с.қ.с.

  1. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.

а) Ыңғайлас с.қ.с в) Себеп -салдар с.қ.с. с) Кезектес с.қ.с.

2. Бұрын көрмегендіктен, таңдана қарады.

а) Себеп б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Мезгіл б.с.қ.с.

3. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.

а) Ыңғайлас с.қ.с в) Себеп -салдар с.қ.с. с) Талғаулы с.қ.с.

4. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

а) Себеп б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Мезгіл б.с.қ.с.

5. Менің ойлап жүргенім сол- енді біз татуласайық.

а) Түсіндірмелі с.қ.с в) Себеп -салдар с.қ.с. с) Кезектес с.қ.с.

6. Сіз тоя тамақтанып алғанша, біз досымыз екеуіміз сөйлесе тұрайық.

а) Себеп б.с.қ.с в) Қарсылықты б.с.қ.с. с) Мезгіл б.с.қ.с.

VІІІ тапсырма.















ВЕНН ДИАГРАММА



















КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:



  1. Оқушылар құрмалас сөйлемнің құрылысын, басты белгілерін, құрамын, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білді.

  2. Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білді.

  3. Бұрыннан бар ұғымдарын топтастырып, тереңдете түсті.

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал