7


'ЖҚТБ-ға жол жоқ !' мақала

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

8 «А» сынып оқушысы Курманбекова Гүлдана


«ЖҚТБ-ға жол жоқ!»


Адам өмірінде қолынан келмейтін,күресе алмайтын кездерде болады екен...Солардың бірі-ЖҚТБ дерті деп ойлаймын. Неге дейсіз ғой,тығырықтан шығатын жол жоқ! Осы ауруға шалдыққанын естігеннен адам өзін,ойлап көріңізші, қайда қоярын білмей шарқ ұрады.Жаны қиналады.Болмашы нәрсеге жабысып,жол іздемей ме?..Өз-өзіне сан сауал қояды.Неге мен? Мен не істедім? Қандай кінәм бар еді? Алла тағала тек мені ғана көріп қалады ? Осындай жан-жаққа жүгірген сауалдардан әбден қажыған адам не болса соған барады .Ал кейбірі қолын бірақ сілтеп о дүниеге кетіп жатады.Бұндай әрекеттегі адамдарды өз өміріне балта шапқандар дер едім,яғни қалай болса солай өмір сүргендер немесе өзінің кесірінен емес біреудің салғырттығы арқасында тапқан азабы.

Бірақ дертке шалдыққан адамдар сүйіспеншілікке , қамқорлық пен қолдауға мұқтаж емес пе ? Сондай да қол ұшын бермесек қай уақытта береміз ?..

Осы мақаланы жазарда мен көп ақпараттармен таныстым.Соның ішінде шетелде осындай жағдайға тап болған адамдардың асыраушысынан айырылған жанұяларына,әке-шешесіз қалған балаларына,күтімсіз қалған кәрі ата-аналарына көмек көрсетеді екен. Қандай мейірімділік десеңізші.Үлкен жүректі адамдар дер едім.Қорықпай қол ұшын беріп,үлкен жақсылық жасағандарға, Алланың үлкен мейірімділігіне кезігетін шығар деп ойлаймын.Егер менің үйімнің жанында машина соғылып, біреу ауыр жарақат алған болса, мен оған жәрдем беру үшін жүгіріп далаға шығамын. Мен оның мас болғандықтан апатқа ұшырағанын біліп, кетіп қалмаймын. Оған «жедел жәрдем» машинасында не жатқан палатасында маскүнемдіктің зияндығы жайлы уағыз да айтпаймын. Бірақ та мас күйде машина жүргізу қаншалықты қауіпті екендігі туралы барлық таныстарыма айтатын боламын. Сол сияқты осы дертпен ауырған адамды кездестірсем,(құдай оның бетін ары қылсын) көмек беруге дайын екенімді айтқым келіп отыр. Біз АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырған адамдарға жәрдем беріп, күтім мен сүйіспеншілік көрсетуге шақырылғанбыз. Біз адамдарға барынша көмек беруге шақырылған қызметшілерміз және бұл біздің артықшылығымыз деп түсінемін. Тіпті олардың өмір сүру салтын қоштамаса да, науқастар қамқорлық пен күтімге мұқтаж.Адамдар бір-біріне қол ұшын беріп көмектессе,мейірімділік танытса ғана адамзат көп қиыншылықтарды жеңеді деген сенімдемін.Менің ойымша осындай мейірімді іс арқылы ғана , біз бұл дерттің алдын аламыз.ЖҚТБ-ға жол жоқ!!!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал