7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы: Қарым - қатынас мәдениеті.

Ашық сабақ тақырыбы: Қарым - қатынас мәдениеті.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектебі: Нұржау жалпы орта мектебі.

Мерзiмі: 26 .11.2015жыл.

Тақырыбы: Қарым-қатынас мәдениеті

Құндылығы: « Сүйіспеншілік »

Қасиеттері: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiмі: Куталиева Қанағат

Сыныбы: 7-сынып

Оқушы саны: 16



Сабақ мақсаты: Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.



Міндеті: Білімділігі:Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас мәнін түсіндіру;

Дамытушылығы:Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелілігі Сүйіспеншілік, мейірім, достыққа тәрбиелеу;





Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйі мен сабаққа қатысты тексеру.

5 т ережесін сақтау.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

  1. Тыныштық сәтi. Баяу музыка

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр белдеріңізге тарады,белдеріңізден аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын".

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздің қарым - қатынас жасаудағы рөлі қандай?

«Қарым - қатынас мәдениеті» тақырыбында,өлең, эссе жазып келу.Оқушылардың жазып келген эсселерін оқытамын.

Түйін: Адами қарым - қатынастағы игі әрекетердің бірі - тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті - кешірім болып табылады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым - қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал!

Ресурстар:

Ноутбук,музыка









Дәйексөз

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» халық мақалы.

ұлдар қайталап жіберейік (2) рет

қыздар қайталап жіберейік (2) рет

дәптерге жазып аламыз.

халық мақалына оқушылар өз пайымдаулары мен ой - пікірлерін білдіріп, отбасы тәрбие баспалдағы екендігі туралы түсінік беріледі.

Түйін: Мағжан Жұмабаев баланың отбасындағы қарым- қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән береді: «... баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туыстары өздері ізгі құлықты болуы тиісті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалы текке айтылмаған екен,оқушылар.

Күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттерді берік ұстанып отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп,сүйіспеншілікпен , ата-баба дәстүрін ұстанып «адам» деген атқа лайық өмір сүруіміз керек.



Мұғалім сыйы. .Әңгiмелеу

Екі қасқыр (аңыз)

Қасқыр дегенде көз алдарыңа не елестеді?/көрнекілік пайд/

Қасқыр қандай, тек жаман жағын айтамыз ба?Әлде жақсы жағы да бар ма?

Өзімнің мәліметім: Қасқыр - қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қасқыр әдетте ін қазбайды, бірақ таса жерлерге күшіктейді.Қасқыр мал шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді, бұл зияны болса,санитар ретінде даланы өлекседен тазартады,өз ортасында әділдігі мен ел аузына ілінген,сондықтан,адамдарды тәрбиелеу ретінде қасқырларды аңыз, мысал ретінде алып қазақтар қасқырға тән қасиеттерді өзіне үлгі еткен.

Мұны айтқаным: қасқыр, көкжал, бөрі деген сөздер қазақта жігітке мақтау ретінде де айтылады. Ол бекерден-бекер емес.

Қасқырдың іш майын, бүйрегін, азулы тісін емге пайдаланған екен.

Екі қасқыр (аңыз)



Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі - сенім, шындық,сүйіспеншілік,махаббат мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

  1. Сұрақ қою: 1.Аңыз әңгіме ұнады ма? Неге?

  2. Неге екі қасқыр қарастырған, неге біреу емес?

  3. Аңызды тыңдай отырып нені білдіңдер? айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?

  4. Өміріңнің әрбір күні сәтті,жақсы өту үшін сенің бойыңда қандай жалпыадамзаттық құндылықтар болу керек?

  5. Баланың мінез-құлқы, табиғатқа қатынасы айналадағы басқа адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады дегенге келісесің бе?

  6. Өміріңе сабақ болар не түйдің?

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Н.Ә.Назарбаев. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың орнайды. Шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. өмір сырын айшықтаған қарияның Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі - сенім, шындық,сүйіспеншілік,махаббат мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді Сондықтан тек бойымызда барша тіршілікке деген сүйіспеншілік болып,басқан қадамымызға есеп беріп дұрыс әрекет жасап,ақиқат пен өмір сүріп ,қиянат жасамағанда ғана жан дүниемізде тыныштық орнайтынына Қарияның: «Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді»деген аңыз әңгімесі дәлел екен.







Шығармашылық жұмыс.

Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады, дәл қазір орындап көрейік.

1 топ. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

Сыпайы,дөрекі сөйлеу арқылы көрсет, түйін жаса.

2 топ. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

  1. жақсы ,жаман қасиет арқылы қарым -қатынас жасау,түйінде.

3 топ. Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?

берілген сұрақтарды талдау барысында адами қарым-қатынас жасау неліктен адам өміріндегі бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар сүйіспеншілік сезімін көрсетеді.

. Өз ісіне шын ықыласпен, өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады, қалалар салады, бақтар өсіреді, ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер, ғаламат шығармалар дүниеге келетінін түсіндіреді.





Қорытынды: Мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз: Кез- келген адам тұрмыс-тіршілікте қарым - қатынаста қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ. 1. Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс. 2. адамның жанды жеріне тимеуге тырыс. 3. Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі. 4. Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс. 5. Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз - айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз - ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық - сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу - жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу

5.Топпен ән айту

«Достарым» Жанар Айжанова

Толтырады бір көңілдің отын достарым

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын

Жүріндер сендер қолтықтан демеп, достарым



Жабыққан сәтте қас қағым

Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!



Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін

Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен

Биіктен сайлап орынын адал шын достың



Жабыққан сәтте қас қағым

Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!



Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер

Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?

Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бер



Жабыққан сәтте қас қағым

Жанынды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап, достарым!







  1. Үй тапсырмасы.

«Дос, ата-ана,отбасы» тақырыбына еркін сурет салу,эссе жазу,мақал-мәтел жазу,өлең шығару.





  • Соңғы тыныштық сәтi. музыка

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл -күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта жақсы көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал