- Учителю
- План по казахскому литературу на тему 'Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу' (5 'Ә' класс)
План по казахскому литературу на тему 'Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу' (5 'Ә' класс)
Тақырыбы | «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгімесі
| ||||
Мақсаты | Тақырыптың мазмұнын жан-жақты талдау арқылы мазмұнын меңгерту. Аңыз әңгіме арқылы Жиренше мен Қарашаш бейнесіне талдау жасай отырып, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. | ||||
Жалпы мақсат | Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру | ||||
Күтілетін нәтиже | Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді, білім, білік, дағдылары қалыптасады. Сөйлеу тілдері дамиды. | ||||
7 модульдің қолданылуы | АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық". | ||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Ыстық орындық, Жұптық әңгіме, Салыстырмалы карта, Көкпар ойыны | ||||
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер | ||||
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг | «Мозайка» тренингі арқылы топқа бөлінеді | Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттердің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын табу арқылы 3 топқа бөлінді | |||
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||
Білім Қызығушылық- тарын ояту | «Миға шабуыл» сұрақ жауап | Үй тапсырмасын сұрау Талқылау үшін сұрақтар беріледі |
| ||
Түсіну | Өткен тақырып пен жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Одан кейін өткен тақырыптқа қатысты тапсырмалар беріледі, таратылады. Ол үшін Ыстық орындық әдісін пайдалану | Слайдты ашып балаларға көрсетемін, оларға нені байқап отырсыңдар?, күнделікті тұрмыста пайдасы бар ма? деген сияқты ой тастаймын. Оқушыларға мәтінді беремін, қалай жұппен, топпен талқылайтындықтарын түсіндіремін. Мен тек оқушыларға бағыт беремін. А 1 форматтағы қағазды таратамын. | Оқушылар өз ойын суреттер арқылы жеткізеді. Оқушылар өздіктерінен мәтінді оқып, бір-бірімен талқылайды. Сұрақтар қояды. Берілген қағазға өз ойларын жазып шығады. Тақтаға шығып қорғайды.
| ||
Қолдану | Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы) Берілген сөздерге шағын эссе жазады | Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді | Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
| ||
Сергіту сәті | «Балапандар биі» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. | ||
Талдау | Жоспар арқылы тақырыпты талдау
| Әңгімеге жоспар құру:
| Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы жоспар бойынша талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасау арқылы тақырыпты талдайды | ||
Жинақтау | Көкпар ойыны арқылы сабақты жинақтайды | Әр топтан 2 оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап береді Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар: 1.Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
| Топтар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды | ||
Бағалау | Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды?) Бағалау парақшаларын тарату | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін-өзі топпен бағалайды | ||
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |