7


  • Учителю
  • М.Әуезов Көксерек (7 сынып), Тұйық етістік (7 кл), Етістіктің сөйлемдегі қызметі 7 кл)

М.Әуезов Көксерек (7 сынып), Тұйық етістік (7 кл), Етістіктің сөйлемдегі қызметі 7 кл)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ тілі Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық танымын кеңейту, шығармашылық қабілетін ояту

Білімділік: етістік және оның жасалу жолдары, мағыналық топтары туралы алған білімдерін толықтыру

Тәрбиелік: оқушыларды ата - баба кәсібін құрметтеуге, алдына мақсат қоя білуге, еңбек сүйгіштікке, халқын, елін сүйе білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлап талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру

2) Үй тапсырмасын тексеру (үйге ақыл - нақыл сөздер)

Негізгі кезең: «Ой қозғау» Нені үйрендік? (өткенді шолу)

1. Етістік дегеніміз не?

2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Етістіктің құрамдық түрлерін атаңыз?

4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз?

5. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті атаңыз?

6. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктер қалай аталады?

7. Етістіктер нешеге бөлінеді? Атап беріңіз

8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз?

9. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз?

10. Тұйық етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

11. Тұйық етістік жіктеле ме?

12. Жазу етістігін септеңіз?

Бағалау

Өз ізденістеріміз (Ребус шешу)

Мал өсірсең қой өсір,

Пайдасы оның көл көсір.

- 4 түліктің бірі - қой туралы (ойларын айтқызу)

- Ауылды көркейту туралы

- Ақша тарату, бизнес жоспар

- Жоспарларын оқыта отырып, жаңа сабақты түсіндіру

Тұйық етістіктің емлесі

Тұйық -?

Етістік -? (іс - әрекет қимылды білдіреді)

Емле -? (сөздердің дұрыс жазылуы)

Бар + у

оқы + (оқу, тасу) кемі+ (кему, еру)

п - б

қ - ғ

к - г

1. «Ойлан, тап?!» тапсырмасы (Тұйық етістіктерді тауып, қай септікте тұрғанын ажыратамыз)

1. Оруға, жүргізуді 1. Жұлу, сұрасудан

2. Оқуым, бұзуды 2. Жазудың, күлу

3. Соғу, айтысуымен 3. Көрісу, егісу

4. Жауласу

2. Ауылды кеңейту не үшін керек? (еңбек, достық, бірлік, ынтымақ)

(мақал - мәтелдерді тақтаға жазып, сөз құрамына талдау)

3. Терме диктанты. Н. Өнербаев «Ауылым» әнінен етістіктерді теріп жазу

4. 263 - жаттығу

5. Түйіндеу

зат есім - Көсеу - от қозғайтын құрал

Етістік - Көсеу - отты түрту, қозғау

6. «Ой толғау»

- Екі көзің не үшін қажет?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін?

- Ал аяғың?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына тұйық етістіктің де қосар үлесі зор.

Үйге: «Ауылым менің - ажарым» (тұйық етістіктерді қатыстыра отырып шағын әңгіме құрастыру)

Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ тілі Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік

Сабақтың мақсаты:Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету

Білімділік:Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;

Тәрбиелік: Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;

Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

а)Етістіктердің түрлерін ажырата білу;

ә)Тұйық етістік - у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;

б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін оқытуға дағдылану.

Сабақтың түрі: бекіту, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістері, тест тапсырмалары.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздары, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе (Қызығушылықты ояту)

А) Топқа бөлу. Оқушыларды санау арқылы 2 топқа бөлемін. Әр топ өздеріне ат қойып, топ басшысын сайлайды. «Вассерман» технологиясы бойынша бағалау парағына топ басшылары топтың атын және топ мүшелерін жазып шығады.

Ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасын қайталау.

«Мақал-мәтелдердің қосымшаларын толықтыр» айдары бойынша екі топқа екі түрлі мақал жазылған парақшалар беріледі. Оқушылар орындап, аты-жөнін жазып өткізеді. Мақалдардың қалып кеткен қосымшаларын тақтадан шығардым. Екі топтың жұмыстарын алмастырып бір-біріне таратып, тексертемін. Оқушылар тексеріп, «Вассерман» бағалау парағына бағаны өздері қойып, бағалайды.

1. Отанын сүйген отқа жанбайды,

Суға батпайды.

2. Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ер - жетім.

3. Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді.

4. Талапты ерге нұр жауар .

1. Жолдасын тастаған жолда қалар .

2. Ерді талап ұшырар,

Құсты қанат ұшырар .

3. Ақсұңқар ұшар жем үшін

Ер жігіт туар ел үшін.

4. Ердің ұялғаны - өлгені,

Еменнің майысқаны - сынғаны

Ой қозғау

Ұқсастық пен даралық . Бұл бөлемде етістіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары айтылады. Қандай тарауды өтіп жатқанымызды сұрап, оқушыларға осы тақырыптардың ортақ ұқсастықтары мен даралықтарын айтып беруді тапсырамын.

ІІ Негізгі бөлім

Мағынаны тану

«Жеке, жұппен, топпен» әдісі бойынша тақырыпты оқу

Жеке ойлау

Оқушыларға тұйық етістік тарауын оқуды тапсырамын. Алдымен жеке оқыды. Оқушылар барлығы жаппай оқиды.

Көршіңе айту

Бұл кезеңде оқушылар өздерінің оқығандарын бір-біріне түсіндіреді.

Топпен жұмыс

Оқығандарын топ болып талқылап, ортаға бір оқушы шығып айтып береді.

Шығып түсіндірген оқушыларға бағалау парағына өзім баға қойдым.

Оқулықпен жұмыс

«Ішіне сыртына» әдісі. Бұл әдісті қолдану себебім, оқушылардың ойын анықтап бір жүйеге түсіру. Тақырыпқа қатысы барын ішіне, қатысы жоғын сыртқы бағанға жазып ажырату тапсырылады.

260 - жаттығу. Тұйық етістік ішіне, қалған етістіктер сыртына

261-жаттығу. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөз тіркесінен құраңдар.

ІІІ.Қорытынды

Тестпен жұмысы. Оқушылардың төрт сабақ бойы алған білімдерін тексеру мақсатында әр тақырып бойынша бір сұрақ бере отырып, тест аламын.

1.Күрделі етістікті табыңыз. а) балтала в) жұлқылады с) жүре бер д) көңілденген е) жаздыртты

2.Болымсыз етістікті табыңыз. а) Бүгін кезекші Асан емес. в) Менде кітап жоқ. с) Сен ғана келген жоқсың.

д) Уақытың я бар, я жоқ. е) Бұл кітап қызық емес.

3.Ырықсыз етісті табыңыз. а) жуынды в) сөйленді с) қырынды д) жылынды е) киінді

4.Салт етістікті белгілеңіз. а) шерт в) асық с) түт д) бүрік е) бақ

5.Тұйық етістікті табыңыз. а) Алтау в) Сұлу с) Бау д) Отау е) Дау

Үйге тапсырма: Тұйық етістіктерді қатыстыра отырып әңгіме жазу







Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ тілі Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова



Сабақтың мақсаты: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту. Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: қайталау сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Венн диаграммасы, сызбалар, слайд.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару..

2. Үй жұмысын тексеру.

Жаттығу жұмысын тексеру арқылы өткен сабақты еске түсіру.

Тастан тасқа секіріп,

Жем тереді... (кекілік)

Айбат шегер алыстан

Аң патшасы... (арыстан)



3. Жаңа сабақ.

Жақсы балалар, етістік жайында жалпы білімдеріңізді көрсете алдыңыздар. Бүгінгі жаңа сабағымызда етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Осы бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қояр едіңіздер?(оқушылардың жауабын алу. Өз ойымызды жүйелі жеткізе отырып, танымдылығымызды дамыту)



Мұғалім: Экрандағы сөзжұмбаққа көзімізді жүгіртейік. Сөзжұмбақтың шешімін табу.

«Ойлан тап» Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз, сөйлем құра.

Жазды, айтты, оқыды, барды, келді.

Үлгі: Жазып жатыр. Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр.



Оқулықпен жұмыс.

140 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті, етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жыршы жыр.... Ақын өлең.... Дәрігер ауруларды....

Мұғалім балаларды.... Сауыншы сиыр....



Тақтамен жұмыс.

Деңгейлік тапсырма: «Сәйкесін тап»

Оқысаң... -------------------- сусын ішесің

Аяғың ауырса... ----------- күн жылынады

Көп ұйықтасаң ------------ қолыңмен сүртпе

Шөлдесең... ---------------- басың ауырады

Көзің ауырса... ------------- көп жүрме

Жаз шықса... --------------- түсінесің



Сергіту сәті.

Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.

Зат есім ----------------- Етістік

Бағалау.

Үйге тапсырма: 145-146 - жаттығу.

















Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ әдебиеті Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;

2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б

Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар т. б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Эпиграф

Сен жанбасаң лапылдап,

Мен жанбасам лапылдап

Аспан қалай ашылмақ.

Назым Хикмет

ІІ. Бекіту. Бүгінгі сабағымыз 3 кезеңнен тұрады.

І. Талдау.

ІІ. Жалғау.

ІІІ. Самғау.

І кезең. Талдау.

• Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.

(Тірек - сызба бойынша сөйлеу)

• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері

Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік

• Тақырыбы бойынша видео материал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)

• Тірек - сызба бойынша сөйлеу.

• Шығарманың композициялық жоспарын құру.

1. Оқиғаның басталуы - Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.

2. Байланысы - Көксеректің ұяластарымен табысуы.

3. Дамуы - Қарадыр еліндегі мазасыздық

4. Шарықтау шегі - Құрмаштың қазасы

5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы.

ІІ кезең. Жалғау.

• Видео материал «Көксерек» 1 минут

Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызықты деректер:

Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.

1. Көксерек Қараадыр ауылында.

2. Көксерек - түз тағысы.

3. Жекпе - жек.

• Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)

1 - топ.

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.

1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

2 - топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синкуэй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1. Қасқыр

2. Жыртқыш, қомағай.

3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды

4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.

5. Бөрі, көкжал.

1. Аңшы

2. Қырағы, сақ

3. Атады, көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады.

5. Мерген.

3 - топ. Венн диаграммасы.

ІІІ кезең. Самғау.

Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.

Тақырыптар:

1. Жазушымен сырласу,

2. Табиғатқа тіл қату,

3. Адамдарға үн қату.

ІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. «Көксерек - табиғатың тағы перзенті» шығарма жазуға дайындалу.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!



























































































Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ әдебиеті Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Көксерек - түз тағысы

Сабақтың білімдік мақсаты: «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту

Сабақтың танымдық мақсаты: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

1. Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты қайта қарау;

2. Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;

Сабақтың түрі сын тұрғысынан ойлау

Өткізу тәсілі Интерактивті

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Мағынаны тану

а) шығарманың компазициялық құрылысына талдау жасау

ә) Кубизм әдісі

б) Ғажайып шаршылар

ІҮ. Ой шақыру

Ү. Топтастыру стратегиясы

ҮІ. Тест

ҮІІ. Қорытынды

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгін біз онлайн режимиінде «Көксерек» әңгімесі бойынша сабақ өткіземіз. Бұл сабаққа 7 «А» сынып оқушылары қатысып отыр.

Оқушылар екі топқа бөлінді.

1 - топ «Арлан»,

2 - топ - Көкжал,. Әр топқа ұйымшылдықпен жұмыс істей отырып, бірін - бірі бағалап отыру тапсырылды. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Қай жазушының шығармасын алсақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.

Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Табиғат дегеніміз айналадағы қоршаған орта. Біз оқып келген Көксерек те табиғаттың тағы перзенті. Олай болса табиғат туралы не айтуға болатынын әр топ жазады. Топтастыру стратегиясы бойынша топтастырады.

Табиғат

Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң - құстарға қиянат жасасақ, табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.

ІІІ. Мағынаны тану

Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс - әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс - әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

а) 1. Оқиға қалай басталған еді?- Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.

2. Байланысы - Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.

3. Дамуы - Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.

4. Шарықтау шегі - Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі

5. Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.

Тағылардың тағылық істері.

1. Шешімі - Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.

Міне, негізгі оқиғасы да есімізге түсті.

ә) Кубизм

Кубизм әдісі бойынша әр топ кубиктің көрініп тұрған қырындағы тапсырманы таңдап, орындайды.

1) Суреттеңіз

2) Қолданыңыз

3) Салыстырыңыз

Ітоп - суреттеңіз Көксеректің биологиялық өсуін суреттеңіз

ІІ топ - қолданыңыз «Көксерек» сөзін қолданып «Бес жолды өлең» құраңыз

І топ - Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр

ІІ топ - Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі айырмашылық

Б) Ғажайып шаршылар

Екі топ оқушылары кезек шығып, интерактивті тақтаның қаламымен түртіп, өзінің таңдаған ұпайы бар сұраққа жауап береді.

Сол жақтағы 20

М. Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова қалай деп еске алады?

Оң жақтағы 20

1 - бөлімде Қараадыр сайы суреттеледі. Қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Ол қандай ін?

Сол жақтағы 30

Ертеңінде түсте жат иіс шықты. Алыста дабырлаған дауыстар естілді. Ін үстіне дүбірлетіп келді, айқай молайды. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Бұл дүбір кімдердікі еді? Олар не істеді?

Оң жақтағы 30

Күздің қара суығында Көксерек тағы да жоқ болып кетті. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмады. Не себепті оралмады? Ол алғаш өзінің түз тағысы екенін қайдан сезді?

Сол жақтағы 40

Бір күні Көксерек қара ала төбетке майдан берді. Қара ала төбеттің иесі кім ед? Ол жаз бойы Құрмаштың не деп мазасын алды?

Оң жақтағы 40

Қасеннің Аққасқа иті бар. Оны баптап қасқырға, түлкіге қоспақ ниеті бар болатын. Сол Аққасқаның дене бітімі қалай суреттелген?

ІҮ. Ой шақыру

а) Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

Екі топ ұжым болып кезек жауап беріп, әр топ өз пікірін дәлелдеп қорғап шығуы керек.

ІҮ. Топтастыру стратегиясы.

Көксерек

• Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашамыз.

• І топ. "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясына талдау жаса

• ІІ топ. "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашатын мақалды тап.

Тест

1) М. Әуезовтің туған күні А) 20 қазан В) 14 наурыз С) 28 қыркүйек Д) 19 тамыз Е) 30 қаңтар

2) Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды? А) он үште В) жетіде С) сегізде Д) Алтыда Е) тоғызда

3) «Көксерек» қандай жанр? А) әңгіме В) драма С) роман Д) комедия Е) жыр

4) «Көксерек» әңгімесі нешінші жылы жазылған? А) 1925 В) 1928 С) 1926 Д) 1929 Е) 1927

5) "Тұкымын сезген екен жүзіқара, қой балам, бұны өлтіріп терісін алу керек" кімнің сөзі?

А) Әжесінің В) досының С) ауыл адамдарының Д) ешкімнің Е) Қасеннің

6) Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім? А) Оспан В) Тұрар С) Әбіш Д) Абай Е) Мұрат

Қорытынды:

Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!

Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

Үйге тапсырма:

1. 2 - 3 абзац үзінді жаттау:

2. «Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):

3. Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау

4. Монологты аяқта











































Бекітемін: Келісемін:

Күні: Сыныбы: Пәні: қазақ тілі Сабақ саны: № Пән мұғалімі: Э.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат

Қазақ әдебиеті сабағы ынтымақтастық педагогикасы бойынша құрылған.

Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына өту. Екеуінің бірлік одақта қызмет етуі; бір - біріне басымдық көрсетпеуі.

Тұжырымдылық ерекшелігі: Мұғалім оқушы, оқушы - мұғалім, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Қоршаған ортаны педагогикаландыру.

Ынтымақтастық педагогиканың төмендегідей түрлері алынды:

1. «Бірге оқимыз»

2. «Топтағы оқушылардың зерттеу жұмысы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кейіпкер іс - әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын таба білуге, автордың көзқарасына, кейіпкерлер іс - әрекетімен туынды көркемдігіне бойлай білуін меңгерту.

- Оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығы, ой - сезімін дамыту.

- Оқушыларды көркем әдебиетке, өнерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

- Оқушылардың ұлы жазушы, ғұлама ғалымның әңгімесін оқу талдау нәтижесінде біліктілігін арттыру, оқушылардың іздемпаздығын, шығармашылығын дамыту, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ізгілікке, табиғатты қамқорлауға, көркем әдебиетке деген ықыласын тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Портрет, көркем әдебиет көрмесі, суреттер, қанатты сөздер, тақырыптық слайд - суреттер.

Эпиграф

«Табиғат - екінші үйің» балыққа су, құсқа ауа, жануарға орман, далаға тау керек. (М. М. Пришвин)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Дайындықты тексеру, оқушыларды топтастырып отырғызу

І. 1Тарихшылар

2. Әдебиетшілер

3 Рөлдік ойын (Көксерек пен серіктері - ауыл адамдары)

4. Биологтар

5. Сарапшылар

І. Тарихшылар:

«Көксерек» әңгімесі қалай келді (тарихы)

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының 1 себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады:

«Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбеде Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын - қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.

ІІ. Әдебиетшілер:

«Бөрі арықтағанын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар»

«Бөрі баласы асырағанмен ит болмас»

«Бөрі баласы бөркіңе салсаң да ит болмас»

«Бөрі көмеді, түлкі ашады»

«Бөрі қартайса тышқаншыл»

«Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан»

«Бөрінің қартайса да, бір қойлық әні бар»

«Қасқыр байлағанға көнбес, шошқа байлағанға көнбес»

«Қасқыр жүйрік жеміс жоқ, түлкі жүйрік дыбыс жоқ»

Қасқыр қасқырды жемес.

Қасқыр қасқырдың құйрығын баспас.

Қасқыр ауру қойды да жеп қояр.

Қасқыр қой терісін жамылса да танылар.

Қасқыр жүнін алмастырса да, дәстүрін алмастырмас.

Жылқыға қасқыр жолдас болмас.

Қасқыр малшы болмас, ал теке бағбан болмас.

Қасқыр қойды бағады, ал қасқырды аңшы бағар.

Қасқыр қасқырша ұлиды.

Қасқыр иттен қорықпас, тек үргенін жақтырмас..

ІІІ. Көрініс: Ауыл адамдарының Көксерек туралы пікірі.

IV. Сарапшылар:

Бұл деректі ата - бабамыздың мақалдарынан да байқадық. Біз қасқырды қатал, суық, қатыгез, қанішер деп атаймыз, ал қасқырдың табиғатқа келтіретін пайдасы да барын білдік. Табиғаттың тазалығына қосатын үлесі зор екен.

Көркем әдебиетте, басқа өнер туындыларында да қасқырдың бейнесі қатыгез, қанішер ретінде суреттеледі. Әдебиетшілер, биологтар, тарихшылар өздерінің ұсынған проблемаларын талқылап, шешімін тапты деп ойлаймыз. Табиғаттағы жан - жануарлардың көбісі азайып бара жатыр. Солардың бірі қасқыр.

Бұл «Көксерек» шығармасында М. Әуезов адамдарды: табиғатты қорғауға, мейірімділікке шақырады..

1. Табиғат - екінші үйіміз. Сондықтан да табиғатты аялай білейік, зиян келтірмейік!

2. Қасқыр - дала санитары.

3. Көркем әдебиет басқа да өнер салаларында қасқыр қатыгез, суық, қанішер кейіпінде бола бермек.

4. Қасқырдан сақтанғанша, қасқыр кейпіндегі адамнан сақтанайық!

VI. Бағалау

VII. Қорытынды

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал