- Учителю
- ӘДістемелік сабақ. 'Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты' (11-сынып)
ӘДістемелік сабақ. 'Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты' (11-сынып)
Айгерим Тастемирова
«Күйкен орта мектебі» ММ
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Бейнеу ауданы
Маңғыстау облысы
«Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты»
11-сынып
Сабақ мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру; ұлттық
рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-
Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін білдіру;
-
Берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу;
-
Оқушының ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау.
Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат» бөлімі арқылы оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап сабақты бастау.
-
Үй тапсырмасын тексеру. Қазақтың ырымдарын сұрау.
-
..................................................................... бас ұстамайды.
-
Нанның қиқымын жесе - .....................................................
-
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт....................
-
Қазақ «сәтті күн» деп істі.....................................................
-
...........................................................малдың желіні кетеді.
-
Жұма күні кір жуса,..............................................................
-
Жақын адамға.................................................сыйламайды.
-
Жаңа айды көргенде....................бата жасап, ырымдайды.
-
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса..................
-
Жаңа ақпарат
Оқушыларға ұлттық руханият туралы айтылады.
-
Руханият қайдан көрінеді? Тіл, мәдениет, дін, салт-дәстүр, мәдениеттен танылатыны туралы айту.
-
Руханият не береді? Ұлттық рухты туғызады. Ұлттық рухсыз ел болудан қалады, тобырға айланады. Күш беретін, біріктіретін ұйытқы - ұлттық рух.
-
Сан мыңдаған жыл ішінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Оны дамыту - ұрпақ міндеті.
«Қазақ елінің салт-дәстүрлері» бейнежазба көрсетіледі.
-
Мәтінмен жұмыс
Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы - ұлт болашағы» деген мәтінін оқушыларға оқып танысуға беріледі.Мәтінде туған жердің, тілдің, ата дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақжайлылық, қысылған сәтте қайырымдылық, т.б. дәстүр-салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері көрсетілген. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою арқылы пікірін тыңдау.
-
Жоғарыда айтылғандай «ел ағасы» болуға дайынсың ба?
-
Тағы қандай ата салттар мен дәстүрлерін білесің?
«Үлкенді құрметтеу» бейнежазба көрсетіледі.
-
Әңгімелесу
Оқушылардың әлемдік деңгейде танытқан ұлт өкілдерін ататып, үлгі ету, тіл туралы оқушылардың қоғамдық пікіріне байланысты ой-тұжырымын төмендегі сауалдар арқылы қаншалықты түсінетіндерін анықтау.
-
Ұлттық сана, ұлттық ұғым дегенді қалай түсінесің?
-
Қазақ халқын кімдер, қалай әлемге танытты деп ойлайсың?
-
Қазақтың қандай өнерін өзге елге мақтан етесің?
-
Басқа ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлегеніне қалай қарайсың
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-топ. «Ұлттық намысы» эссе жазу
2-топ. «Қазақ тілінің қадірі» сахналау
3-топ. «Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты» жоба қорғау
-
Топпен ән айту.
Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Қазақ осы» әнін үнтаспамен бірге орындау.
-
Үй тапсырмасы
«Ата салтына адалдық» шығарма жазу
-
Соңғы тыныштық сәті
(Баяу әуен қосылады) оқушылар көздерін жұмып, ыңғайланып отырады.
-Сендердің жүректерің-сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
-
Кері байланыс (рефлекция)
Аялы алақан ойыны жүргізіледі.
(Оқушыларға көгершін қиындыларын таратып, сол қиындыға оқушылар сабақтан алған әсерлерін, тілек-ұсыныстарын жазып, тақтада ілінген алақан қиындысының үстіне жапсырады. Оқушыларға анамыздың аялы алақанын осы көгершіндей биікке самғай берейік деп тілек айтылады.)