- Учителю
- Сабақ жоспары 'Батырлар жыры' (9-сынып)
Сабақ жоспары 'Батырлар жыры' (9-сынып)
Күні
қыркүйек 2015 ж
Сабақтың тақырыбы:
Батырлар жыры
Жалпы мақсаты:
Батырлар жыры терең түсінік алу
Оқу нәтижелері
Батырлар ерлігінен тәрбие алады
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ресурстар
9.00-9.45
9.00-9.05
Сергіту сәті
Топқа бөлу
Ой қозғау
1.Алдын ала дайындалған парақшаларды оқушылар өздері алады. Парақшаларға ерлік - Отанын қорғау, шайқас - өткір қылыш, сұлу жар- жүйрік ат сөздерін жазып қоямын. Қалған бір оқушы ойын шарты бойынша отырған оқушылардың орнына отыру үшін, атауларды айтып, басқалары орын ауыстыру арқылы ойынды жалғастырып отырамын.
2. Қолдарындағы парақшалар бойынша 3 топқа бөлінеді.
3. Осы атаулар бойынша топқа бөлінуіміздің себебі не деп ойлайсыңдар?
4. Сабақтың мақсатын анықтау
Ертегі кейіпкерлері бар қима қағаздар
9.05-9.20
Жаңа тақырыпты меңгеру
-
Аялдама әдісі бойынша әр топ өз ішінде 1-ден 5-ке дейін саналып, сол бойынша өз қызметтеріне қарай рөлдерге бөлінеді. Әр топқа әдебиеттен Батырлар жырын бөліп беремін. Әр топ өздеріне жүктелген бөлімдерімен танысып, келесі топтарға барып талдап отырады.
9.20-9.40
Жаңа тақырыпты бекіту
-
Берілген бөлімдер бойынша 1-топ жарнама, 2-топ презентация, 3-топ «Шежіре ағашын дайындайды (тамырында мынадай сұрақ: батырлар жырынан біз нені үлгі етеміз, қазіргі заманмен байланысы?)». Олар өз ішінде 1 топ басшысы, 1 спикер, 1 таймскипер, 1 хатшы болып бөлінеді. Оларға өз міндеттері түсіндіріледі. Дайындалуға 7 минут, қорғауға 13 минут. Топ басшыларына бағалау парақтары таратылады.
Ватман, маркер, А 4, оқушылардың рөлдері бойынша қима қағаздар, бағалау парақтары
9.40-9.45
Сабақты қорытындылау
-
Әр топ басшысы топ мүшелеріне алдын ала таратылған бағалау парақтарына баға қояды.
-
Оқушыларға стикер таратылады, рефлексия, кері байланыс жасайды, тақтаға іледі.