7


  • Учителю
  • Ғ. Мүсірепов 'Ұлпан' романы открытый урок

Ғ. Мүсірепов 'Ұлпан' романы открытый урок

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп

(сын тұрғысынан ойлау технологиясы)

9 - сынып




Өткізген: Сүйкімбекова Ж.Т.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




2015 - 2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы


Сабақтың мақсаты: білімділік: Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалай білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Оқытудың формасы: ұжымдық

Оқытудың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі (постер), ой шақыру стратегиясы, талдау жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Ғ.Мүсіреповтің портреті, Ғ.Мүсірепов туралы ақын-жазушылардың пікірлері, 6 түсті қалпақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау (флешмоп)

ІІ. Не білеміз?

Ғ.Мүсірепов туралы жазылған ақын-жазушылардың пікірлерімен танысу

(тақтада ілулі тұрған ой-пікірлерге назар аудару )

ІІІ. Ғ.Мүсірепов кім? Ол туралы не білесің?

2. Жазушы шығармашылығы туралы не айта аласың? Қандай шығармалары мен таныссың?

3. «Ұлпан» романы жазылу тарихы туралы не білесің?\

4. Романда қандай күй аттарын кездестірдің? Оны кім тартады?

ІІ. Роман не себепті «Ұлпан» деп аталған? Ойыңды мысалмен түсіндір.

2. Есеней Ұлпанды не себепті «Ақ нарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір.

3. Ұлпан кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай қасиетті байқадың?

4. Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір?

І. 1. Романдағы Ұлпан бейнесі қазіргі кездегі әйел басшылардың бейнесімен салыстыр.

2. Ұлпан Есенейге қосылуға не себепті келісім берді? Бұл келісімге сенің көзқарасың қандай?

3. Ұлпанның өмірден ерте кетуіне не себепші болды? Ұлпна тағдыры туралы өз ойыңды айт.

4. Романда суреттелген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңды айт. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді қалай түсінесің?


ІІІ. Не білуге болады?

№1 тапсырма

Романның композициялық құрылысына жоспар құру.

Басталуы - Есенейдің көші

Байланысуы - Ескі доспен кездесу

Дамуы - 1. Құдалық 2. Ел ісіне араласқан Ұлпан 3. Ұлпан көлі 4. Есенейдің қазасы

Шиеленісуі - Ұлпанның шешімі.

Шарықтау шегі - Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.

Пролог (сөз соңы) - жазушы естелігі

№2 тапсырма

Ұлпанның өсу жолын кестеге түсіре отырып, әңгіме мазмұнымен байланыстыра түсіндір.


Ақырғы дем

Ел анасы атануы

Ел билеу ісіне араласуы

Есенейге ұзатылуы


Балалық шағы


№3 тапсырма

Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаңдар.


Кейіпкерлері


Портреттері


Көркем сөз айшықтары


Тұрақты тіркестер


Мақал-мәтелдер


№4 тапсырма

а)

Есеней

Ұқсастығы

Артықбай





ә)

Ұлпан

Ұқсастығы

Шынар





б)

Торсан

Ұқсастығы

Жәуке





ІҮ. Не білгіміз келеді?

6 түсті қалпақты киіп «Ұлпан» бейнесі туралы өз көзқарастарын әр қырынан білдіру.


ІҮ. Не білдік?

Шығармашылық жұмыс

«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.


Қорыту: Арнау сөз

  1. Ұлпан анаға

  2. Ғ.Мүсіреповке

  3. «Ұлпан» романы бойынша ПОПС- формуласын құру


Үйге тапсырма: Ұлпан бейнесін Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазылған шығармаларындағы аналар бейнесімен салыстырып жазу.


Нұсқау: Ғ.Мүсіреповтің «Ер Ана», «Ақлима», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Өлімді жеңген ана» шығармалары.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал