7


  • Учителю
  • Открытый урок. С. Сейфуллин Ақсақ киік

Открытый урок. С. Сейфуллин Ақсақ киік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Айжамал Сактаганова

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Ж. Қалдығараев атындағы орта

мектептің мұғалімі


Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

(5-сынып)

Сабақ мақсаты:


Күтілетін нәтиже:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Қамтылатын модульдер:

Ақын жайлы мәліметтерді тыңдау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін дамыту; өзіндік пікір қалыптастыру, табиғатты қадірлей білу;

1.Берілген тақырыптың мағынасын түсінеді. 2.Тақырыпты талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету. 3.Бір-біріне кеңес береді және өзгенің пікірін тыңдау әдебін үйренеді.

СТО элементтері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) кезекшімен сұхбат

Оқушыларды барлау.

Б) 3 топқа бөліну;

Бағалау парақшасы таратылады

Сыныпты сабаққа жұмылдыру.

І. Қызығушылықты ояту.

Қ. Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдатамын.

Балалар, бұл кімнің күйі? Оқушылар бірден жауап берді.

Олай болса, балалар, өткен сабағымызда С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін өтсек , бүгінгі сабағымызды да әрі қарай жалғастырамыз. Олай болса, үй тапсырмасына қандай тапсырма берілді.

А) 1.С.Сейфуллиннің өмір жолы

2.«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы

1.С.Сейфулин қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?

2.Қай жерлерде оқып, білім алды

Нілдідегі оры-қазақ мектебінде, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды.

3.Қандай қызмет атқарды?

1917 ж. Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы ауылындағы мектепте мұғалім, 1925-37 жылдары Жазушылар одағында қызмет етті , «Әдебиет майданы» журналында редактор қызметін атқарды.

4.Алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қандай атпен жарыққа шықты?

«Өткен күндер» 1914 ж.

5. «Ақсақ киік» өлеңі қай жылы жарыққа шықты? 1924ж.

6. Қандай поэмалары бар?

«Көкшетау», «Аққудың айырылысуы», «Қызыл ат», «Альбатрос»

7. Романының аты? «Тар жол, тайғақ кешу»

8. Оның айтылып жүрген әндері? «Тау ішінде», «Біздің жақта»

9. Қандай қалаларда Сәкеннің аты берілді? Астанада С.Сейфуллин атындағы мұражай және ескерткіш бар, Қарағанда қаласында С.Сейфуллин атындағы театр бар.

Б) Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Балалар оы өлең «Арқаның Бетпақ деген даласы бар, бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар» деп басталады. (картадан Бетпақдаланы көрсету) Бетпақдала-Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы.Қарағанды, Жамбыл,Оң түстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Қысы қатты , жазы ыстық болады. Мұнда кездесетін өсімдіктер:жауқазын, шытыр, жусан, ебелек т.б. Жануарлардан: ақбөкен, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ

-Географиялық тұрғыдан мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударайық.


ІІ. Мағынаны тану

«Ойлану баспалдағы» стратегиясы. Әр топқа сұрақтар беріледі.

І топ.1. Өлеңде қандай өсімдік атаулары кездеседі? Баялыш, қара жусан, бетеге

2. Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын айқындайтын сөздерді айт. Бетпақтың шөлді жер болған соң , ел болмайтындығы, қысы суық, өзен я көл жоқ.

ІІ топ. 1. Киіктің портреті қандай? Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара... көздері мөлдіреген ақ бөкенді... Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген

2.Киікті неге теңейді?

Жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу

ІІІ топ. 1.Киікті көп атуды бейнелейтін сөзді тап.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға

Кез келеді анда-санда саяқ-некен

2. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен», «Мүйізін пайда қылып шетке сатып» деген жолдардан нені түсіңдік? Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр.

IY топ. 1. Киік қиналуын, қанның көп ағуын неден көреміз?

Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп.

Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,

Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.

Тамады қара жерге аққан қаны,

Қиналып ентігеді шыбын жаны.

Боялып ақ денесі қызыл қанға,

Келеді әлі ктіп жығылғалы.

Ақ бөкен сахараның ботакөзі

2. Лирикалық қаһарман киік қиналысына, өліміне аяныш білдіріп отыр ма?

Ақ бөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзі қиып

Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,

Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда

( Экраннан әдемі киіктің суреті көрсетіледі.)

Интертақтадан киіктер туралы мағлұмат беру.

Киік-аталық, бөкен-аналық жануар.Төлі-Құралай.

Мүйізінен ,,Пантокрин" дәрісі жасалады.

Еті-деликотес саналады.

Терісінен-аса бағалы былғары жасалады.

Жауы - қасқыр,түлкі,шибөрілер,бүркіт,қыран.

Адамдар еті,мүйізі үшін аяусыз атады.

1921жылы киікті аулауға тыйым салынды.

1957-1958 жылы олардың саны 2 млн.асты.Көбеюі ауыл,егін шаруашылығына көп шығын әкелді.Сонда ғалым-биологтар олардын санын реттеу үшін кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.

Текелерінің дене тұрқы 126-150см салмағы 37-60кг,ал ешкілері кішірек,дене тұрқы 109-130см,салмағы 25-40кг болады.Киік жүгіргенде жылдамдығы 70км\сағ.дейін жеткізеді. Қазіргі саны-47-48 мың ғана

Сергіту сәті.

Постер қорғау. Оқушыларға көмек ретінде суреттер, тірек сөздер беріледі.

І топ. Киік деген қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?

ІІ топ. Қызыл кітап туралы не білесің? Киік қызыл кітапқа не үшін енді?

ІІІ топ. «Табиғатты қорғау-баршамызға ортақ міндет»

ІY топ. Өлең қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз ойларын ортаға салды.


ІІІ. Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Зат есім Киік

Сын есім Жүйрік,әдемі

Етістік Шабады, ойнақтайды, қоректенеді

Сөз тіркесі Киік-киелі жануардың бірі

Синоним Бөкен

Кері байланыс

ББҮ әдісі

Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады

Үйге тапсырма:

1.«Біз- табиғат сақшысымыз» ойтолғау жазу 2.Оқиға желісіне байланысты сурет салу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал