7


Облыстық сайысқа 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Айтуар Мақсат, Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Есірткі-әлем дерті

Ғасыр дерті,әлем дерті-есірткі, Көп адамды еліктірген індеті Жүрегінде оты бар әрбір жастың Осы әдеттен күресу- міндеті.

Айырылып қасындағы барлық достан, Бүгінде соның бәрі болды дұшпан. Адамдық қасиеттен ада болып, Болашағы бұлыңғыр,бордай тозған.

Есірткіге санасын да билетті, Есірткіге бойында үйретті. Ұрпағын аждаһадай жалмайтын, Келешегін күл-талқан қып күйретті.

Болам десең жасындай жастың бірі, Келешекті ойлағын күн ілгері. Денсаулықты шынықтырып күн сайын, Тосқауыл жаса жат қылыққа жігерлі.

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Айтуар Мақсат, Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы



Құрметті жас дос!

Талай ғасыр аңсап, «тар жол ,тайғақ кешуді» бастан өткеріп, «ат басына күн туған,ауыздықпен су ішкен»кешегі қиын замандарда күреспен өткерген біздің аруақты,ер ата-бабаларымыз алып берген тәуелсіздігімізді, салып берген сара жолымызды сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету-біздің қасиетті борышымыз! Біз қазір тәуелсіз қазақ елінің үміт күтер азаматымыз! Елдің гүлденіп, бәсекеге қабілетті дамыған ел болуы үшін қашанда өз еңбегімізбен,өз білімімізбен озық тұруымыз керек! Жамандықтан аулақ болып, салауатты тұлға болу-біздің міндетіміз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы белең алып бар жатқан жаман,адамның өмірі мен санасын улайтын жат қылықтардан бойымызды әркез аулақ ұстап , білімімізді үнемі кеңейтіп отыруымыз қажет. Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы адам болса, сол адамның басты байлығы-денсаулығы.Кешегі күні Хакім Абай атамыз: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады»,- десе,бүгінгі күні Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс?- деп, денсаулықты күтуге, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Дана халқымыз: «Бірінші байлық -денсаулық»,-дейді.Шынында да, деннің сау болғанына ештеңе жетпейді.Бар байлық денсаулықтың қасында құнсыз.Ендеше, ұлттың тамырына балта шабатын,қоғамның санасын улайтын, мәдени және адамгершілік құндылықтарын төмендететін ,жас өміріңді улайтын , зардабы жоюға келмейтін,соңы өлімге апаратын есірткіден аулақ бол! Білімсіздік пен қызығушылық, әуестенушілік соңы өкінішке апарады.

Нашақорлық-әлемдік дерт. Бұқаралық ақпарат құралдарында да түрлі тың ақпаратпен , заң салаларының өкілдері де заңдық тұрғыдан аяусыз күрес жүргізуде.Қазіргі таңда қоғам болып күрес жүргізіп жатқанда достарымызды, айналадағы адамдарды ғасыр дертінен арашалау- азаматтық парызымыз. Қызғалдақтай жайнаған өміріңді бір күнде жою -ең үлкен қасірет.Орны толмас өкініш әкелетін есірткіден бойыңды да, санаңды да аулақ ұста.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен дос бол! Білім жолын қуып,бос уақытыңды тиімді пайдалан! Жат қылықтарға әуес адамдарды әркез жақсы жолға түсуіне үлес қос! Жүрегіңді иманға толтырып, жаңа күннен жақсылық күт! Алаштың аманатын арқалаған жас дос, сен бүгін менің сөзіме өз үніңді қос!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал