- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку
Открытый урок по казахскому языку
«Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №25 НЖББ мектебі» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
(6-сынып үшін)
Мұғалім: Кульпеисова А.Ж.
Қостанай қ. 2014 ж.
Тақырыбы: Теміржол көлігі. Жалғауларды қайталау.
Мақсаты: Теміржол көлігі туралы оқушылардың сөздік қорын байыту. Жалғаулардың түрлері бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: география
Әдісі: Сұрақ-жауап, ми шабуылы
Сабақ түрі: саяхат-сабақ
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сабақта кім кезекші?
-
Бүгін сыныпта кім жоқ?
-
Бүгін нешесі?
-
Қазір қай жыл мезгілі?
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Наурыз айында қандай мейрамдар бар?
-
Бүгін ауа райы қандай?
-
Көңіл күйің қандай?
-
Үй жұмысы не болды?
І. Түсті төртбұрыштардың артында сурет жасырынып тұр. Кез келген түсті таңдап алып, ашыңдар. Суретті табыңдар.
ІІ. Бүгінгі тақырыбымыз: Теміржол көлігі.
ІІІ. Сөздікпен жұмыс:
Теміржол көлігі - железнодорожный транспорт
Темір жол - железная дорога
Пойыз - поезд
Жүрдек пойыз - скорый поезд
Жолсерік - проводник
Жолаушы - пассажир
Бекет - станция
(Ауызша сөздерді қайталап, сөздікке жазу)
ІV. Кім біледі, вагонның қандай түрлері бар?
-
Купе вагоны
-
Плацкарт вагоны
-
Жалпы вагон
Олардың қандай айырмашылығы бар?
Бүгін біз сендермен Қостанайдан Астанаға дейін пойызбен барамыз. Ең алдымен, әрқайсымыз пойызға билет сатып алу керекпіз. Кім қандай вагонға отыратынын тапсырма арқылы анықтаймыз.
Тапсырмалар:
Купе вагоны:
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр:
Вокзалы, теміржол, бар, қалада. Вокзалдың, тұр, жолаушылар, алдында.
Тұр, қасында, вокзалдың, жүрдек пойыз.
Плацкарт вагоны:
Сөйлемдерді аудар:
Менің әкем теміржол бекетінде жұмыс істейді.
Вокзалдың ішінде кассалар, асхана, дәріхана бар.
Біз жүрдек пойызбен Астанаға барамыз.
Жалпы вагон:
Сөздерді буынға бөл. Түрін ажырат:
Вокзал, перрон, теміржол, билет, жолсерік.
(Оқушылар отыратын вагондарын анықтайды)
Оқушыларға жол картасы көрсетіледі.
Қостанай қаласынан Астанаға дейін саяхат.
1-бекет: Тобыл
1-топ: (купе вагоны) тапсырма
«Жолсерік» сөзін жікте
2-топ: (плацкарт вагоны) тапсырма
«вокзал» сөзін тәуелде
3-топ: (жалпы вагоны) тапсырма
«билет» сөзін септе
2-бекет: Аманқарағай
Тапсырма: Қатені тап: (флипчарт)
Қаладе теміржол вокзалі тұр. Вокзалдің ішінда қонақ үй бар. Вокзалдің алдынде жолаушылер тұр. Ал вокзалдің артынде жүк вагоні тұр. Вокзалдің қасынде жүрдек пойыз тұр. Вокзалдің астынде жүк қоймасі бар.
3-бекет: Есіл
Пойыздар тарихынан
Ең бірінші паровоз Уэльс қаласында 1804 жылы 21 ақпанда пайда болды. Оны ойлап тапқан - ағылшын құрастырушысы Ричард Трезивик. Оның жылдамдығы 8км/с болды. 1825 жылы ағылшын құрыстырушысы Джордж Стивенсон алғашқы жолаушылар пойызын құрастырды. Оның жылдамдығы 25 км/с болды.
Қазіргі пойыздардың жылдамдығы - 500 км/с. Ондай жылдамдықпен жүрдек пойыздар қозғалады. Ең бірінші жүрдек пойыз 1964 жылы 1 қазанда Жапонияда пайда болды.
Тапсырма: 1-топ мәтінді аударады
2-топ мәтіннен жалғауларды тауып, түрін ажырату
3-топ жаңа сөздерді тауып, аудару.
4-бекет: Жақсы
Грамматикалық тапсырма (флипчарт)
-
Мен вокзалдың қасында ....
тұрамын
тұрасың
тұрады
-
Әсет ертең ... Астана қаласына барады.
пойызда
пойызбен
пойызға
-
Олар кассадан билет сатып ....
алдым
алдық
алды
-
Мен .... қай вагонға отыратынымды сұрадым.
жолсеріктен
жолсерікті
жолсерікпен
-
Менің .... купе вагонына билет сатып алды.
әпкесі
әпкем
әпкеңіз
-
Біздің отбасымыз көп ..... аралады.
жердерді
жерларды
жерлерді
-
Бүгін сабақта біз қызықты тақырып .....
өттік
өтті
өттің
5-бекет. Атбасар
Мәтін арқылы сұрақтар құрастыру. (2 минут) Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
6-бекет Астана Минидебат (қорытындылау)
Пойыздың жақсы жақтары көп.
Сөздікті тексеру.
Оқушыларды бағалау
Үй жұмысы: «Вокзалда» диалог құрастыру