- Учителю
- 'Қазақстан - достық мекені' (сыныптан тыс шара) 1-11 сынып
'Қазақстан - достық мекені' (сыныптан тыс шара) 1-11 сынып
«Қазақстан - достық мекені»
Мақсаты:
Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге, олардың салт-дәстүрімен таныса отырып, досты пен татулықтың туын берік ұстайға тәрбиелеу; Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, достыққа, адамгершілікке баулу.
Барысы:
1.ҚР президенті Н.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Біз ұлтына және діни наным-сенімдеріне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін әр ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз»деген болатын. Қазақстанда тұратын 130- дан астам ұлт өкілдері мемлекетіміздің өсіп, өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда. Міне, бүгін 1 мамыр Халықтар ынтымақтастық, өзара достық күніне орай ұйымдастырылып отырған «Қазақстан-достық мекені» атты шарамызға қош келдіңіздер! 2.Шараның негізгі мақсаты, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері жөнінде мағлұмат беру, соның ішінде әр ұлт билеріне тоқтала отырып, солбилер арқылы олардың тыныс-тіршілігімен, арихымен танысу болып табылады.
Тәуелсіздік мемлекеттер достығының берік достасқан ерікті елдері! Біз сіздердің құдыретті достықтарыңызды қуана, жар сала айтамыз! Келіп отырған мерекеміз құтты болсын!
Ортамызға көршілес елдерден, бүгінгі күнімізбен құттықтай келген ұлт өкілдерін шақыруға рұқсат етіңіздер:
1.Украин халқы
2.Түрік халқы
1Өзбек халқы
2.Орыс халқы
1.Корей халқы
2.Грузин халқы және өзіміздің қазақ халқы...
1.Келесі сөз қонаққа келген ұлт өкілдерінде... (Әр ұлт өздерінің құттықтауларын ұсынады)
2.Барлық қонақтарымызға рахмет айта отырып, біздерге алып келген сыйларын дайындау үшін дайындалу залына өтулерін сұраймын.
1. Қай жағынан алсақта, бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егенмен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет-ғұрпын насхаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді.
2.Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н.Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.
Ендеше көп күттірмей, ортаға алғашқы ұлт өкілін шақыруға рұқсат етіңіздер, ортада 0-10 сыныптарының ұйымдастыруымен «Украин биі» тамашалаңыздар. Сынып жетекшілері Қабденова Нүргүл Талғатқызы, Ақболатова Талшын Рақымқызы.
0-10 сынып Украин биі
1.Ортаға келесі қатысушыларымызды шақыруға рұқсат етіңіздер.1а сыныбы мен 9 а сынып оқушыларының бірігуінен «Түрік биін» тамашалаңыздар. Сынып жетекшілері Алмуханова Алтын Теміржанқызы, Айтжанова Анаргүл Қойшықызы
1 а сынып-9а сынып «Түрік биі»
2.Ата-бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азааттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран қайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрін артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық емес. Астана төріндегі әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын айқара ашқан «Бейбітшілік мен келісім» сарайы да бірлік пен берекенің символы іспеттес.
1.Көптеген елдерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің береке-бірлігіміз өзге елдерге үлгі болатындай. Ендеше Қазақ елі үшін, Қазақ халқы үшін бір қол шапалақтап қойсаңыздар!
Келесі қатысушыларымызды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер, ортада 1б сыныбы мен 9б сынып оқушылары «Өзбек биін» ұсынбақ.Сынып жетекшілер Утегулова Бағдагүл Рахметоллақызы, Даулетқалиева Раушан Амантайқызы.
1б - 9б сынып «Өзбек биін»
2.Келесі құттықтаушыларымыз 2а сыныбы мен 8а сыныбы, дайындап келген билері «Орыс биі». Сынып жетекшілері Нсанбаева Гүлай Жақсылыққызы, Сүгірбаева Гүлнәр Мырзахметқызы
2а - 8а сыныбы «Орыс биі»
1.«Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік! Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін! Деген тілекпен келесі қатысушыларымызд шақыруға рұқсат етіңіздер, 2 б сыныбы мен 7 сынып оқушыларының бірігуімен «Қазақ биін» тамашалаңыздар! Сынып жетекшілері Иманәлиева Айнұр Талапқызы, Валиев Асқар Ғаббасұлы.
2б -7 сынып «Қазақ биі»
2.Ортаға тағы қатысушыларымзды шақыруға рұқсат етіңіздер, 3 сынып-6 сынып оқушылары бірігіп, бүгінгі тойға орай корей халқының биін әкелген болатын. Ендеше тамашалайық. Сынып жетекшілері Жұмағалиева Нұргүл Тұрсынқызы, Даулетқалиева Ләззат Амантайқызы.
1 келесі ортаға шақыратын сыныбымыз 3 сынып пен 6 сынып оқушылары. Корей халық биі. Қарсы алыңыздар.
3-6 сынып «Корей биі»
2. Егінді тың жеріміз
Еркін қазақ еліміз
Құтты болсын достық той,
Қуанышпен келіңіз!
Ортаға келесі қатысушы сыныптарымызды шақыруға рұқсат етіңіздер! 4 сынып пен 5 сынып оқушыларының қатысуымен Грузин биін тамашалаңыздар!
4-5 сынып «Грузин биі»
1.Мінекей, құрметті оқушылар, бүгінгі мерекелік шараға қатысушылар, ұстаздар, осыменен бүгінгі шарамыз осыменен тәмәмдалды. Сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегулова Қарлығаш Қымызбайқызына беріледі.
Қарлығаш Қымызбайқызының сөзі
2.Бірлігіміз жарасқан, ынтымақты ел болайық. Бейбітшілігіміз, тәуелсіздігіміз мәнгі болсын!