7


  • Учителю
  • Ашық сабақ М. Әуезов 'Көксерек'

Ашық сабақ М. Әуезов 'Көксерек'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға шығарманы оқыта отырып, әңгіме мазмұны арқы-лы тақырыбы мен идеясын ашу, жазушы ойын ұғындыру, кейіпкер бейнесіне тал-дау жасау, Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, өз ой-ларын қорғай білуге үйрету, іздендіру арқылы сөйлеу мәдениетін, іскерлік дағды-ларын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына әсер ететін рухани-адамгершілік қасиеттерін шыңдау, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, табиғатты қорғауға үйрету, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: іскерлік ойын, телехабар, баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап,

ізденіс, топтастыру

Жаңа технология: ұжымдық оқыту технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, кітап көрмесі, мазмұндау жоспары,

суреттер топтамасы, оқушылар шығармашылығы, видео-ролик, слайд

Пәнаралық байланыс:биология, бейнелеу, кино өнері, спорт, тарих, қазақ тілі

Барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сынып дайындығын тексеру


Сабақ теле-хабар түрінде жүргізілмек...


Қайырлы күн, құрметті теле-көрермендер! Эфирде-«Атырау» арнасы. Бүгін күн - бейсенбі, желтоқсанның 27-і. Атырау уақыты - 1545. Студияда мен - Ізімқұл Гүлнұр Шойынқызы. Эфир қонақтары, арна қызметкерлері түгел.

Бүгінгі күннің басты жаңалықтарымен таныс болыңыздар.

Мұғалім сөзі: Жаз жайлаған жапырақтардың ірісің,

Күз жайлаған топырақтардың ірісің,

Қазағымның маңдайына біткен сен

Ұлылардың, ұлылардың бірісің?-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, жазушылық, суреткерлік шеберлігімен әлемдік әдебиеттен ойып тұрып орын алған заманымыздың заңғар биігі, қазақ үшін екінші Абай атанған, халқымыздың біртуар перзенті жазушы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып аяқтадық.

Саяси жаңалығымызда «Табиғатты қорғау туралы» заң талқыланды. Сауалнама бойынша заң жобасы жасалды.

  • Осы «Көксерек» әңгімесі төңірегіндегі басты жаңалығамыз:

  1. «Көксерек» әңгімесіндегі қасқырдың озбырлық жолға түсуін суреттеудегі жазушы шеберлігін тану;

  2. Адам мен аң арасындағы тіршілік үшін күрестің қиын да күрделі әрекет еке-нін дәлелдеу;


ІІ. «Көксерек» әңгімесі бойынша қайталау сабағы.


  1. Мағыныны тану (тарау бойынша ат қою)

І. Қасқырлар мекені

ІІ. Адамдар қиянаты

ІІІ. Адамдар және Көксерек

ІV. Ұяласымен табысу

V. Шабуыл

VІ. Жауыздық

VІІ. Соңғы майдан

  1. Мазмұндау жоспары

І. Әңгіменің басталуы--------------Қараадыр-қасқырлар мекені.

ІІ. Байланысы -------------------------Адамдар шабуылы.

ІІІ. Дамуы--------------------------------Көксерек ауылда

ІV. Шарықтау шегі---------------------Көксеректің ұяластарымен табысуы.

V. Шиеленісуі--------------------------Қараадыр еліндегі мазасыздық.

VІ. Шешімі-------------------------------Құрмаштың өлімі, Көксеректің жазасын тартуы

  1. «Көксерек» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

  1. Мәтінге кешенді талдау жасау.

  1. Жеке оқушымен жұмыс


1. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды.
2. Ит баласына заты қастай, жібімейді.
3. Татулық жоқ, суық.
4. Құрмаш пен әжесі шақырса келеді.
5. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді.
6. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.
7. Бір күні Көксерек ала төбетке майдан берді.

Бұл кім?


10. Кісіден қорықпайды. Әсіресе, бір көк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып

жатқанда, қасына келгенше қашпайды...


11. Іздегендеріңнің өзі-осы. Бәрін істеп жүрген сол әттең, дүние соны бір ғана қолға

берсе- ау!


12. Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен

мына жүзіқара, қой,балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық...


13. Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады...

  1. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

(жеке жұмыстар орындалады, сурет, жұмбақ, мақал-мәтел, қызықты деректер)


Әуезовтен бізге жетті көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек,

Шуылдасып ауылдың бар иттері

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.


Тілші: Спорт жаңалығына кезек берсек, сыныптың «Көксерек» және «Құрмаш»

топтары кездесіп, мінездеме беруден футбол жарысын өткізді. Спорт са-

рапшысын сайлап алайық.


Тілші: Енді шетел жаңалықтарымен таныс болыңыздар. Әлем әдебиетіне шолу

жасайық!


7.Ұтымды жауап (Тест әдісі)

1. "Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты", -деп басталатын сөйлем қай бөлім-

де айтылады? а) Үшінші б) Екінші

ә) Бірінші в) Төртінші

2. Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?

а) 4 ә) 5 б) 2 в) 3

3. "Көксерек" әңгімесінің авторы?

а) А.Байтұрсынұлы б) Ж.Аймауытұлы

ә) Ж.Жабаев в) М.Әуезов

4. Өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы төбет?

а) Көксерек б) Ақ қасқыр

ә) Аққасқа в) Көк шолақ

5. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

а) Ауылда б) Қой бағып жүргенде

ә) Серуендеп жүргенде в) Әдейі іздеп шығады


  1. Суретпен жұмыс

«Көксерек» әңгімесінің жазылу себебі: ......................................................


9. Қорытынды: Білген сайын келеді біле бергім...

  1. Нені білемін?

  2. Нені білдім?

  3. Нені білгім келеді?

Тілші: Ауа-райы болжамымен таныс болайық.

(сыныптың сабаққа қатысы арқылы )


Бағалау: 5º -ыстық 4º -жылы 3º -салқын


Тілші: Ертеңгі бағдарламаға шолу жасасақ:


Үйге тапсырма: 1. Ш.Айтыматовтың "Жан пида" романын оқу.
2. Әр тарау бойынша сурет салу

3. Қасқыр-дала перзенті (ертегі, әңгіме жазу)


Тілші:

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Өмір сүруге құқылымыз әлі біз де,
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Жер-Ана-бәріміздің ортақ үйіміз. Ол барлық тіршілік атаулыға жетеді. Сыйласып, сыйысып, тату өмір сүрейік ағайын! Эфирде келесі кездескенше, сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал