7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 11 классе

Урок казахского языка в 11 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

11- сынып Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Туған жерім тамаша! Құрмалас сөйлем

Сабақтың жалпы мақсаты:

өз туған жері туралы білімдерін толықтыру, пысықтау, сөйлесе алу, сын тұрғысынан ойлауды, белсенді танымды дамыту, өз ойын еркін жеткізу, құрмалас сөйлемді ажырату, құрай алу, талдауға дағдыландыру, туған жеріне деген сүйіспеншілікті, патриотизмді тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже: сөздік қорлары белсендіріледі, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттерін қолданады, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады, сөйлеуде, жазуда қолданады.

Сабақтың типі ( тегі): пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, «ыстық орындық», сұрақ- жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, ой қозғау, Блум таксономиясы ,3 минуттық эссе, 5 жолдық өлең; ізденіс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қанатты сөздер, интерактивті тақта,

қима қағаздар, бағалау парағы


Сабақтың барысы


I Кіріспе бөлім: 1. Психологиялық жағдай жасау: 1- слайд (оқушылар хормен айтады)

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп болып,

Өсе берсін санамыз!

2.Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі сабағымыз ерекше с абақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақ мемлекеттік тіл құрметіне арналады, сондықтан білетіндеріңді ортаға салып, іс жүзінде қолданыңдар. Іске сәт!

( оқушылар дәптерлеріне күн, ай, тақырыпты жазады )

2- слайд: . «Ыстық орындық » әдісі

Кезекші - 2- тапсырманы орындағанын көрсетеді, қалғандары тексереді

(«+» белгісі арқылы өз-өзін бағалайды) - салалас құрмалас сөйлемді құрап келді)

- 1-т. 7- бет: сұрақтарды сыныптастары қояды, кезекші жауап береді

IІ Негізгі бөлім: Блум таксономиясы арқылы

3- слайд: І Білу қадамы: Сұрақтарға жауап бер

1. Туған жерің Қазақстанның қай аймағында?

2. Туған жеріңде қандай өзен, көл бар?

3. Туған өлкеңде қандай оқу орындары бар?

4. Сен қай мектепте оқисың? Ол қайда орналасқан?

5 Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Бұл қандай сөйлем?

4- слайд: ІІ Түсіну қадамы

Неге қазақ халқы: «Туған жердей жер болмас ...» ,- дейді.

( 3 минуттық эссе)

5- слайд: ІІІ Талдау қадамы

Оқулықпен жұмыс: 13- беттегі 5- тапсырмадағы мәтіннен туған жер туралы сөйлемдерді теріп жаз ( 1 оқушы интерактивті тақтада осы сөйлемдердің ішінен құрмалас сөйлем тауып жазады, синтаксистік талдау жасайды)

6- слайд: ІV Қолдану қадамы

Сөйлемді аяқта:

1. Туған жерге саяхат жасап, ...

2. Отанымның табиғатын мақтаныш етемін,

3. Өз еліңнің патриоты болу үшін,...

7- слайд: V Жинақтау қадамы

Сөйлемдерді оқы, өз атыңнан, І жақтан әңгімеле

Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық еш нәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып- өскен жерін айтады. Қайда жүрсең де, өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерде сенің балалық шағың өтті. Әрине, жас кезіңде жер бетін аралағың келеді. Бірақ өз туған еліңді ұмытпа!

8- слайд: VI Бағалау қадамы

Қалай ойлайсыңдар, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай көркейту үшін не істеуіміз керек? ( әр оқушы бір сөйлемнен, қайталанбау керек)

ІІІ Қорытынды бөлім

9- слайд:

Мәңгілік ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстап, Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата берейік!

( Н.Назарбаев. «Тәуелсіздік толғауы»)

Үйге: «Мен - патриотпын» ой-толғау жазу ( құрмалас сөйлемді қатыстырып жаз)

Бағалау:


Аты-жөні

2-т

281-

бет

1-т.

7-бет

І қад.

сұрақ

ІІ қад.

эссе

ІІІқад

Сөй

лем.

IVқад.

Аяқта

Vқад.

1-жақ

тан

айт

VІқад.

Айты

лым


Қорыт.

баға

1

Баранова Алена


2

Булатов Диас


3

Ерсаинова Айнаш


4

Жамшитова Диана


5

Кинаятова Қамила


6

Тезекбаева Айнаш


7

Тюлендинова Сания

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Казанка орта мектебі











Сабақтың тақырыбы:

Туған жерім тамаша. Құрмалас сөйлем

11 - сынып

(тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ)













өткізген: Н.Б. Қожахметова


(орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі)











Казанка селосы 2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал