- Учителю
- «Ана тілім - асыл қазынам» (1 сынып)
«Ана тілім - асыл қазынам» (1 сынып)
Тәрбие сағатының тақырыбы:«Ана тілім - асыл қазынам»
Тәрбие сағатының бағыты:Азаматтық -патриоттық тәрбие беру
Мақсаты:Оқушыларға ана тілін құрметтеп,қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу,ақылды,салмақты сөз айтуға,ойын нақты,дұрыс жеткізуге,тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеті:Оқушыларды туған тілін сүюге,тез ойланып, тапқырлыққа,жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге көңіл бөлу,таза сөйлеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:суреттер, ана тілі туралы жазылған тақпақтар
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері: «Гүл сылайық!»
II. Негізгі бөлім
I. Ой қозғау (Ана тілі туралы ән тыңдау)
- Балалар біз неліктен ана тілі туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар?
Себебі, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ана тіліміздің құрметіне арналады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан алатын мол мағлұматтарыңыз да, сабақ барысында сіздерге берілетін тапсырмалардың барлығы да туған тілімізге арналмақ.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- Ә. Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі өте бай тіл. Осы бай тіл - біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді,ана тілімізді қадірлеп,оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек. Әрбір елдің қуаты, байлығы,бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес,сонымен қатар мәдени,рухани өрісімен айқындалады.
Кіріспе сөз
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналықтың мәні терең. Экономикасы мен мәдениеті өркендеп келе жатқан тәуелсіз еліміздің алған асулары аз емес. Дегенмен білек сыбанып қолға алар мәселелерде жеткілікті. Солардың бірі мемлекеттік қазақ тілін жетік меңгерту. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Ата заңның 7 бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі» -деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының тілі-қазақ тілі болуы тарихи заңдылық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заң қабылдады. Онда мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең -кезеңімен көшіру көзделген. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тілін және мемлекеттік тілді құметтейді.
II.Оқушылардың тіл шеберліктерін байқау.
-
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
-
Айтылған сөз - атылған оқ.
-
Тілі жеткенше сөйлеген шешен.Қолы жеткенше нұсқаған көсем
-
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
-
Ой ақылды қамшылар, Қамшыласа ақылдан бал тамшылар.
-
Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі ілім біл.
III.Шығармашылық жұмыс.
«Поэзия минуты» (Оқушылар бір шумақ өлең шығарады)
1.Бұзып сөйлеме, түзік сөйле
Өлеңдегі дұрыс емес бұрыс сөзді тауып,дұрыс сөзді айту.
2. Берілген екі сөзге мақал құрастыру.
1. Сөйлей 2.Ұят
Мақал - мәтелдің жалғасын айту.
1.Тіл тәтті ... (бауыр қатты); 2.Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады); 3. Шебердің қолы ортақ ... (шешеннің тілі ортақ); 4. Бал тамған тілден...(у да тамар); 5. Бас кеспек болса да ... (тіл кеспек жоқ); 6. Тұз ... (астың дәмін келтірер) Мақал ... (сөздің мәнін келтірер); 7. Ана сүті бой өсіреді ... (ана тілі ой өсіреді); 8. Қол шешпегенді ... (тіл шешеді); 9. Жақсы байқап сөйлейді ... (жаман шайқап сөйлейді); 10. Ең тәтті, ең ащы, ең жұмсақ ... (тіл).
3 - бөлім. Бұл бөлімде әр топ Ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқиды.
4 - бөлім. «Ұшқыр ой» Бұл бөлімде топ басшылары сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
«Алмас тіл» тобына қойылатын сұрақ.
1.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)
3. Білім күні қай айда? (1 қырқүйек)
4. Тұғыш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
5. Қазіргі «Ана тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматы «Атамұра»)
6. Абай Құнанбаев кім? (Қазақтың ұлы ақыны)
7. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)
8. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
9. Рәміздерді ата: (Ту, Елтаңба, Әнұран)
10. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
«Семсер» тобына қойылатын сұрақ.
1. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)
2. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? ( Ы.Алтынсарин)
3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
5. Өлең жазатын адамды кім дейді? (Ақын)
6. Бес асыл істі ата: (Талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
7. Төрт түлікті ата: (Қой, түйе, сиыр, жылқы)
8. Ең асыл жан кім? (Ана)
9. Қазақша жыл басы? (Наурыз)
10. Әнұранның авторларын ата: (Сөзі: Нәжмеденов, Назарбаев. Әні: Ш. Қалдаяқов)
IY.Қорытынды:
Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.
Дүниедегі барлық ел тәуелсіздікке,ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез- келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін,ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуесіз ел болып қалсын десек,ең алдымен,ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.
Сабақ тақырыбы: «Ана тілім-асыл қазынам».
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік.
2. Өлең тақпақ, ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың тіл туралы алған білімдерін дамыту.
3. Өз ана тілін мемлекеттік тілді қастерлеуге басқа ұлттардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі : Тәрбие сағаты
Көрнекілік: «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз».
«Өз еліне деген шынайы махаббатты, өз тіліне деген сүйіспеншіліксіз елестету қиын». Туған тіліне жаны ашымаған адам-тағы хайуанмен тең».
Барысы:
1. Қазақстан мемлекеттік ән ұранын орындау.
Қайырлы күн! Қош келдіңіздер!
2. Кіріспе
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналықтың мәні терең. Экономикасы мен мәдениеті өркендеп келе жатқан тәуелсіз еліміздің алған асулары аз емес. Дегенмен білек сыбанып қолға алар мәселелерде жеткілікті. Солардың бірі мемлекеттік қазақ тілін жетік меңгерту. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Ата заңның 7 бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі» -деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының тілі-қазақ тілі болуы тарихи заңдылық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заң қабылдады. Онда мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең -кезеңімен көшіру көзделген. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тілін және мемлекеттік тілді құметтейді.
Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлықта болса, адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелдеуіне де қолғабысын аямауға тиісті. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал» -дейді Әбіш Кекілбаев атамыз.
Жүнісбек Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі- жүректің терең сырларын халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына деген».
-Ендеше, балалар бүгін сіздермен тілдер мерекесіне арнап «Ана тілім- асыл қазынам» атты тақырыпта тәрбие сабағын жарыс бойынша өз ой пікірлеуді ортаға салып бірге өткіземіз.
Сабақ үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің тапсырмалары әр түрлі және оқушыларды үш топқа бөлу (жалау). Әділқазы сайлау.
І. «Таныс болайық» - 6 сұрақ:
1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Қазақстанның тұңғыш ағартушылары кімдер?
3. Ел рәміздерін ата (авторлары)?
4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қай тіл? «Тіл туралы заң қашан қабылданды?
5. Қазақ тілінің жанашырлары болған бес арысымыз кімдер? (А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Торайғыров, М.Дулатов).
ІІ бөлім «Тіл-татулықтың тірегі»
Тіл өнер сайысы (өлең, тақпақ, ой пікір)
Қазақ, қазақ болғалы
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілінің
Мүмкін емес өлмегі.
Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә. Бүгін бізде ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қазіргі қоғамның тіл жайындағы, ой-пікірімен бөліскелі отырмыз.
-ӘН-
ІІІ бөлім «Сіз не десіз?»
Су түбінде жатқан тас-
Жел толқыса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады (Асанқайғы).
Бір қазағым өзге тілде бастайды
Екіншісі мақтана ол қостайды
(1 орыс-1 қазақ)
Қорытындылау. Ойын түрінде.
Шарты мынадай, біз сөздің басын айтсақ сендер ұйқастырып алып кетіңдер.
- ана тілін білмейтін адам
- ештеңе сезбейтін надан
- түк сезбеген балаң
- жақсылық көрме одан
- жүйрік тілді ақын бол
- жақсылыққа жақын бол
- достарыңмен тату бол
- дұшпаныңа қату бол
- ақындардың бірі бол
- туған елдің ұлы бол
- туған жердің гүлі бол
- азамат бол, ірі бол
Әділ қазыларға сөз беру.
Мадақтау.
Соңы. Кіршіксіз ардай сақтаңдар!
Қазақтың тілі ғаламат
Ұрпақтар! Атар ақ таңдар
Аманат, саған аманат!
Ең бастысы, тіліміз қасиетті қазақ тілі барша қазаққа біреу, мемлекеттк тіл, туған тіл-қазақ тілі жасасын!
Келесі кездескенше, ел аман, жұрт тыныш болсын! Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік ағайын.