7


  • Учителю
  • Алма Қыраубаева - әдебиеттанушы ғалым, кемеңгер ұстаз ғылыми жоба

Алма Қыраубаева - әдебиеттанушы ғалым, кемеңгер ұстаз ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ .............................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ



1 Алма Қыраубаеваның әдеби зерттеулері .....................................................5



2 Алма Қыраубаеваның ұлттық мектеп құрудағы педагогикалық

көзқарастары





2. 1 Алма Қыраубаева құрған ұлттық мектеп үлгісі .................................... 12



2. 2 А.Қыраубаева ұсынған ұлттық мектепке арналған «Сенім»

бағдарламасы..............................................................................................15





ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................24



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................25



























Аңдатпа

№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Құдайбергенова Алинаның «Алма Қыраубаева - әдебиеттанушы ғалым, кемеңгер ұстаз» атты ғылыми жобасы қазақ әдебиеті, оның ішінде ежелгі дәуір әдебиетінің майталман білгірі, жоғары оқу орнында сабақ берумен қатар ұлттық мектеп құрудың негізін қалаған кемеңгер ұстаз, жерлесіміз Алма Қыраубаеваның шығармашылық өмір жолы мен орасан зор еңбегін талдап, саралап, жүйелеуге арналған.

Жұмыстың мақсаты: Алма Қыраубаеваның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан өзіндік үлесін терең талдап, оның ұлттық мектеп құрудағы орасан зор еңбектеріне, педагогикалық көзқарастарына зерттеу жүргізіп, «Сенім» бағдарламасының өзіндік құндылықтарын айқындау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Алма Қыраубаеваның шығармашылық өмір жолы жан-жақты талданып, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне, әдебиетіміз бен мәдениетімізге, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Алма Қыраубаева еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ автор бағдарламасын мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

1. А.Қыраубаеваның ертедегі әдебиет саласына қатысты еңбектері сараланды;

2. Оның ұлттық мектеп құрудағы орасан зор еңбектеріне талдау жасалынды;

2. Педагогикалық көзқарастарына қатысты жарық көрген еңбектері жүйеленді;

3. А.Қыраубаеваның эксперименттік мектебі арқылы ұлттық тәрбие берудің артықшылық жақтары көрсетілді.

4. А.Қыраубаеваның авторлық «Сенім» бағдарламасының өзіндік құндылықтары айқындалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Ғалымның шығармашылық өмірімен терең танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, әдеби талдау, салыстыру әдістері қолданылған.















КІРІСПЕ



Зерттеудің өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында ұлтқа ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие қажет екенін қазақ зиялыларының арасынан алғашқылардың қатарында көтерген Алма Қыраубайқызы еді.

Қыраубаева Алма Мүтәліпқызы 1947 жылы мамырдың 26-да Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан бекетінде дүниеге келген. Алманың әкесі Мүтәліп - ақылды, айтыскер ақын, әзілқой кісі екен. Кеңшар бригадирі болғанымен, ел іші оны палуан, сері әрі жырау ретінде сыйлаған. Тұңғышы Алманы қасынан бір елі тастамай, жиын тойға да, аң аулауға да ертіп баратын болған. Ол жерлерде айтылған аңыз-әңгімелер мен қисса-дастандар болашақ ғалымға үлкен сабақ болады.

Менің бар бақытым - мамандығымды дәл таптым. Жалпы қабілетім мен бейімім мұғалімдікке сай келеді, - деп өзі айтпақшы, Алма Мүтәліпқызы өмірде өз орнын тапқан, ұзтаздық қасиеттердің бәрін бойына ұялатқан қазақтың қарапайым қызы болатын. Өз сөздеріне қарағанда, оның ұстаздық жолы сонау бала күндерінен басталған екен. Жоғары сыныпта оқып жүрген шағында оқу озаты ретінде төменгі сынып оқушыларына сабақ беріпті. Жастайынан сөз өнеріне жақын болып өскен Алма орта мектепті үздік бітіріп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оның білімге деген құштарлығын жазбай таныған ғұлама ғалым Бейсенбай Кенжебаев оны аспирантураға алып қалады. Аспирантура бітірісімен аталмыш оқу орнына қызметке орналасады.

Алма университетті бітіргеннен кейін барша өмірін ғылым мен ұстаздық жұмысқа арнайды. Бұл жолда ол өзін білімді ғалым, білікті ұстаз ретінде танытып, жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөлене білді. Әсіресе, қазақ әдебиеті мен бастау тегіне қатысты жүргізген табанды да тыңғылықты зерттеулеріндегі өзіндік ой-тұжырымдары мен тың пайымдаулары үшін әріптестері оны құрмет тұтты. Сол бағытымен 1974 жылы қазақ әдебиетінің ежелгі нұсқалары бойынша кандидаттық диссертация қорғаса, 1997 жылы қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы жайында докторлық еңбек жазып ғылым докторы атанады.

Ол жоғары мектеп студенттеріне арнап оқулықтар жазды, шәкірт тәрбиеледі. Оның саналы ғұмыры табанды, қажырлы еңбектен тұрды десек артық айтқандық болмас. Ол осы ғылыми жұмыстың бәрін отбасындағы әйелдің өмірі таусылмайтын, мәпелеп өсіріп отырған үш баласының тәрбиесімен ұштастырып атқара білді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғалым Алма қысқа ғұмырында аз еңбектенген жоқ, бірақ көп дүниесі баспа бетін көрмей кетті. Дегенмен, ол бірнеше ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік еңбектерді, көптеген ғылыми мақалаларды жазып шықты.

Қазақ мектебінің ұлттық дәрежеге жетуіне шет елдік тәжірибелерден гөрі өз ұлтымыздың қанға сіңген салт-дәстүрлерін пайдаланып, осы бағытта жұмыс жүргізіп жүрген педагог-ғалымдарымыздың іс-тәжірибелерін іске асыра алсақ ұтылмас едік. Мәселен, ұлттық мектеп үлгісін жасауға талпынып, алғаш рет экспериментальды мектеп ашқан (Гуманитарлық қазақ мәдениеті лицейі) қайраткер әдіскер-ұстаз Алма Қыраубаеваның осы жолда атқарған еңбектерін үлгі етуге болады. Заман қиындығына қарамастан ұлттық мектептің тұғырын қалауға жан-тәнін салып кірісіп және сол ойлағанын жүзеге асыруы - өз кезіндегі аса бір тапқырлық, көрегенділік деуге болады. Ол кісінің алдына қойған мақсаты: Қазақ құбылысы болып табылатын Азамат дайындау, қазіргі қазақ жастарының мінезін қалыптастыру, ұлтымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, заманға лайық «Тұлға» қалыптастыру. Негізгі бағыты «Әлем және Мен» кеңістігіндегі танымды меңгеру болғандықтан ең алдымен ұстаз бен шәкірт арасында адамгершілік қатынас, түсіністік, мәдениетті орта жасау. «Ал мұндай ортаны қалыптастастыру үшін алдымен шәкірттерді бұйығылықтан құтқарып, өзіне деген сенімін қалыптастыру керек. Адам баласының өзін-өзі қадірлей білуінің өзі де үлкен мәдениет. Әлемдік мәдениетке жетудің баспалдағы өзіңді игеруде жатыр», - дейді педагог-ғалым апамыз.

Зерттеудің мақсаты - Алма Қыраубаеваның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан өзіндік үлесін терең талдап, оның ұлттық мектеп құрудағы орасан зор еңбектеріне, педагогикалық көзқарастарына зерттеу жүргізіп, «Сенім» бағдарламасының өзіндік құндылықтарын айқындау.

Зерттеудің міндеттері

1. А.Қыраубаеваның ертедегі әдебиет саласына қатысты еңбектерін саралау;

2. Оның ұлттық мектеп құрудағы орасан зор еңбектеріне талдау жасау;

2. Педагогикалық көзқарастарына қатысты жарық көрген еңбектерін жүйелеу;

3. А.Қыраубаева эксперименттік мектебі арқылы ұлттық тәрбие берудің артықшылық жақтарын көрсету.

4. А.Қыраубаеваның авторлық «Сенім» бағдарламасының өзіндік құндылықтарын айқындау.























Негізгі бөлім



1 АЛМА ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ ӘДЕБИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ



Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қыраубаева қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінің бір арналы бұлағы болып табылатын көне дәуір ескерткіштерін зерттеген, сол дәуірдің бай әдеби мұраларының халықтың ғылыми қазынасына айналуына елеулі үлес қосқан зерттеушілердің бірі.

Кезінде бұл дәуір әдебиетінің түбегейлі зерттелуі керектігін қазақ әдебиеттану ғылымының алдына проблема етіп қойып берген ғалым Б.Кенжебаев екендігін айтқан А.Қыраубаева ежелгі әдебиетіміздің бұл дәуірін тұтас қарастыратын қазақ тілінде басылып шыққан арнайы зерттеудің жоқтығына тоқталған еді. Ол аталған дәуірдің жекелеген ескерткіштері 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқаларында», Б.Кенжебавтың «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері» (1974) атты кітабында, Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдерінде» (1969), «Ғасырлар поэзиясында» (1987) сөз болғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдебиетіміздің айырым дәуірлерін арнайы зерттеген М.Мағауин, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков еңбектерінде құнды пікірлер кездесетіндігін алға тартып, аталмыш ғалымдардың еңбектерінің қатарын өзінің «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты ғылыми зерттеулерімен, «Ежелгі әдебиет» (1996), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (2001), «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988) деген оқу құралдарымен толықтыруы өзіне кеңесші аға, кемел ұстаз болған профессор Б.Кенжебаевтың көне түркі әдебиетін зерттеуге қатысты айтқан ғылыми ұстанымының жалғастырушысы екендігін дәлелдеуі болса керек. Бұл туралы өзі де: «Еңбегімді профессор Бейсембай Кенжебаевтың жадымда мәңгі сақталатын жарқын бейнесіне арнаймын» деген болатын.

Көне түркі әдебиетін зерттеуді өзінің өмірлік мақсаты етіп алған А.Қыраубаева ҚазҰУ-де оқытушылық қызмет атқарып жүріп, Б.Кенжебаевтың басшылығымен «Қисас-и рабғузи» мен «Махаббатнаманың» идеялық көркемдік ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация қорғайды. Кейін бұл еңбегін «Ғасырлар мұрасы» (1988) деген атаумен монографиялық еңбек етіп жариялайды.

Ғалым бұл зерттеуінде ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі тайпаларының тарихи-әлеуметтік жағдайы, Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Каспий, Еділ жағалауын ежелден мекен еткен түркі халықтарының қоғамдық өмірі мен тарихында Шыңғысхан бастаған монғол-татар шапқыншылығымен байланысты оразан зор тарихи өзгерістің орын алуы, Шыңғысханның қазақ жеріне жорығы мен Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, қазақ жерінің Есүхей ұлы Темужиннің (Шыңғысхан) (1155-1227) ұрпақтарының арасында бөліске түсуі мен Сығанақ, Отырар, Үргеніш, Мерв, сондай-ақ, Бату, Сарайы, Берке Сарайы, Үргеніш, Азақ, Керьч, Судак, Маджар, Ясы (Түркістан), Сауран, Баршынкент т.б. тарихи қалалардың сол кезеңдегі шаруашылығы мен экономикасына тоқталып, олардың сауда, мәдени орталықтарға айналғандығы, Алтын Орда дәуіріндегі түркі әдебиеті өзіндік дәстүрі бар әлемдік әдебиетпен үндесе туған өрісті әдебиет екендігі туралы нақты тарихи мәліметтер бере отырып, кеңестік кездегі ғалымдардың көне дәуірге қатысты зерттеулерімен қатар, араб, парсы тарихшылары мен саяхатшыларынан алынған тың дереккөздерден, «Монғолдың құпия шежіресінен» сілтемелер келтіреді.

Ғалым бұдан әрі ХІV ғасырда өмір сүрген Насируддин Бурһануддин Рабғұзидің «Қиссас-ул-әнбия» («Пайғамбарлар қиссасы») атты әдеби шығармасы туралы баяндай келе, Алтын Орда дәуірі мұраларына жататын бұл туындыға сол кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық жағдайдың еткен әсеріне, туындының жанрлық табиғатына, ерекшелігіне, дәстүр мен жалғастығына тоқталады. Сондай-ақ, бір кездері әл-Фараби ден қойған Қайта өрлеудің ғылым-білімдегі жаңалықтарымен өнердегі көркемдік ізденістерінің әлем мәдениетінде таралуы, бір-біріне ықпал жасауы әсер еткендігін айта келе, мұның түркі әдебиетіндегі айқын белгілері ретінде Әли, Құтб, Сәйф Сараи туындыларында көне араб-парсы әдебиет үлгілерін өз заманының талабына лайықтап, жаңа мән-мағына үстеп, қайта жаңғырта жырлағандығын нақтылайды.

Ғалым ХІІІ-ХІV ғасырлардағы шығармаларға бір өлшеммен қарауға болмайтынын, бұл уақыттағы туындылардың бірқатары аудармаға жақын болса, бірақатарының нәзиралық сипаты басым, кей шығармаларда екі әдістің де қатар қолданылуы сезілетіндіктен, мұндай туындыларды «аударма-нәзира» деп айту шындыққа біршама жақын келетіндігін ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, еңбекте Рабғұзидің «Қиссас-ул-әнбия әдеби шығармасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік сипаттары жан-жақты ашылады. Ғалымның Алтын Орда дәуірі туралы зерттеген еңбегін жоғары бағалаған Р.Нұрғали аталмыш дәуір әдебиетін тексерген А.Қыраубаева ұстазы Б.Кенжебаевтың негізгі концепциясы мен басты тұжырымдарын дамыта түсті, жаңа фактілер арқылы айқындады, соны пікірлермен толықтырды десе (Телағыс. 1986), Х.Сүйіншәлиев өзінің «Қазақ әдебиеті тарихы» (1997) еңбегінде «Қисас-ул-рабғузи» өз зерттеушісін тапты деп оң бағасын берген болатын.

Жоғарыда аталған еңбегімен қоса баспасөз беттерінде жарық көрген «Шығыс-қазақ әдеби байланыстары», «Қисса жанры», «М.Әуезов және ежелгі әдебиет мәселелері» т.б. мақалаларында қазақ әдебиетінің шығыспен байланысына, нәзирагөйлік дәстүрдің шығу тегіне тереңірек үңіле отырып, көптеген қызғылықты деректер келтіреді. Бұл ғалымның Шығысты терең шұқшия отырып зерттегенін байқатты.

«Нәзира» дәстүрінің шығуы және ортағасырлардағы қиссашылардың көне әдебиетті жандандыру, ислам мәдениетін насихаттап, түсіндіру, түркі халықтарын біріктіру идеясын көздегенін айта келіп, А.Қыраубаева осы кезеңді «Түрік оянушылығы» деп атауға болады деген ой қорытады: «Нәзира дәстүрі бұрынғыны, ежелгі дәстүрді, сюжеттерді жаңғырту идеясынан шыққан. Бұл ежелгі замандардан Оянушылықтың негізгі белгілерінің бірі. Оянушылықтың төркіні - көне мәдениетті қайта тірілту. Осы дәстүр ислам мәдениеті аясындағы араб-иран және қытай әдебиеттерінде басталған уақытта, оны түрік әдебиеттері де қабылдап алып жалғастырды (ХІІІ-ХІҮ ғ.). Түрік ақындарының нәзирасы ежелгі мұсылман аңыздарын, антикалық ойшылдар идеясын жаңғырта отырып, түріктік мүддені көтеруді ұмытқан жоқ. Сондықтан да, нәзираның орта ғасырлардағы үрдісін тудырған күш - Түрік оянушылығы немесе Түрік Ренессансы дегенді бүгінгі таңда батыл айтуға болады» [1.].

Алма Қыраубайқызы ғалым Ө.Күмісбаевтың: «ХІХ -ХХ ғасыр басындағы әдебиетте ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы қисса-дастан дәстүріндегі әділ патшаны, тәуелсіздікті, адамшылықты, шынайы сүйіспеншілікті аңсау арналары ары қарай жалғасты. Осындай Шығыс шығармаларын, сюжеттерін, варианттарын қазақ топырағына әкелудегі қиссашы, дастаншылар жалғыз қиссаны ғана қуып кетпей, өздері де ірі білімпаздар болып, сан алуан тақырыптарға қалам тербеді, халықты өнер-білімге шақырды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, аудармашы және жырлаушы болды» [2.], - деген тұжырымдамасын ары қарай өрбітті. Осы дәуірдегі қазақ қисса-дастандарын жинақтай келгенде, оны жүйелеу мәселесінің әлі де бір ізге түсе алмай жатқандығын айтты.

«Қисса» жанры қазақ әдебиетінде кездейсоқ пайда болған нәрсе емес екенін және қазақ қиссалары өз бастауын түркі әдебиетінен алатыны жөнінде Б.Әбілқасымов былай дейді: «Түркі халықтары тілінде қиссалық әдебиеттің пайда болуы тікелей араб әдебиетінің әсерінен десек қателеспейміз. Өйткені түркі жазбаларында «қисса» деген сөзді алғаш рет Рабғузидің «Қиссасул-анбия» (Әулиелер тарихы) кітабының атынан кездестіреміз. [3.17].

«Қисса» - шым-шытырық оқиғаға құрылған ғашықтық тарихи-героикалық сипаттағы әңгіме аңыз түрінде келетін жазба әдебиеттің және фольклордың жанры. Бұл жанр Таяу және Орта Шығыста, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Арғы негіздері Фирдаусидің «Шаһнамасына», арабтың «Мың бір түн» ертегілеріне барып ұласады. «Қисса» сөзінің түп-төркіні арабша: «әңгіме, баяндау, оқиға, ертегі, мысал» деген ұғымдарды білдіреді» [4] - деп, қисса жанрына кеңінен сипаттама береді.

Қазіргі қазақ әдебиетінде «қисса» терминімен қатар «дастан» термині де қолданылып жүр. Әдебиетші ғалым Б.Әзібаева бұл шығармалардың өлеңмен жазылуы себепті «дастандар» деп аталу қажеттігін айтады[5]. Дастан - парсы сөзі, тарихи әңгіме, батырлық жыры деген мағынаны білдіреді. Ғалым Алма Қыраубаева «қисса» деп қолданғанды жөн санаған: «...бұл жанр көне дәуірлерден бері қарай қарастырылатындықтан, қисса деген атауды жөн көрдік. Өйткені ежелден қалыптасқан «қисса» сөзін алып тастаудың реті жоқ. «Қисса» осы жанрдың мағыналық жағынан айырмашылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты аңғартатын сөз деген ойдамыз»[1].

Түркі тілдес халықтарға ортақ көне жазба ескерткіштерінің бірі Хорезмидің «Мұхаббатнама» (1353) туындысы да ғалымның басты зерттеу нысаналарының бірі болды. А.Қыраубаева бұл шығарманы тың тума әдебиет үлгісіне жатқызып, оны түркі әдебиетінің ХІІІ-ХІV ғасырлардағы елеулі көркем туындысы әрі түркі халықтарының бәріне ортақ әдеби жәдігер екендігін нақтылайды. Зерттеуде ғалым «Махаббатнама» дастанының тарихына, зерттелуіне, таралған нұсқаларына



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал