7


  • Учителю
  • Казахская литература Улпан романы 9-класс

Казахская литература Улпан романы 9-класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін Келісемін Қаралды

Мектеп директоры Білім бөлімінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі

Қабылдин Қ.С. Ахметова Р.Б Хамзина Л.Т

_________________ ______________ _____________

















Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан (үзінді)





























Дайындаған:Жолдаякова Ж.Б

Тексерген:Хамзина Л.Т













2015-2016 оқу жылы

Күні: Пәні:қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан (үзінді)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту.

Дамытушылық: тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалай білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдына қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Оқытудың формасы: ұжымдық

Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі,сұрақ-жауап, талдау жұмыстары.

Көрнекілктері: интерактивті тақта. Кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Ой шақыру» әдісі арқылы жауап алу.

1. Ғ. Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2. Ғ. Мүсіреповтің әкесінің аты кім? Қандай отбасында туған?

3. Ғ. Мүсіреповтің ұстазы кім?

4. Ғ. Мүсіреповтің қандай әңгімелері бар?

5. Ғ. Мүсіреповтің пьесаларын ата.

6. Ғ. Мүсіреповтың қандай романдарын білесің?

7. Жазушының өз өміріне құрылған шығармасы.

8. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбына романтикалық сарынды кімдерден үйренді?

«Талқылай топтастыру» стратегиясы арқылы жаңа сабаққа кірісу.

«Ғабит Мүсірепов - ардақты ат!

Мүсіреповты мақтауды керегі жоқ,

Мүсіреповпен мақтану керек! » - деп, З. Қабдолов ағамыз айтқандай. Түсіндірме күнделігі» стратегиясы

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» - ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүзжылдық тұрмысы,әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы басты кейіпкер Есеней қалың керей-уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы би, атақты бай. Ерекше кейіпкердің бірі - Ұлпан.

- Балалар, сендер үйде роман мазмұнын оқып келген болатынсыңдар. Енді қазір романнан келтірілген сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар

1. Қашан «Ұлпан» романы жазылды?

Жауабы: 1974 жылы

2. Кім Ұлпанды қара жорғасына мінгізіп аттандырып жіберді?

Жауабы: Қаптаған қалың жылқының топтауына ұшыраған Үшқоңыр жайлауын қорғауға белі шойырылып, мүгедек болып, төсектен тұра алмай жатқан Артықбай батыр амалсыз он бес-он алты жасар өжет қызы Ұлпанды қара жорғасына мінгізіп жіберді.

3. Кім Есекейге жігіттің арызын айтқызбай келіп кетті?

Жауабы: аңшы Мүсіреп

4. Кім үлкендермен сөз таластырмай, басын төмен иіп, арызына жауап күтіп қалды?

Жауабы: жас жігіт үлкендермен сөз таластырмай, басын төмен иіп, арызына жауап күтіп қалды.

5. Кім өжет жастарды қатты ұнататын еді?

Жауабы: Есеней өжет жастарды қатты ұнататын еді.

6. Ұлпан дүниеден өткеннен кейін Торсанның халі қандай еді?

Жауабы: Торсанның үлкен ұлы Шоқан әкесінің зұлымдығына шыдамай, өзін-өзі пышақтап өлтіреді. 1920 жылы Торсанның өзі өліп, балалары қайыр тілеп, қаңғып кетті. Торсанның қыстауы ауырып бос қалды. Алланың «зауалға сауап» дегені осы да!

Мұғалім сөзі:

- Балалар, тақтада көрсетілгендей романның композициялық құрылысына талдау жасайық.

1. Романның басталуы Есенейдің көші

2. Романнның байланысуы Ескі доспен кездесу

3. Романның дамуы 1. Құдалық

2. Ел ісіне араласқан Ұлпан

3. Ұлпан көлі

4. Есенейдің қазасы

4. Романның шиеленісуі Ұлпанның шешімі

5. Романның шегі Біжікеннің ақырғы сөзі

6. Романның шешімі Пролог- жазушының естелігі



- Келесі тапсырмамыз, «Ұлпан» романындағы кейіпкерлерді тауып дәптерге жазайық:

Аға сұлтан.......................Есеней

Аңшы...............................Мүсіреп

Есенейдің жары..............Ұлпан

Есенейдің туған бөлесі..Тұрлыбек

Ұлпанның қызы.............Біжікен

Күйеу баласы.................Торсан

Асырап алған қызы........Жәукен



- Балалар, біз қазір сендердің шапшаңдықтарынды тексеру үшін «Семантикалық картада» берілген сөйлемдер арқылы кейіпкерлердің сөздерін табамыз.

- Қанекей, кім жылдам табады екен?

- «Молдеке, далаға шығып келейін, рұқсат па?» Ботпай

«Қыз баланы қор қылатын өзіміз ғой» Артықбай

«Апыр-ай, бұл кімнің қызы болды екен?» Мүсіреп

«Шекаралық комиссияға менің атымнан рапорт жазып қалдырарсың...» Есеней

«Жалғыз қызы - Ұлпанды маған тоқалдыққа берсін» Есеней

«Мен түйемен Меккеге кеттім» Ұлпан

«Апа, қызыңыздың орнына қыз әкелдім, өзіңіздің жақын сіңлілеріңіз». Торсан





Бекіту. Кейіпкерлерге хат жазу: Есеней Ұлпан Торсан

Қорытындылау. Рефлексия(гүлдер мен жапырақтарға сабақ барысындағы өз ойларын жазады



Үйге тапсырма: Ұлпан бейнесін Ғ. Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазылған шығармаларындағы аналар бейнесімен салыстырып жазу.

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал