7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты қазақ тілінде 'Отаным-бақыт мекеним' (6 сынып)

Тәрбие сағаты қазақ тілінде 'Отаным-бақыт мекеним' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ

ҚАШАҒАН АТЫНДАҒЫ №8 ОРТА МЕКТЕП» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


«Бекітемін»

МБТЖО

Еркегулова К.К. _______

Тәрбие сағаты



Өткізген: 6 «В» сынып жетекшісі

Ниязмағанбетова Шолпан Ахатқызы



2015/2016 оқу жылы

Тақырыбы: « Отаным - бақыт мекенім »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушылар тәуелсіздіктің қасиетін түсінеді.

Көрнекілігі: слайд, үнтаспалар, плакаттар т.б.


Жүргізуші: Құрметті ұстардар, оқушылар, ата- аналар!

Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай 6 «В» сыныбың өткізгелі отырған «Отаным- бақыт мекенім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазақ елінің басынан небір қиын жағдайлар өтті. Осы қиын кезеңдерден еліміз аман - есен өте білді. Әрине ол біздің ата бабаларымыздың маңдай терімен келген жеңісі, тәуелсіздігі, егемендігі. Осынау оқиғаладың бірі 1941-1945 жылдар аралығындағы «Ұлы отан соғысы».

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерленген құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұланы. Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Самал ескен жерін қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады. Ортаға Аймағанбетова Дельназ бен Баймухан Арайлымды шағырамын.

«День Победы»

День Победы, как он был от нас далек

Как в костре потухшем таял уголек

Были версты, обгорелые, в пыли

Этот день мы приближали как могли


Этот день Победы

Порохом пропах

Это праздник

С сединою на висках

Это радость

Со слезами на глазах

День Победы, День Победы, День Победы!


Дни и ночи у мартеновских печей

Не смыкала наша Родина очей

Дни и ночи битву трудную вели

Этот день мы приближали как могли


Этот день Победы

Порохом пропах

Это праздник

С сединою на висках

Это радость

Со слезами на глазах

День Победы, День Победы, День Победы!


Здравствуй, мама, возвратились мы не все

Босиком бы пробежаться по росе

Пол-Европы прошагали, пол-Земли

Этот день мы приближали как могли


Этот день Победы

Порохом пропах


Это праздник

С сединою на висках

Это радость

Со слезами на глазах

День Победы, День Победы, День Победы


Жүргізуші: (1986 жыл 17-18 желтоқсан Алматыдағы желтоқсан көтерілісі)

Өзің жайлы жазылар-ау мың дастан,

Қасиетті, қасіретті желтоқсан.

Рухы биік еліміздің жастары,

«Тәуелсіздік таңы» үшін айқасқан.


Желтоқсанды айтып өту парызым,

Сайрап жатыр тарихымда әр ізің.

Дүр сілкінтіп қазақ халқын танытты,

Сыпырып ап бұғауланған қамытты. - Ендеше ортаға Желтоқсан құрбандарына арналған "Лаула, лаула желтоқсаннын мұзға жаққан алауы!» өлеңін оқуға Досанов Жанарыс пен ақын Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ «ЗОБАЛАҢ» дастанынан үзінді оқитын Кубашева Құралайды шақырамын


АҚЫН Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ «ЗОБАЛАҢ» ДАСТАНЫНЫҢ

Сол кездегі жас ақын Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ 1986 жылғы 16-17-18 желтоқсан күндері орын алған әйгілі Желтоқсан қасіреті туралы Қазақстанда қанды оқиғаның ізі суымай жатып жазылып әрі жарияланған «ЗОБАЛАҢ» атты бұл тарихи дастанының мәтіні басылым беттерінде тұңғыш рет толық түрде жарияланып отыр (дастанның бір сағаттық радиоинсценировкасы 1990 жылдан бастап, «Азаттық» радиосынан сан рет берілген және сол жылы Түркияда түрік тіліне аударылып басылған, сол жылдары қазақ оқырмандарының ықыласына ерекше бөленген танымал туынды).


Қасіреттің көтере алмай қанатын,

Күндізде де басып тұрған қара түн.

Бүгінгідей көз алдымда, есімде,

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ он сегізі болатын.


Қазағымның шайқалғандай тірегі,

Расында, қарғыс атқан күн еді.

Оны ойласам, бір өксік жас кептеліп,

Өзегімді бір өкініш тіледі.


Тадырымыз түскен сынның тезіне,

Мөлт-мөлт етіп, жас келеді көзіме.

Оны ойласам, үрей билеп денені,

Әлі күнге келе алмаймын өзіме.


Әзер шыдап тұрмын қайрат төзіммен,

Моншақ-моншақ, жас тамады көзімнен.

Салы суға кеткен жұртты көремін,

Зор қайғыдан еңселері езілген.


ЖАҢА АЛАҢДА әскерлер тұр тас түйін,

Жауар бұлттай көңілімді басты мұң.

Ұлы Абайдың көшесінде шашылған:

Сыңар қолғап...сыңар етік...бас киім...


Құлағыма жеткендей ме азалы үн,

Ауды Абайдың келбетіне назарым.

Осы сәтте күңіреніп, ұлы адам,

Деп тұрғандай: "Қайран елім, қазағым!.."


Жүргізуші: (1991 жыл 29 тамыз Семей ядролық полигонның жабылуы)

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

с. Ұ. Есдәулетовтiкi ә. Т. Мұхамеджановтiкi «Заман-ай»

орындайтын Ізберген Дельназ

Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,

Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?

Мейiрiмге зарықтырған заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Туған жердiң ылайланды тұнығы.


Қайран елiм, қайран жерiм қор болған-ай,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.


Қираттық та ата-баба мазарын,

Қасiреттiң тарттық ендi азабын.

Қоң етiңдi ойып берген, заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Көсiлетiн көрпең қайда, қазағым?


Қайран елiм, қайран жерiм қор болған-ай,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.


Неге бiздер у iшемiз суаттан,

Неге бiздер ажыраймыз тұяқтан?

Туған жердi тоздырғанша, заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Неге жерге кiрмеймiз бiз ұяттан?


Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

Добавлено Roza Jalgasbay

Жүргізуші: 1991 жыл 16 желтоқсан Қ.Р Тәуелсіздік жөнінде конституция қабылданды. Тәуелсіздігімізді алған уақытта елбасымыз бен бекболат Тлеуханов «Елім менің» атты өлеңді жазды

Хор «Елім менің»

Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің.


Қазақстаным - жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім!

Бостандық еді - ау асыл арманың.

Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың- оу,

Берік болсын -ау босағаң.


Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке -бірлік қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.


Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің.


Қайырмасы:

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін.

Берекең мен бірлігің - оу,

Таси берсін - оу өрісің.


Жүргізуші: «Жылдар зымырап өтуде ...»

1991 жыл 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

1992 жыл - Қазақстан Республикасы БҰҰ- на мүше болып қабылданды.

1992 жыл - Мемлекеттік Рәміздер: Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.

1993 жыл қаңтар - Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.

1993 жыл 15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңге енгізілді.

1995 жыл 30 тамыз - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1996 жыл 16 желтоқсан - Алматы қаласында тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл - Ел астанасын Ақмола (Астана) қаласына көшіруі.

1997 жыл - «Қазақстан-2030: барлық қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы», Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

1998 жыл - Халықтар бірлігі мен Ұлттық тарих жылы.

1999 жыл - Қазақстан Республикасындағы алғашқы халық санағы.

2000 жыл - Мәдениет жылы.

2001 жыл - Қ.Р Тәуелсіздігінің 10 жылдығы.

2002 жыл - Денсаулық жылы.

2003 жыл - Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі болып өтті.

2003жыл - «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

2003-2005 жылдар - Ауылды дамыту жолдары.

2006 жыл - Қазақстан Республикасы Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді.

2008 жыл - Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.

2009 жыл - Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты халыққа Жолдауы.

2010 жыл - Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.

2011 жыл - Қазақстан Республикасының ИЫҰ-ға төрағалық етуі.

2011 жыл - Қ.Р Тәуелсіздігінің 20 жылдығы.

2012 жыл - «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2013 жыл сәуір - Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.

2014 жыл -

2015жыл 30 қараша - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.


Біздің БАҚЫТ мекеніміз осындай болмақ, біз ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ бақытты өмір сүрудеміз. ЭКСПО -2017 "Болашақ Қазақстан" "Болашақ менің қалам"

"Болашақ менің мектебім" тақырыптарына жоба мен постер қорғайды. Сөз соңында мұғалім қорытынды сөзін айтады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал